БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.
Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жоба паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама жолданады.
Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-ғы "жеке кабинетіне" жолданады.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.";
8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 19 (он тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішанара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойған инвестициялық субсидиялау шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық өтінімді "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) береді. |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |