"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Бұрылбайтал - Күрті 1041+000 – 1121+000 километр (бұдан әрі – км) (KAZ01) I-б санатты республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде қолданылады;
2) Жол жүру келесі балама бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: облыстық маңызы бар "Сұңқар – Қаншеңгел – Топар – Құйған" автомобиль жолының учаскесі, "Топар – Ақжар" автомобиль жолы, "Қонаев – Бақанас – Қараой" автомобиль жолының учаскесі, сондай-ақ республикалық маңызы бар "Қонаев-Күрті" автомобиль учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 1041+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1121+000 км;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны– 2 жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 80 км;
7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 23 маусымдағы № 156 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылыстарының және басқа автомобиль жолдарымен түйісулерінің тізбесі
Қиылыстар мен түйісулер мекенжайы (бұдан әрі - км) + метр | Көзделген қиылысу мен түйісу бойынша елді мекендердің атауы |
Алматы облысы | |
Жамбыл ауданы | |
1056+530 км | Қаңшеңгел кенті, Топар кенті |
1065+740 км | Ащысу кенті, Шолақеспе кенті |
1089+000 км | Айдарлы кенті |
2348+000 км | Бозой кенті |
Іле ауданы | |
1121+000 км | Күрті кенті |
| Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 23 маусымдағы № 156 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Бурылбайтал – Күрті учаскесі 1041+000 – км 1121+000 км (KAZ01) Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске))
АЕК:
р/с № | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар | Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | ||||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | км 1041 - км 1077+975 (36,975 км) | 0,0310 | 0,0269 | 0,0785 | 0,0672 | 0,1550 | 0,1323 | 0,2325 | 0,1974 | 0,3121 | 0,2656 | 0,3885 | 0,3307 |
2 | км 1077+975 - км 1114+950 (36,975 км) | 0,0310 | 0,0269 | 0,0785 | 0,0672 | 0,1550 | 0,1323 | 0,2325 | 0,1974 | 0,3121 | 0,2656 | 0,3885 | 0,3307 |
3 | км 1114+950 - км 1121+000 (6,05 км) | 0,0051 | 0,0044 | 0,0129 | 0,0110 | 0,0254 | 0,0216 | 0,0380 | 0,0323 | 0,0511 | 0,0435 | 0,0636 | 0,0541 |
5 | Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (80 км) | 0,0671 | 0,0581 | 0,1699 | 0,1453 | 0,3354 | 0,2862 | 0,5031 | 0,4270 | 0,6752 | 0,5746 | 0,8407 | 0,7155 |
1) абоненттік төлем – бұл жергілікті автокөлік үшін абонемент түріндегі белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопойыздар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті автокөлік – ақылы учаскеге іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен бір ауданнан тысқары жерлерге көшкен кезде тіркелген автокөлік құралы.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
км – километр;
м – метр;
т – тонна.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 23 маусымдағы № 156 бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Алматы облысы | |
Жамбыл ауданы | |
1 | Ащысу кенті |
2 | Шолақеспе кенті |
3 | Айдарлы кенті |
4 | Бозой кенті |
