"Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39033 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244, бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық бюджетті жариялау орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде міндетті түрде ашық бюджеттердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпиялар туралы, әкімшілік рәсімдер, қоғамдық кеңестер туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптары сақтала отырып, "Азаматтық бюджет" жеке құрылған қойындыда жүзеге асырылады.";

      5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтық бюджетті қалыптастыру мен жариялауды:

      республикалық бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;

      республикалық бюджетті атқару сатысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

      жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында астананың әкімдігі, облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар;

      астананың әкімдігі, облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жергілікті бюджеттердің атқарылу сатысында бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар;

      бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;

      квазимемлекеттік сектор субъектілері алатын бюджет қаражаты бойынша қамтамасыз етеді.

      6. Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті және әрбір азаматтың қабылдауы үшін қолжетімді түрде жазылады, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады. Көлемді материалдар машина оқитын форматта ұсынылады (кестелер – Excel-де, мәтіндік материал – Word-та).";

      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық бюджетті жасау кезінде бюджеттік жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органдардың және мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, астана әкімдігінің, облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қала, аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет-ресурстарында (бұдан әрі – интернет-ресурстар) "Азаматтық бюджет" салымында Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы орналастырылады.

      9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, астана әкімдігі, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктері, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті жоспарлаудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

      республикалық бюджетті, астана бюджетін, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім және қалай жоспарлайды;

      республикалық бюджетті, астана бюджетін, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі;

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, астана әкімдігі, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қаланың әкімдіктері, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті атқарудың негізгі рәсімдерін көрсетеді:

      республикалық бюджеттің, астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын кім қамтамасыз етеді;

      түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджетті атқарудың негізгі кезеңдері;

      ұлттық ресурстарды пайдалану көздері мен бағыттары туралы ақпаратты;

      бюджет процесінің барлық кезеңдерінде бюджеттік сыныптамаға сәйкес егжей-тегжейлі деректер;

      Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі;

      есепті қаржы жылына бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жасалуы, қаралуы және бекітілуі көрсетіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Өңірдің негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi" деген кіші бөлім тиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге астана, облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейінде негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi, алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды деңгейі бойынша ақпаратты қамтиды.

      Жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жергілікті бюджет деңгейіндегі азаматтық бюджетке жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін ақпарат, жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мәліметтер және халық қатысатын бюджетті іске асыру жөніндегі ақпарат енгізіледі.

      Азаматтық бюджетке оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала бюджеті жобасына ревизиялық комиссиялардың алдын ала бағалау туралы ақпарат енгізіледі.";

      17-тармақтың мәтіні орыс тілінде өзгереді, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органның даму жоспарының көрсеткіштерін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша ақпаратты орындау нәтижелерін орналастыра отырып, "Бюджетті атқару сатысында" бөлімін жасайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әрбір азаматтың қабылдауы үшін қолжетімді нысанда нәтижелердің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін, халық пен ел үшін алынған пайда нәтижелері туралы, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражатты игеру (көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) түпкілікті алушы ел халқы болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша ақпарат, оның ішінде мектептер, ауруханалар, автомобиль жолдары құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асыру және басқа да объектілер, жұмыстар, қызметтер туралы, сондай-ақ жұмыс орындарын құру, жалақыны ұлғайту бойынша ақпарат енгізіледі) туралы ақпаратты да орналастырады;

      Жергілікті бюджеттер деңгейінде халық қатысатын бюджетті іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халық қатысатын бюджеттің іске асырылуы туралы ақпаратты орналастырады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Азаматтық бюджетті жариялау осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстары болмаған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің "Азаматтық бюджет" деген салымы жоғары тұрған бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.

      Пайдаланушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның "Азаматтық бюджет" деген салымы бойынша интернет-ресурстарға өзара сілтеме жасауға жол беріледі.

      Азаматтық бюджетті бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, астана әкімдігі, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қала әкімдіктері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері де ашық бюджеттердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.";

      26 және 27-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың, астана әкімдігінің, облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлімі бойынша ақпарат:

      есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі ай сайынғы ақпарат;

      тиісті жылдың 1-ші қыркүйегінен кешіктірмей жарты жылдық шолу;

      есепті қаржы жылындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарымен бір мезгілде тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткеннен кейінгі бір ай ішіндегі жылдық шолу орналастырылыды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлім бойынша ақпаратты тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін бір ай ішінде орналастырады.

      27. Қаржы жылының соңындағы борыштың жай-күйі туралы талдамалы ақпаратты қамтитын мемлекеттік борыш жөніндегі ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ресми интернет-ресурста орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады