ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші абзацтарын, 2-тармағының тоғызыншы, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, 3-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын, 5-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бесінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 22 маусымдағы № 590 Бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ашық үкіметтің компоненті;
2) Порталдың автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "цифрлық үкiмет" цифрлық объектісінің операторы ұсынатын және Порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқару үшін арналған қосымша;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "цифрлық үкiметтің" цифрлық объектісінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа қол жеткізудің "біріңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және Порталда жария талқылау үшін орналастырылады.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) пайдаланушы "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген;".
2. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қағидалардың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 33048 болып тіркелді) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаулылардың жобаларын әзірлеу Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актiлерi негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының талаптарына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы жобалары бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қажет.";
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қаулылардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 33104 болып тіркелді) бекітілген Қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі.
17. Қаулылардың жобалары заңнамада белгіленген құзыреттеріне орай мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ЖКЦЖ) электрондық құжаттар нысанында келiсiледi, бұл ретте қаулы жобасын келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаулы жобасында қаралатын мәселелердің нысанасы негізге алына отырып, сондай-ақ қаулы жобасында мемлекеттiк органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгiленедi.
18. Қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқаратын тұлғаның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылып куәландырылған қаулы жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды ЖКЦЖ-да электрондық құжаттар нысанында орналастырады және ЖКЦЖ арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Қаулы жобасын қағаз түрінде қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, норма шығармашылық процестің жекелеген субъектілеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларымен айқындалған тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз нұсқасын келісуге жіберілуге болады.";
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Конституцияға, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі – Әділет министрлігі);";
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға тиіс болса, цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қаулы жобасын қарау қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға ЭЦҚ пайдалана отырып, ЖКЦЖ-да жауап нұсқаларының бірін таңдайды:
1) ескертулерсіз келісілді;
2) қоса беріліп отырған ескертулермен келісілді;
3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тартуды дәлелді уәждеп, келісуден бас тарту туралы белгі қояды.
Қаулы жобасын ескертулермен келіскен кезде келісуші мемлекеттік орган ЖКЦЖ-ға орын алған ескертулер бойынша дәлелді негіздемелерді салады.";
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар қаулылардың жобаларын (Қазақстан Республикасының Құрылтай қарауына заңдарын енгізуді көздейтін қаулылардан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі.";
3. "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің деректемелері нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісудің цифлық жүйесінің (бұдан әрі – ЖКЦЖ) карточкасында және электрондық бланкіде орналастырылады.";
33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысының орынбасарының не тиісті жергілікті орган аппараты басшысының немесе әкімнің не оның міндетін атқарушы тұлғаның (бұдан әрі-басшы) ЭЦҚ-мен куәландырылған салыстырмалы кесте мен түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, электрондық құжат айналымы шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ЖКЦЖ арқылы келісуге жіберіледі.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Тіркеу алдындағы мемлекеттік заң сараптамасына әділет органдарына нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасы және оған қоса берілетін құжаттар ЖКЦЖ арқылы басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған *DOCX форматында қазақ және орыс тілдерінде жіберіледі.";
49-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Нормативтік құқықтық акт ЖКЦЖ арқылы қабылданады және автоматты түрде мемлекеттік тіркеуге жіберіледі.";
50-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган ЖКЦЖ арқылы басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға бірлескен нормативтік құқықтық актіні жібереді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Бірлескен нормативтік құқықтық актіні бірлескен автор қабылдауды оның ЖКЦЖ бойынша келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Әділет органдары заңның 35-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады және ЖКЦЖ бойынша мемлекеттік органдарға бас тарту себептерін көрсете отырып хат жібереді.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. ЖКЦЖ – та мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін нормативтік құқықтық Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице – министр) мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде автоматты түрде береді және электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі.";
63-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолданудың нәтижесінде қаржылық, кадрлық және ұйымдастыру-техникалық ресурстардың ең аз шығындары кезінде мемлекеттік реттеудің барынша тиімділігіне қол жеткізу.";
67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әртүрлі бұзушылықтарды болдырмаудың маңызды аспектісі Қазақстан Республикасы Конституциясының "Негізгі құқық, бостандық және міндеттер" деген II бөлімімен бекітілген негізгі құқықтарды, бостандықтар мен міндеттерді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және қабылдау кезінде осы Қағидаларды сақтау болып табылады.";
4. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 471 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқықтық мониторинг жалпы қолданыстағы нормативтік базаның тиімділігін бағалауға, сондай ақ нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын және терминологиялық бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.";
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;";
екінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) республикалық бюджетті бекіту, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, астана, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерге;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Құрылтайына жыл сайынғы жолдауларында, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілерде қамтылған ақпарат;";
12-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңнама саласын (кіші саласын) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі (тиісті жылдың есепті тоқсаны).";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық реттеудегі тұрақтылығы дәрежесін талдау;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Талдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Ретроспективті талдау деп қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге әсер еткен заңнама саласының (кіші саласының) нормаларына енгізілген тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды талдау түсініледі.
Ретроспективті талдаудың мақсаты - заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілерді енгізу нәтижесінде туындаған құқықтық салдарларды, оларды енгізуге негіз болған күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бағалау болып табылады.
Ретроспективтік талдау жүргізілетін кезең соңғы бес жылдан кем болмауға тиіс. Бұл ретте көрсетілген кезең заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) даму ерекшеліктеріне байланысты қысқартылуы мүмкін. Кезеңді қысқарту мемлекеттік орган тарапынан объективті себептер көрсетіле отырып негізделуге тиіс.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тұрақтылық дәрежесін талдау заңнама саласына (кіші саласына) кіретін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды олардың жиілігін, сипатын және орындылығын айқындау арқылы бағалауды білдіреді.
Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген формула негізінде айқындалады.";
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;";
28-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикалық бюджетті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, астана, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы НҚА толық, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық талдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын және терминологиялық бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Жергілікті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері есепті жылдың соңына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты заң қызметіне ұсынады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін Әділет министрлігіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептер жібереді.";
44-тармақ алып тасталсын;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары Әділет министрлігіне кадр және шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша жібереді.
Әділет министрлігі оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін тиісті актілерді сұратады.";
49-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша – Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу, тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Құрылтайына енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу;";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жылына кемiнде бiр рет анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Әдiлет министрлiгi жанындағы мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiн үйлестiру кеңесiнде құқықтық мониторинг нәтижелерiн қарайды.";
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 53 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 265) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібін айқындайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерін қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік органдар электрондық түрде Эталондық бақылау банкке жібереді және нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, Заңның 35-бабында көрсетілген.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары Эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖКЦЖ) арқылы жіберіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Электрондық түрде келіп түскен нормативтік құқықтық актілер цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен расталған электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру рәсімінен өтеді. Нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен мәтіні бір нормативтік құқықтық актіге тиесілігі тұрғысынан тексеріледі.
Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі цифрлық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік органдар құжаттың алынбауы туралы хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Эталондық бақылау банкіне нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) автоматтандырылған басқару жүйесі - әкімші мен оператордың автоматты жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған Эталондық бақылау банкінің электрондық түрдегі цифрлық жүйесінің кіші жүйесі;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) цифрлық жүйе - белгілі бір технологиялық әрекеттерді цифрлық өзара іс-қимыл арқылы іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
4) куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің сертификаттарының дұрыстығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға;";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік органдар жіберетін нормативтік құқықтық актілерге электрондық құжат айналымының жүйесінде, сондай-ақ ЖКЦЖ-та нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және нормативтік құқықтық акт туралы анықтамалық-ақпараттық деректерді қамтитын карточка (бұдан әрі – карточка) толтырылады.";
9– тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру цифрлық жүйе (бұдан әрі - жүйе) арқылы жүзеге асырылады, бұл жүйе үш кіші жүйеден тұрады:";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Эталондық бақылау банкі цифрлық жүйесінің "веб-портал" кіші жүйесі Интернет ортадағы барлық мүдделі адамдар үшін, соның ішінде заманауи мобильді құрылғылар (смартфондар, планшеттер және т.с.с.) арқылы жүйеге кірудің бірыңғай нүктесі болып табылады.";
11-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ Эталондық бақылау банкі цифрлық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы нормативтік құқықтық акт келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның деректемелерін және мәтіннің бір нормативтік құқықтық актіге тиесілілігін де тексереді.
Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі цифрлық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.";
12 – тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Эталондық бақылау банкі цифрлық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесіне қабылданған нормативтік құқықтық актіге нормативтік құқықтық акт туралы деректемелерді және ақпараттық-анықтамалық деректерді қамтитын тіркеу карточкасы толтырылады.".
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 22 маусымдағы № 590 Бұйрығына қосымша Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Құқықтық мониторинг жүргізу туралы есеп
__________________________________________________
(заңнама саласының (кіші саласының) атауы)
Құқықтық мониторинг нәтижелері заңнаманың секторын (кіші секторын) талдау нәтижелері бойынша құрылымдық және жинақталған ақпаратты қамтитын талдамалық есеп нысанында ұсынылады.
I. Кіріспе.
Заңнама саласының (кіші саласының) атауы:
Заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
Нысаналы топ:
Саласының (кіші саласының) сипаттамасы, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі мақсаттары мен міндеттері, реттеу объектісі мен субъектісі:
II. Заңнама саласын (кіші саласын) ретроспективті талдауы.
Бұл бөлімде тиісті салада (кіші салада) мемлекет құрған саясат, қабылданған шешімдер, іске асырылған новеллалар, заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) эволюциялық дамуын бағалау үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсету қажет.
Ретроспективті талдау тиісті саласын (кіші саласын) реттейтін заңдар немесе бөлімдер, тараулар және басқа да заңдар бойынша, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген заңдар (немесе олардың бөліктері) бойынша жүргізіледі.
Талдамалық анықтама:: ____________________
№ р/с | Талданатын заңнама саласының (кіші саласының) уақытша кезеңі | Заңның атауы | Тұжырымдамалық сипаттағы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды сипаттау (заңның құрылымдық элементтерін көрсете отырып) | Түзету негіздері және бастапқыда айтылған мақсаттар | Нақты салдары |
Қорытынды:_________________________________
III. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды талдауы.
Талдамалық анықтама: _________________
№ р/с | Мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжатының немесе өзге де жоспарлау құжатының атауы | Мақсаты (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатына немесе өзге жоспарлау құжатына сәйкес қол жеткізу қажет нәтиже) | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не іске асыру үшін қабылданған немесе әзірленетін мақсаттың атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып) | Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар) |
Мақсаттарға қол жеткізу құқығының нормаларын бағалау (нормативтік реттеу оларға қаншалықты қол жеткізуге мүмкіндік береді). |
Қорытынды:_________________________________
IV. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талдауы.
Талдамалық анықтама: _________________
№ р/с | Халықаралық шарттың атауы | Қазақстан Республикасының Міндеттемесі (халықаралық шарттың құрылымдық элементін көрсете отырып) | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не орындалуы үшін қабылданған немесе әзірленетін міндеттеменің атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып) |
Міндеттемелерді орындауға бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар) |
Қорытынды:_________________________________
V. Құқық қолдану практикасын талдауы.
Талдамалық анықтама: _______________
Бұл бөлімшеде құқықтық мониторинг субъектісі құқық қолдану және сот тәжірибесінің жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне, прокурорлық қадағалау актілеріне, ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарына мониторинг жүргізуге міндетті. кестені толтыру арқылы ұсынылған ақпаратты бір мезгілде растаумен, семинарлар және бір мезгілде растаумен басқа ақпарат көздері.
№ р/с | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі | Проблемалық сұрақтардың сипаттамасы | Ақпарат көздері | Қабылданған немесе қабылданған шаралар |
Қорытынды:_________________________________
VI. Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақтылығы.
Талдамалық анықтама: __________________
№ р/с | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің атауы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі | Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі |
Конституциялық Заңдар, Кодекстер, заңдар | ||||
1. | ||||
2. | ||||
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары | ||||
3. | ||||
4. | ||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары | ||||
5. | ||||
6. | ||||
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер | ||||
7. | ||||
8. | ||||
Саланың тұрақтылық дәрежесі: | ||||
Ескерту. Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық актілер түрлерінің тұрақтылығын мынадай формула бойынша қосу жолымен айқындалады:
Sжалпы.= SZ+SU+SPP+SV,
онда:
Sжалпы. – заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі;
SZ – конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саны) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі;
SU – Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі;
SPP – Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі;
SV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі.
Конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Sz = 5*Az/Bz
онда:
Az – конституциялық заңдарға, кодекстерге, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген конституциялық заңдардың, заңдардың саны;
Bz – конституциялық заңдардың, кодекстердің, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың жалпы саны;
5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Su= 0.5*AU /BU
онда:
Au – заңнаманың саланы (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының саны;
Bu – Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының жалпы саны;
0,5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Spp= 1.5*App/BPP
онда:
App – заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының саны;
Bpp – Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының жалпы саны;
1,5 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
Sv= 3*Av/Bv
онда:
AV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің саны;
BV – заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жалпы саны;
3 – нормативтік құқықтық акт түрінің коэффиценті.
Қорытынды: _________________________________
VII. Құқықтық талдауы
Талдамалық анықтама: _________________
№ р/с | Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылданған күні, нөмірі және атауы | Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі (бөлігі, абзацы, тармақшасы, тармағы, бабы) | Анықталған кемшіліктің сипаттамасы | Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын немесе қабылданған шаралар (оның ішінде нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қарама-қайшы нормалар | ||||
1. | ||||
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін нормалар | ||||
2. | ||||
Ескірген нормалар | ||||
3. | ||||
Сыбайлас жемқорлық нормалары | ||||
4. | ||||
Қайталанатын нормалар | ||||
5. | ||||
Құқық нормаларының олқылықтары | ||||
6. | ||||
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы | ||||
7. | ||||
Мәтіннің түпнұсқалығы мен терминалогиялық біркелкілігінің болмауы | ||||
8. | ||||
Басқаша (болған жағдайда) | ||||
9. | ||||
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны) | ||||
Қорытынды:_________________________________
VIII. Қорытынды тұжырымдамалар мен ұсыныстар.
Бұл бөлімде нормативтік реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдаудың болжамды мерзімдерін көрсете отырып, саланы құқықтық реттеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін өзге бөлімдерде ұсынылған ақпаратқа негізделген жүргізілген талдау қорытындылары көрсетіледі.
Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды қорытынды мен ұсыныстар мониторингтің әрбір кезеңдерінде жасалған барлық аралық қорытындылардың қорытындыларын қамтиды.
IX. Құқық нормаларының анықталған кемшіліктерін жоюға бағытталған шаралар бойынша ақпарат.
№ р/с | Актінің атауы | Әзірленген ұсыныс | Іске асыру мерзімі |
1. |
_______________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
