БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.
Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жоба паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама жолданады.
Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-ғы "жеке кабинетіне" жолданады.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.";
8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
|
А. Сапаров
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 253 бұйрығына қосымша Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына 8-қосымша |
"Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
19 (он тоғыз) жұмыс күні.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішанара автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойған инвестициялық субсидиялау шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі
|
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық өтінімді "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) береді.
Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған техника, машиналар мен жабдықтар бойынша көрсетілетін қызметті алушы "PDF (Portable Document Format)" форматында өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінімді (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) береді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға электрондық өтінімін береді.
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);
5) техниканы, машиналар мен жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
6) инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
7) Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берілген жағдайда, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растайтын құжаттарды қоса береді:
бизнес-жоспар;
дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар;
8) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
9) № 4 жобаның паспорты бойынша қосымша:
су шаруашылығы құрылысжайларына құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
шөл және шөлейт аймақтарға арналған құдықтар (ұңғымалар) бойынша – табиғи аймақтарға тиесілігін көрсете отырып, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтердің көшірмесі;
"Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға паспорт беруді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 170-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36439 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су алу ұңғымасының техникалық паспортының көшірмесі;
инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) құдықтарды (ұңғымаларды) салу және бұрғылау жөніндегі мердігер ұйымның қызметтеріне ақы төлеу фактісін, сондай-ақ оның қалыңдығы мен диаметрін көрсете отырып, құбырлардың құнын растайтын электрондық шот-фактуралардың, төлем құжаттарының көшірмелері;
мердігермен жасалған шарттың көшірмесі;
мердігердің топырақты бұрғылау жұмыстарының кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына, сондай-ақ топырақты далалық зерттеулердің кіші түрлері бойынша іздестіру қызметіне, гидрогеологиялық зерттеулерге лицензиялардың көшірмелері;
10) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы;
11) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы:
1414, 8 800 080 77 77.
|