Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 шiлдеде № 33104 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 266) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Б. Омарбеков
     
      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2023 жылғы 12 шілдедегі
№ 135,
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 223 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 473 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Құқықтық актілер туралы" заң) 30-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заң) 4-бабына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына (бұдан әрі – халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми сараптама қорытындысы – жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелерін көрсететін, заңнаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат;

      2) сараптама комиссиясы – ғылыми сараптама жүргізу мақсатында құрылған құрамында кемінде екі сарапшы бар топ;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама – нормативтік құқықтық актілер жобаларында сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды анықтау мақсатында оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын шығара отырып зерттеу;

      4) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      5) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      6) уәкілетті ұйым – ғылыми құқықтық және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді үйлестіру, сондай-ақ ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      3. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми сараптама "Құқықтық актілер туралы" Заңда көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.

      Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми сараптамасы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңда көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық, ғылыми экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да сараптамалар жүргізіледі.

      Ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі – Парламент) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.

      Халықаралық шарттың соңғы нұсқасына олармен реттелетін қоғамдық қатыстарға қарай ғылыми (құқықтық, лингвистикалық және тағы да басқа) сараптама жүргізіледі.

      5. Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру:

      заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалары бойынша, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы бойынша – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі);

      халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобаларын қоспағанда, заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      6. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, уәкілетті ұйым, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.

      Ғылыми ұйымдар, сарапшылар ретінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы ғылыми сараптама үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

      7. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      8. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізу талаптары қолданыстағы заңнамада, осы Қағидаларда, Әділет министрінің нормативтік құқықтық бұйрықтарында, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шартта айқындалады.

      9. Ғылыми ұйым, уәкілетті ұйым, сарапшылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес:

      1) ғылыми сараптама жүргізуге, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша да барлық қажетті ақпаратты, материалдарды алады;

      2) уәкілетті органмен келісу бойынша олардың алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын өзге де мәселелер бойынша қорытындылар береді;

      3) әзірлеушілердің (әзірлеуші органдардың) статистикалық деректерін пайдалана алады (егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және әзірлеушінің статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс);

      4) егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін;

      5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ олардың алдына уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді;

      6) ғылыми сараптама жүргізу барысында өз кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және уәкілетті орган белгілеген мерзімде жояды;

      7) ғылыми сараптама жүргізу нысанасына, оның орындалу барысына және ғылыми нәтижелеріне қатысты мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      8) орындаған жұмысы үшін сыйақы алады;

      9) шартта белгіленген өзге де міндеттерді атқарады.

      10. Нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың жобалары немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша дербес және комиссиялық ғылыми сараптамалар, ал қажет болған жағдайда – қайталама және (немесе) қосымша ғылыми сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Бұл ретте заң жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама осы Қағидалардың 68-тармағында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      11. Қайта ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде және/немесе бастапқы ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша ғылыми сараптаманың қорытындысы негізсіз болған жағдайларда жүргізіледі.

      Егер халықаралық шарттың жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша ғылыми сараптама жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      12. Заң жобасына ғылыми сараптама жүргізу туралы шешімді:

      1) Президенттің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі – Премьер-Министр) тапсырмасы бойынша;

      2) уәкілетті орган;

      3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдануы мүмкін.

      Халықаралық шарт бойынша немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:

      4) Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша;

      5) Парламент депутаттарының бастамасы бойынша;

      6) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс беретін орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасын келісуді жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.

      Халықаралық шарт бойынша немесе халықаралық шарт жобасы бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:

      7) Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;

      8) Парламент депутаттарының бастамасы бойынша қабылдануы мүмкін.

      13. Заң жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуді оның әзірлеушісі (әзірлеуші орган) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру арқылы жүзеге асырады.

      Бұл ретте Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобалары олардың шешімімен ғылыми сараптамаға жіберіледі.

      Халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын ғылыми сараптама жүргізуге жіберу әзірлеуші органға жүктеледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      13-1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар жүргізу үшін әзірлеуші ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актінің жобасын және оған қоса берілетін материалдарды:

      1) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбасын;

      2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың негіздемесі жазылған салыстырмалы кестесін;

      3) баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте заң жобалары бойынша:

      1) заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеуші саясаттың консультативтік құжаты;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорты (бұдан әрі – паспорт);

      3) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржы есептерін (бар болса);

      4) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын (бар болса);

      5) зерделенетін мәселе бойынша статистикалық ақпарат (бар болса);

      6) ғылыми сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдар (бар болса) қоса орналастырады.

      Ескерту. 1-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      13-2. Парламент депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобалары электрондық жеткізгіштерде және оған қоса берілетін материалдарды:

      1) ресми бланкідегі ілеспе хатын;

      2) заң жобасына түсіндірме жазбасын (қазақ және орыс тілдерінде);

      3) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесімен заң жобасына салыстырма кестесін (қазақ және орыс тілдерінде);

      4) заң жобасын әзірлеуге бастамашылық жасаған Парламент депутаты/депутаттары қол қойған заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортын (қазақ және орыс тілдерінде);

      5) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржылық есеп-қисаптарды (бар болса);

      6) зерделенетін проблема бойынша статистикалық ақпаратты (бар болса);

      7) ғылыми сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдарды (бар болса) ғылыми сараптамалар жүргізуге жіберіледі.

      Ескерту. 1-тарау 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      13-3. Уәкілетті ұйымның, Ғылыми ұйымның, сарапшының сұрау салуы бойынша әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды ұсынады.

      Ескерту. 1-тарау 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен: жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      14. Әзірлеуші (әзірлеуші орган) ғылыми сараптама жүргізу үшін ұсынылған нормативтік құқықтық акт жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы мәтінінің нормативтік құқықтық актінің, халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының мәтініне сәйкестігін оны әзірлеу мен келісудің әрбір сатысында қамтамасыз етеді.

      15. Ғылыми сараптама қорытындысы ғылыми сараптаманың мәні бойынша ғылыми негізделген, толыққанды, объективті және дәлелді тұжырымдарды қамтуға тиіс.

      16. Егер ғылыми сараптама қорытындысының тұжырымдарына қатысты Әділет министрлігінде, әзірлеушіде (әзірлеуші органда) немесе ғылыми сараптама жүргізуге бастама жасаған тұлғаларда сұрақтар туындаған жағдайда, олар тиісті түсіндірмелер алу үшін сарапшыға, ғылыми ұйымға, уәкілетті ұйымға жүгіне алады.

      17. Ғылыми сараптама жүргізу үшін бірнеше нормативтік құқықтық актілер жобалары, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы ұсынылған жағдайда, уәкілетті ұйым, ғылыми ұйым немесе сарапшы әрбір нормативтік құқықтық актінің жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      18. Ғылыми сараптама қорытындысы сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның біліктілігі көрсетіле отырып, ғылыми сараптама жүргізген ұйымның ресми бланкісінде дайындалады.

      19. Ғылыми сараптама қорытындысына уәкілетті ұйымның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам және ғылыми сараптама жүргізген сарапшылар, ал ғылыми экономикалық сараптама бойынша - ғылыми ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам және сарапшылар қол қояды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      20. Үкімет бастама жасаған заң жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын қоспағанда, ғылыми сараптаманың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      21. Ғылыми сараптама қорытындысында нормативтік құқықтық актінің жобасына ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерімен және (немесе) ұсыныстарымен келіскен жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын пысықтау туралы шешім қабылдайды.

      Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда ғылыми сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында тиісті қорытындымен келіспеу негіздемелерімен дәлелді және негізделген себептерімен орналастыруға тиіс.

      Егер ғылыми сараптама қорытындысында әзірлеушінің (әзірлеуші органның) құзыретіне жатпайтын ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған жағдайда, әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды нормативтік құқықтық актінің жобасымен, халықаралық шартпен немесе халықаралық шарт жобасымен бір мезгілде ғылыми сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін жібереді.

      Халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын ратификациялау және (немесе) қол қою туралы құқықтық акт және ол бойынша ғылыми сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің не Әділет министрлігінің қарауына енгізілген кезде әзірлеуші орган халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша сараптама қорытындысында қамтылған ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелерін ұсынуға тиіс. Әзірлеуші орган тиісті дәлелдердің көшірмесін бір мезгілде уәкілетті ұйымға береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      22. Ғылыми сараптама ғылыми ұйым немесе уәкілетті ұйым заң жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және Уәкілетті ұйым заңға тәуелді құқықтық актінің жобасын ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасы уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық, ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаларды жүргізу мерзімдері нормативтік құқықтық актінің жобалары ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған кезден бастап есептеледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған күннен бастап, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйым ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.

      Қарыздар туралы халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми сараптама жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеушіге (әзірлеуші органға) осы Қағидаларға сәйкес дайындалған ғылыми сараптама қорытындысы жіберіледі.

      Ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми сараптамалардың қорытындылары ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Бұл ретте заң жобаларының лингвистикалық сараптамасының қорытындысы әзірлеушіге (әзірлеуші органға) электрондық түрде электрондық жеткізгіштерде жіберіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      24. Халықаралық шарттарға немесе халықаралық шарттардың жобаларына (ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда) ғылыми сараптамалардың өзге түрлерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

2-тарау. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібі

      25. "Құқықтық актілер туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар олармен келісу бойынша заң жобаларын әзірлеушілер болып табылады.

      26. Заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар екі топқа бөлінеді.

      Бірінші топтың сарапшысына қойылатын талаптар:

      1) "Құқық" мамандықтар тобы бойынша жоғары заңгерлік білім, ғылыми дәрежесі не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі;

      2) заңгер мамандығы бойынша кемінде бес жыл жалпы жұмыс өтілі.

      Екінші топтың сарапшысына қойылатын талаптар:

      1) "Құқық" мамандықтар тобы бойынша жоғары заңгерлік білім/академиялық дәрежесі;

      2) заңгер мамандығы бойынша кемінде он жыл жалпы жұмыс өтілі.

      Бірінші және екінші топтардың сарапшылары заңнамаға сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болады және тең құқықтық негізде ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылады.

      27. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) тұрған сарапшы немесе сараптама комиссиясы жүргізеді.

      28. Сарапшыға қойылатын талаптар және сарапшылар тізіліміне енгізу тәртібі туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      29. Сарапшы болуға кандидатты (бұдан әрі – кандидат) немесе сарапшыны сарапшылар тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту не алып тастау туралы шешімді Комиссия қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым қабылдайды.

      Комиссия құрамы уәкілетті ұйымның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия кандидаттардың құжаттарын кандидаттың сарапшыға қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, шартты бұзу негіздерінің болуы немесе болмауы тұрғысынан қарайды.

      Сарапшының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті ұйым қабылдайды.

      Комиссияның қорытындысы негізінде сарапшымен ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарт жасалады немесе бұзылады.

      30. Осы Қағидалардың 26, 50-тармақтарында сарапшыға қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар тізбесін толық ұсынбау кандидатты сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      31. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында:

      1) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталда оларды жария талқылау үшін орналастырған кезде;

      2) заң жобасына Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының ескертулері бойынша пысықтау нәтижесінде оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      Көрсетілген талаптар Парламентінің депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қолданылмайды.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      33. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      34. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      35. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      36. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      37. Сарапшының немесе уәкілетті ұйымның сараптама тобының соңғы мүшесінің заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алған кезі ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің басталуы болып есептеледі. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде сарапшыға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сарапшы уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартатыны және себептері туралы хабардар етеді.

      38. Сарапшы заң жобасын қарауға қабылдау немесе қабылдау мүмкін еместігі туралы, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту туралы уақтылы хабарламаған немесе хабарламаған жағдайда, уәкілетті ұйым заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды басқа сарапшыға жібереді.

      39. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      40. Сарапшы, сараптама комиссиясы осы Қағидаларға сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысын 10 (он) жұмыс күні ішінде береді. Ғылыми құқықтық сараптама қорытындысының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын сарапшы қамтамасыз етеді.

      Сарапшылардың бірі бірыңғай қорытындыда жазылған тұжырымдармен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін баяндай алады және оны бірыңғай қорытындыға қоса бере алады.

      41. Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес сарапшының немесе сараптама комиссиясының қорытындысын тексеруді жүргізіп, кейін оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      42. Заң жобасына қайталама ғылыми құқықтық сараптама осы Қағидалардың 37-тармағында айқындалатын заң жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу басталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      43. Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысында:

      1) сарапшының, сараптама комиссиясы мүшелерінің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), ғылыми дәрежесін (болған кезде), ғылыми атағын (болған кезде), әзірлеушінің атауын, уәкілетті ұйымның атауын, ғылыми құқықтық сараптаманың нысанасы мен мақсаттарын, заң жобасының атауын, оның межелі мақсатын, заң жобасының ғылыми құқықтық сараптама жүргізілген ғылым саласын және заң жобасының құрылымын, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарды қамтитын жалпы ережелер;

      2) заң жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы, оның ішінде заң жобасын қабылдаудың ғылыми негізділігі мен уақтылығын бағалау;

      3) заңның қабылдануы шешілуіне бағытталған проблемалық мәселелерді шешудің, оның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік практикада қолданылған барлық белгілі және тиімді тәсілдерін, тетіктерін, тәсілдерін сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатынастардың сабақтас салаларын және оларға заңды қабылдаудың салдары түрінде ықпал етуді сипаттау;

      4) қойылған проблемалық мәселелерді шешудің заң жобасында ұсынылатын әдістерін, тетіктерін, тәсілдерін, проблемалық жағдайларды шешудің қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарын талдау:

      заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция), жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін тексеру;

      заң жобасын қабылдаудың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және өзге де салдарын, оның ішінде әлеуметтік шиеленістің ықтимал тәуекелдері бөлігінде бағалау;

      заң жобасын қабылдауға байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алуға оның әсерін бағалау;

      заң жобасын қабылдауға байланысты гендерлік теңдік құқығына нұқсан келтіруге ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;

      заң жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;

      заңнамалық базаны жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;

      тиісті құқық саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;

      заң жобасында қамтамасыз етілетін анық немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;

      заң жобасынан туындайтын өзге де сұрақтарға жауап алу қамтылуға тиіс.

      44. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы ресми бланкіде ресімделеді және оған уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      45. Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар материалдарды жариялау жүргізілмейді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысын жариялау оны әзірлеушіге жіберумен бір мезгілде жүргізіледі. "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар материалдарды жариялау жүргізілмейді.

      46. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарттан туындайтын даулар, уәкілетті ұйымның әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау міндетті түрде сотқа дейінгі реттеуге жатады.

      Уәкілетті ұйым жанында өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейін қарау жөніндегі Наразылықты қарау кеңесі құрылады.

      Наразылықты қарау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, осы Қағидаларды басшылыққа алады.

3-тарау. Халықаралық шарттарға немесе халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібі

      47. Міндетті ғылыми құқықтық сараптама ратификациялауға жататын:

      1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;

      2) халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      48. Халықаралық шарттарды жасасу туралы ұсыныс беретін орталық мемлекеттік орган халықаралық шарттарды әзірлеуші орган болып табылады.

      Әзірлеуші органдар ғылыми құқықтық сараптамаға халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын жібереді.

      49. Халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама Әділет министрлігі заңдық сараптама жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      50. Халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын сарапшылар тізілімінде тұрған сарапшы немесе сараптама комиссиясы жүргізеді.

      Оның құрамына мынадай:

      1) жоғары заңгерлік білімінің;

      2) ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/"Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) бейіні бойынша доктор дәрежесінің;

      3) заңгер мамандығы бойынша кемінде үш жыл жалпы өтілінің болуы талаптарына сәйкес келуге тиіс сарапшылар кіреді.

      Ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге:

      1) "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/ "Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) жоғары заңгерлік білімі және магистр академиялық дәрежесі және заңгер мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар; немесе

      2) "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/ "Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) жоғары заңгерлік білімі/бакалавр академиялық дәрежесі және заңгер мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшы да тартылады.

      51. Сарапшыға қойылатын талаптар және Сарапшылар тізіліміне енгізу тәртібі туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      52. Кандидатты сарапшылар тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту не сарапшыны Сарапшылар тізілімінен шығару шешімі осы Қағидалардың 29, 30-тармақтарымен реттеледі.

      53. Уәкілетті ұйым әзірлеуші орган ұсынған халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының және оған қоса берілетін материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес тексереді.

      54. Әзірлеуші орган ғылыми құқықтық сараптама материалдарының толық тізбесін уәкілетті ұйымға ұсынбаған жағдайда, тиісті тапсырма болған жағдайда жұмыс тәртібімен жетіспейтін құжаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдауға құқылы.

      Бұл ретте әзірлеуші орган көрсетілген мерзім ішінде ғылыми құқықтық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым оларды қарамай қайтарады және әзірлеуші органды хабардар етеді.

      55. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша әзірлеуші орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды ұсынады.

      56. Халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы және оған қоса берілетін материалдар қабылданған жағдайда, уәкілетті ұйым ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізу үшін қажетті сарапшылар санын айқындайды, оларға электрондық түрде халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы, сондай-ақ қоса берілетін материалдар жіберіледі.

      Сарапшы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды зерделеуге және ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге сарапшының қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болмаған жағдайда, оларды қарауға қабылдайды.

      57. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде, сарапшы өзіне ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі), ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті ұйымды хабардар ете отырып, оны жүргізуден бас тартады.

      58. Сарапшының немесе сараптама комиссиясының соңғы мүшесінің уәкілетті ұйымды халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды қарауға қабылдағаны туралы хабардар еткен кезі ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің басталуы болып есептеледі. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде сарапшыға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 1 (бір) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сарапшы уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту себептері туралы хабардар етеді.

      Сарапшы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын қарауға қабылдау/қабылдау мүмкін еместігі туралы, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту туралы уақтылы хабарламаған/хабарламаған жағдайда, уәкілетті ұйым халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды басқа сарапшыға жіберуге құқылы.

      59. Қажет болған жағдайда ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін белгіленген мерзім уәкілетті ұйымды, Әділет министрлігін дереу хабардар ете отырып, әзірлеуші органмен келісу бойынша 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

      60. Сарапшы, сараптама комиссиясы ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысын 10 (он) жұмыс күні, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 6 (алты) күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде береді және оны уәкілетті ұйымға танысу және келісу үшін жібереді. Ғылыми құқықтық сараптама қорытындысының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын сарапшы қамтамасыз етеді.

      Сарапшылардың бірі бірыңғай қорытындыда баяндалған тұжырымдармен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін баяндай алады және оны бірыңғай қорытындыға қоса бере алады.

      61. Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде кейіннен оны әзірлеуші органға жібере отырып, осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес сараптама комиссиясының қорытындысын тексеруді жүргізеді.

      62. Қайталама немесе қосымша ғылыми құқықтық сараптама сарапшыға халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы мен оған қоса берілетін материалдар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      63. Халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға қағаз және электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде мынадай материалдарды:

      1) ресми бланкідегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы не әзірлеуші органның лауазымды адамы куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілген, қол қою тілдеріндегі халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) куәландырған мәтінін;

      3) қарыз алу туралы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын қоспағанда, Әділет министрлігінің заңдық сараптамасы қорытындысының көшірмесін ұсынады. Сарапшыға Әділет министрлігінің заңдық сараптамасы қорытындысының көшірмесін жіберуге жол берілмейді.

      64. Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысында мыналар:

      1) ғылыми құқықтық сараптама жүргізген сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ғылыми/академиялық дәрежесі (бар болса) және ғылыми атағы (бар болса);

      2) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілген ғылым салалары;

      3) уәкілетті ұйымның атауы;

      4) халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының атауы;

      5) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу кезінде пайдаланылған халықаралық шарттар мен құжаттар;

      6) ғылыми құқықтық сараптаманың нысанасы мен мақсаттары;

      7) негізделген ұсынымдар мен ұсыныстар;

      8) әзірлеуші (әзірлеуші орган) қойған сұрақтарға жауаптар;

      9) халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге байланысты өзге де мәселелер қамтылуға тиіс.

      65. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы ресми бланкіде ресімделеді және оған уәкілетті ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Қорытындыға уәкілетті ұйым басшысының немесе міндетін атқарушы адамның қойған қолы, шығыс нөмірі мен күні уәкілетті ұйымның қорытындыны жібергенін растайды.

      66. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарттан туындайтын, сондай-ақ сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тартуға шағым жасау туралы даулар осы Қағидалардың 46-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті түрде сотқа дейінгі реттелуге жатады.

4-тарау. Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу тәртібі

      67. Міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама:

      1) Заңдардың жобалары бойынша;

      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңдардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілмеуі мүмкін.

      Ғылыми лингвистикалық сараптама мынадай сатыларда:

      3) заңдардың жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен, Үкімет Аппаратымен келісілгеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін;

      4) халықаралық шарттар бойынша – олар ратификацияланғанға дейін немесе ратификациялау арқылы оларға қосылғанға дейін, ал халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      68. Халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің ескертулері бойынша халықаралық шарт жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      Қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама халықаралық шарт жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      69. Заң жобалары сондай-ақ оларға материалдарды әзірлеуші (әзірлеуші орган) ғылыми лингвистикалық сараптамаға уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.

      Халықаралық шарттарды немесе халықаралық шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға материалдарды әзірлеуші (әзірлеуші орган) уәкілетті ұйымға ғылыми лингвистикалық сараптамаға электрондық құжат айналымы арқылы және қағаз жеткізгіштерде жібереді. Бұл ретте электрондық нұсқалар қағаз жеткізгіштердегімен бірдей болуы және сол күні енгізілуі тиіс.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      70. Заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы:

      1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын;

      3) келісу парағының (pdf. форматында) көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      71. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына бастапқы ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті ұйымға:

      1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы не әзірлеуші органның лауазымды адамы куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілген, қол қою тілдеріндегі халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) куәландырған мәтінін;

      3) Әділет министрлігінің заң сараптамасы қорытындысының көшірмесін ұсынады.

      72. Парламент депутаттары бастама жасаған заңдардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін Әділет министрлігіне және (немесе) уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы:

      1) ресми бланкідегі ілеспе хат;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасы жіберіледі.

      73. Әділет министрлігі Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларын алғаннан кейін оларды ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті ұйымға жібереді.

      Бұл ретте ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі заң жобасы уәкілетті ұйымға келіп түскен кезден бастап есептеледі.

      74. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган мыналарды:

      1) Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу қажеттігі көрсетілген әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын;

      3) Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы бойынша материалдардың көшірмесін береді.

      75. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша әзірлеуші орган халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды беруі мүмкін.

      76. Әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға осы Қағидалардың 70, 71, 72, 74 тармақтарында көрсетілген ғылыми лингвистикалық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, жетіспейтін құжаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті тапсырма болған жағдайда жұмыс тәртібімен жолдауға құқылы.

      Бұл ретте әзірлеуші орган көрсетілген мерзім ішінде ғылыми лингвистикалық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуден бас тартады.

      77. Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу талаптары Әділет министрлігі мен уәкілетті ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта (бұдан әрі – шарт) айқындалады.

      78. Ғылыми лингвистикалық сараптама мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) уәкілетті ұйымның заң жобасын электрондық жеткізгіштерде, халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының материалдарын қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде электрондық құжат айналымы арқылы қабылдауы;

      2) заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;

      3) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын дайындау;

      4) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын электрондық құжат айналымы арқылы әзірлеушіге (әзірлеуші органға) жіберу;

      5) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын және оның материалдарын беру.

      Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      79. Заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуіне әзірлеуші (әзірлеуші орган) жауапты болады.

      80. Ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      Бұл ретте қарыздар туралы халықаралық шарттардың жобалары бойынша бастапқы ғылыми лингвистикалық сараптама күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      81. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды ұсынған келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      82. Ғылыми лингвистикалық сараптама сарапшысының жоғары филологиялық және (немесе) заңгерлік білімі немесе құқық және (немесе) халықаралық құқық және (немесе) филология және (немесе) аударма ісі (заңгер, аудармашы) салаларындағы жұмыс тәжірибесі және (немесе) филология және (немесе) құқықтану және (немесе) халықаралық құқық салаларындағы ғылыми дәрежесі болуға тиіс.

      83. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына жүргізілген ғылыми лингвистикалық сараптаманың нәтижелері бойынша ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы жасалады, онда уәкілетті ұйымның ғылыми лингвистикалық сараптаманың нысанасы бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылуға тиіс.

      Жобаны әзірлеушіде (әзірлеуші органда) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиісті түсіндірмелер алу үшін уәкілетті ұйымға жүгіне алады.

      84. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысында мынадай деректер:

      1) ғылыми лингвистикалық сараптаманың негізі;

      2) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мақсаты;

      3) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің әдістемелік негіздері;

      4) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу нәтижелері;

      5) қорытынды көрсетілуге тиіс.

      85. Ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы заң жобасы бойынша қазақ тілінде, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті ұйымның ресми бланкісінде дайындалады, оған оның басшысы не оны алмастыратын адам, ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізген сарапшылар қол қояды және уәкілетті ұйымның мөрімен расталады.

      86. Халықаралық шарттар немесе олардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта, ал Үкімет бастама жасаған заң жобалары бойынша міндетті сипатта болады.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

5-тарау. Заңдардың жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу тәртібі

      87. Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында:

      1) заң жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырған кезде;

      2) Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының ескертулері бойынша оны пысықтау нәтижесінде заң жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      88. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын және осы Қағидалардың 13-1-тармағында көрсетілген материалдарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.

      Сарапшының жоғары білімі және ғылыми дәрежесі, арнайы білімі, ғылыми экономикалық сараптама саласында тәжірибесі болуы тиіс.

      Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      89. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      90. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      91. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      92. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      93. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізудің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі мен ғылыми ұйым немесе сарапшы арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады.

      94. Қайталама ғылыми экономикалық сараптама заң жобасы және оның материалдары ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      95. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының қорытындысында мыналарды көрсету қажет:

      1) жалпы ережелер:

      әзiрлеушi;

      ғылыми сараптаманы жүргiзген ұйым арқылы тартылған ұйым және (немесе) тұлға;

      заң жобасының жалпы сипаттамасы;

      заң жобасының атауы;

      заң жобасының межелі мақсаты;

      заң жобасының құрылымы;

      заң жобасының жаңалығы;

      2) заң жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердi сипаттау;

      3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалық мәселелердiң шешiмін табудың барлық белгiлi және тиiмдi, оның iшiнде әртүрлi тарихи кезеңдерде, халықаралық практикада қолданылған тәсiлдерiн, тетіктерін, жолдарын сипаттау;

      4) алға қойылған проблемалық мәселелердiң шешімін табудың заң жобасында ұсынылатын тәсiлдерiн, тетіктерін, жолдарын, проблемалық жағдайларды шешудiң қандай да бiр тәсiлдерiн қабылдаудың ықтимаал салдарын талдау, оның iшiнде жоба ережелерiнiң макроэкономикалық тиiмдiлiкке, әлеуметтiк дамуға, кәсiпкерлiктiң дамуына, саланың және (немесе) елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне ықпал етуiн бағалау;

      5) жалпы тұжырым.

      96. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      97. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

6-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      98. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама:

      1) нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар) анықтау;

      2) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

      99. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейтін заңнамалық актілердің жобаларын Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізу жағдайларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Парламенттың қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары және осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жүргізіледі.

      100. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап жобаларға қолданылмайды:

      Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтары;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерін;

      Парламенттің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулылары;

      заң актілерінің жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына және Президент жарлықтарының жобаларын Президенттің қарауына енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының;

      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын;

      нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің;

      тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы шешімдер қабылдауды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеуді (алып тастауды), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді;

      әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, олардың атаулары мен атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілер;

      республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер;

      барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер, Бірыңғай бюджеттік сыныптама және Түсімдерді бөлу кестесі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілерді;

      республикалық және облыстық бюджеттер, Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілер;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді;

      мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын, сондай-ақ "қызметтік пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбай", "баспа үшін емес" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді;

      уәкілетті органдардың басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілер;

      үлгілік және ұқсас нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген немесе жоғары тұрған нормативтік құқықтық актіге (негізгі ұғымдар, заң техникасы және т.б.) тура сәйкестендіруге бағытталған қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      101. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру ұйымдастырушыға жүктеледі.

      102. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларға ақы төлеу келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

7-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын субъектілер

      103. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы ұйымдастырушы қалыптастыратын сарапшылар тізіліміне қосылған сарапшылар жүргізеді.

      104. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру уәкілетті ұйымға жүктеледі.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      105. Уәкілетті ұйым конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартады, олардың кандидатураларын сарапшылар тізіліміне енгізу үшін ұйымдастырушыға жібереді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеушілер мен сарапшылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

      Сарапшыларды конкурстық іріктеуді өткізу тәртібін ұйымдастырушы бекітеді.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      106. Сарапшы келесі талаптарға сай болуы керек:

      1) жоғары білімнің болуы;

      2) сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі не ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда, ол бойынша сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі сарапшы;

      3) өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы;

      4) соңғы 3 жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаның болмауы;

      5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан шығарудың болмауы;

      6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылықтың болмауы.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

8-тарау. Сарапшыларды тізілімнен шығару тәртібі

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

9-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама түрлері

      109. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушы мен Уәкілетті ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      110. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшының құқықтары мен міндеттері, сарапшының қызметтеріне ақы төлеу шарттары, шарттық қатынастарды бұзу үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Уәкілетті ұйым мен сарапшы арасында жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған шартта (бұдан әрі-үлгілік шарт) айқындалады.

      Уәкілетті ұйым сарапшымен осы Шартта көзделген негіздер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған Шартты бұзуға құқылы.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      111. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу кезінде сарапшының қызметіне араласуға жол берілмейді.

      112. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу кезінде деректерді дәлірек талдауға және жасырын сыбайлас жемқорлық байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді өңдеу және талдау үшін үлкен көлемдегі ақпарат пен алгоритмдерді пайдалануға негізделген цифрлық шешімдер элементтері бар тәсілдер қолданылуы мүмкін.

      113. Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қоғамдық талқылау кезеңінде жүргізіледі.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      114. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      115. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қайта ғылыми сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қайта ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі:

      1) Президент Әкімшілігінің және (немесе) Үкімет Аппаратының ескертулері мен ұсыныстары бойынша;

      2) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, әділет органдарының ескертулері мен ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      116. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар интернет-порталда орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптаманы нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастапқы ғылыми сараптаманы жүргізген сарапшы немесе сарапшылар тобы жүргізеді.

      Ескерту. 116-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      117. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      118. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.
      119. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      120. Уәкілетті ұйым осы нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыны немесе сарапшылар тобын айқындайды. Бұл ретте, уәкілетті ұйым осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан сарапшыны нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге тартпайды.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар материалдарды жариялау жүргізілмейді.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      121. Нормативтік құқықтық актінің жобасын және оған қоса берілетін материалдарды Уәкілетті ұйым сарапшыға немесе сарапшылар тобына жібереді.

      Сарапшы Уәкілетті ұйым белгілеген мерзімде уәкілетті ұйымға нормативтік құқықтық актінің ұсынылған жобасының жұмысқа қабылданғаны туралы не өзінен бас тарту себептерін көрсете отырып, өздігінен бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      122. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге келісім берген сарапшы Уәкілетті ұйым белгілеген мерзімнен кешіктірмей нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысын дайындайды және оны келісу үшін уәкілетті ұйымға жібереді.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      123. Уәкілетті ұйым орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде қорытындыны тексеруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда сарапшының немесе сарапшылар тобының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың дайындалған қорытындысын пысықтауы туралы мәселені шешеді.

      Сарапшы немесе сарапшылар тобы Уәкілетті ұйымның ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, Уәкілетті ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасын басқа сарапшыға жіберуге құқылы.

      Сарапшы немесе сарапшылар тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында қамтылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлық нормаларын жою бойынша өздері дайындаған ұсынымдардың негізділігіне жауапты болады.

      Егер Уәкілетті ұйым сарапшының немесе сарапшылар тобының ұсынымдарымен келіспесе, ол нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша ерекше пікір білдіруге және оны сарапшының немесе сарапшылар тобының қорытындысына қоса беруге құқылы.

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      124. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мәні бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, толық және объективті тұжырымдар жазылуға тиіс.

      Сарапшылардың біреуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында жазылған тұжырымдармен келіспеген жағдайда тиісті сарапшы ерекше пікір білдіруге және оны сарапшылар тобының қорытындысына қоса беруге құқылы.

      Әр сарапшының ұсыныстары мен ескертулері сараптаманың жиынтық қорытындысында тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіле отырып белгіленеді.

      125. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) сарапшының, әзірлеушінің деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары, нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, оның мақсаты мен құрылымы қамтылатын жалпы ережелер;

      2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы;

      3) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалардың сипаттамасы;

      4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтималдығы бөлігінде нормативтік құқықтық акт жобасының нормаларын қабылдау салдарын бағалау;

      5) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдар.

      126. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      127. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы оны дайындаған сарапшының немесе сарапшылар тобының деректері көрсетіле отырып, қазақ және орыс тілдерінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      128. Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қарайды және мынадай әрекеттердің бірін қабылдайды:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысының ұсынымдарымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бұл ретте, қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ақпаратты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады;

      2) егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында әзірлеушінің құзыретіне жатпайтын ұсынымдар қамтылған жағдайда, әзірлеуші қорытынды түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды нормативтік құқықтық актінің жобасымен бірге тиісті ақпаратты пысықтау және ұсыну үшін сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға жібереді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және әзірлеушіден нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдар осы ұсынымдарды қарауға және әзірлеушіге тиісті ақпаратты беруге міндетті. Әзірлеуші мемлекеттік органдардан ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады;

      3) ұсынымдармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей себептерін көрсете отырып ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ұстанымын орналастырады.

      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      129. Уәкілетті ұйым ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелерімен әзірлеушілердің орналастырылған позицияларына талдау жүргізеді және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде жүргізілген талдау қорытындыларын ұйымдастырушыға жібереді.

      Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      130. Нормативтік құқықтық актінің жобасы Үкіметтің, әділет органдарының қарауына енгізілген кезде әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелері бар ұстанымын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.12.2024 № 1056, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.12.2024 № 113 және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 27.12.2024 № 277 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрықтарымен.

      131. Нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысын дайындаған сарапшы немесе сарапшылар тобы әзірлеушінің сарапшылардың ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, аталған жоба қабылданғанға дейін оны барлық сатыларда сүйемелдейді.

      Сарапшы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеудің және қабылдаудың кез келген сатысында келісуші мемлекеттік органға немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын органға ол бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың нәтижелерін негіздейді.

      Қажет болған кезде әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысын дайындаған сарапшымен немесе сарапшылар тобымен консультациялық кездесу өткізеді.

10-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      132. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі - конкурстық іріктеу) Уәкілетті ұйым ұйымдастырады және жүргізеді.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      133. Конкурстық іріктеуге қатысуға Қағидалардың 106-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

      134. Конкурстық іріктеуден өткен сарапшылардың кандидатураларын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) қосу үшін ұйымдастырушыға жіберіледі.

      135. Уәкілетті ұйым басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен конкурстық іріктеу өткізу үшін конкурстық комиссия қалыптастырылады, конкурстық комиссияның хатшысы айқындалады.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      136. Конкурстық комиссия ол конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарап, тестілеуді жүргізетін және сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және сарапшыларды іріктеуді жүзеге асыратын алқалық орган болып табылады.

      137. Конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері Конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері Конкурстық комиссияның жұмысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ кемінде бес адам.

      138. Конкурстық комиссияның құрамы үйлестірушінің, ұйымдастырушының және қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) өкілдерінен құрылады.

      139. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын және дауыс беруге қатыспайтын уәкілетті ұйымның қызметкері конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      140. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық іріктеуге қатысушы тұлға кіре алмайды.

      141. Уәкілетті ұйым мүдделер қақтығысын болғызбау жөнінде жан-жақты шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      142. Конкурстық іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті ұйымның және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау;

      2) конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;

      3) конкурстық комиссияның конкурстық іріктеуге қатысушылар құжаттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарау;

      4) сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлерге тестілеу өткізу;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын дайындау түріндегі жазбаша емтихан;

      6) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      143. Конкурстық іріктеуге қатысушылар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды берген тұлғалар болып табылады.

      144. Сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлер (бұдан әрі – үміткерлер) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 110-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін және конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілген конкурстық іріктеуге қатысушылар болып табылады.

      145. Үміткерлер конкурстық іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен өткен жағдайда, конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне (тестілеу өткізу, әңгімелесу) жіберіледі.

      146. Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген конкурстық іріктеу жүргізетін уәкілетті ұйымның атауы;

      2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі өлшемшарттар;

      3) құжатты қабылдау конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      4) осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі.

      Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      147. Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдауға жауапты уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесіне мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына еркін нысанда өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін);

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін);

      5) болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін).

      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      148. Конкурстық іріктеуге қатысушылар осы Қағидалардың 147-тармағында санамаланған құжаттарды конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген уәкілетті ұйымның электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады.

      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      149. Конкурстық комиссия конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарауды құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.

      150. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды.

      151. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды не рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады.

      Үміткердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес болмауы рұқсат беруден бас тартудың негізі болып табылады.

      152. Құжаттардың толық емес топтамасын немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну уәкілетті ұйымның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      153. Конкурстық комиссияның хатшысы тестілеуден, әңгімелесуден, жазбаша емтиханнан өту кестесін, сондай-ақ тестілеуге, әңгімелесуге, жазбаша емтиханға жіберілген кандидаттардың тізімдерін жасайды, олар уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      154. Конкурстық комиссия хатшысы тестілеуге жіберілген үміткерлерді осы Қағидалардың 106-тармағында көрсетілген Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және тестілеу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, тестілеуді өткізу күні туралы хабардар етеді.

      Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және (немесе) үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      155. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын электрондық поштамен берген үміткерлер осы Қағидалардың 147-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалды куәландырылған көшірмелерін тестілеу басталуға бір сағаттан кешіктірмей, салыстырып-тексеру үшін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 147-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, үміткер тестілеуге жіберілмейді.

      156. Үміткер нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді көздейтін қызмет саласындағы (салаларындағы) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өтеді.

      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      157. Тестілеуге арналған сұрақтар Уәкілетті ұйым басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және жария етілуге жатпайды.

      Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      158. Үміткерлерді тестілеу жазбаша немесе электрондық нысанда 90 (тоқсан) минут ішінде жүргізіледі және 50 (елу) сұрақтан тұрады. Үміткерлер үшін тестілеуден өту мәні кемінде 40 (қырық) дұрыс жауапты құрайды.

      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      159. Тестілеуден сәтті өткен үміткерлермен жазбаша емтихан тестілеу қорытындылары шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      Жазбаша емтиханның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша сарапшының практикалық дағдыларын бағалау болып табылады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы жазбаша емтиханға жіберілген үміткерлердің электрондық мекенжайларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы тапсырмасы бар нормативтік құқықтық актінің жобасын жібереді. Нормативтік құқықтық актінің жобасы конкурстық іріктеуге қатысушыларды жазбаша емтиханға жіберу туралы конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын дайындауға екі жұмыс күні беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы уақтылы ұсынылмаған жағдайда үміткер конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді.

      Конкурстық комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің қорытындыларын бағалайды. Үміткерлердің ұсынылған қорытындыларын бағалау бес балдық шкала бойынша жүргізіледі және үміткерлермен әңгімелесу парақтарына енгізіледі.

      Жазбаша емтиханның қорытындылары конкурстық комиссияның үміткерлердің қорытындыларын бағалауы аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күні шығарылады.

      160. Жазбаша емтиханнан сәтті өткен үміткерлермен әңгімелесу бекітілген кестеге сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      161. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген үміткерлерді тестілеу өткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күн туралы хабардар етеді.

      Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және (немесе) үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      162. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны уәкілетті ұйым айқындаған жерде, оның ішінде уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылатын кестеге сәйкес бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      163. Конкурстық комиссия хатшысы әңгімелесу алдында үміткерлерді алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.

      164. Әңгімелесу процесінде үміткерге кәсіби сұрақтар, сондай-ақ ахуалдық тапсырмалар беріледі.

      165. Үмтікерлердің жауаптарының бағалары бес баллдық межелік бойынша жүргізіледі және үміткерлермен әңгімелесу парағына енгізіледі.

      166. Әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы үміткерге ескертіле отырып тіркеледі.

      167. Конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, тестілеудің нәтижелерi жазбаша емтихан және жауаптардың сапасы негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан сарапшылар тізіліміне ұсыну үшін үміткерлерді iрiктеудi жүзеге асырады.

      Үміткерлермен әңгімелесу барысы хаттамада көрсетіліп, Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қолдар қояды.

      168. Конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) сарапшылар тізіліміне енгізу туралы;

      2) сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тарту туралы.

      169. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп саналады.

      170. Конкурстық комиссия құрамына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, үміткер оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      171. Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін ұсынылған сарапшылар кандидатураларының тізімі уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 171-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      172. Конкурстық комиссияның шешiмiне сот тәртібімен шағым келтірілуі мүмкін.

      173. Тізілім үнемі жұмыс істейді, оған қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      Оған қосымша сарапшыларды қосуды көздемейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізілімін қайта бекіту конкурстық рәсімдерді қайта өткізбей жүзеге асырылады.

      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

11-тарау. Сарапшыларды тізілімнен шығару тәртібі

      Ескерту. 11-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      174. Уәкілетті ұйым растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сарапшыны тізілімнен шығару үшін ұйымдастырушыға ұсыныс береді.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      175. Уәкілетті ұйым тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі күннің 10 (он) күніне дейін ұйымдастырушыға үлгілік шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алып тастауға жататын сарапшылар туралы мәліметтерді ұсынады.

      Бұл ретте уәкілетті ұйым алып тастау үшін негіз болатын сарапшы тарапынан бұзушылық фактісін құжаттайды.

      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      176. Сарапшыларды сарапшылар тізілімінен шығаруды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 177-тармағының және үлгілік шарттың 22-тармағының негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      177. Уәкілетті ұйым ұйымдастырушыға негіздемені (материалдарды) қоса бере отырып, сарапшыны сарапшылар тізілімінен шығару туралы ұсыныс жібереді:

      1) сарапшымен біржақты тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу шартын бұзу;

      2) сарапшының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуден бас тартуы;

      3) сарапшының қайтыс болуы;

      4) сарапшының өзі бастамашылық жасаған оны сарапшылар тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарламаны қамтиды.

      Ескерту. 11-тарау 177-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

  Ғылыми сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу,
сондай-ақ ғылыми
сарапшыларды іріктеу
қағидаларына
1-қосымша

Ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысыныңәлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт

      *Паспорттың бөлімдерін толтыруға толық нұсқаулық қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда берілген

1. Жалпы ақпарат

Әзірлеуші мемлекеттік орган


Заң жобасының атауы


Әзірлеуші – орындаушының байланыс ақпараты

Т.А.Ә. (болған жағдайда):
Лауазымы:
Тел.:
Электрондық пошта мекенжайы:

Заңнама саласы


Құқықтық реттеу мәні


2. Заң жобасын әзірлеудің негізділігі және уақтылылығы

2.1 Заң жобасы шешуге бағытталған проблема
(Проблема айқындалуға және барынша нақты тұжырымдалуға тиіс. Шектен тыс кең көлемде не нақты емес тұжырымдаудан аулақ болған дұрыс)
Проблеманы тұжырымдау:
Проблеманың сапалық және сандық сипаттамасы:
(проблеманың мәнін және ауқымын: аумақтық және салалық қырларда сапалы ашу, сондай-ақ проблеманың дамуының қарқыны туралы ақпарат беру: уақыт өте келе проблеманың ұлғаюы, азаюы немесе маңыздылығының өзгермеуі)
Проблеманың болуына байланысты туындайтын теріс әсерлер:
(зиян келтірілгені, оның ақшалай мәндегі мөлшері туралы мәліметтерді; азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы сандық мәліметтерді; реттеудің болмауы салдарынан әрекеттерді, функцияларды не көрсетілетін қызметтерді алудың мүмкін еместігі туралы мәліметтерді (деректер және залалды, жіберіп алған пайданы бағалау және басқалар); азаматтар мен ұйымдардың өтініштері, шағымдары туралы деректерді және т.б. ұсына отырып, проблеманың болу салдары болып табылатын теріс әсерді сипаттау)
Өзіне қатысты проблема қозғалатын тұлғалар:
(нысаналы топтар қозғаған проблеманы сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет)
Проблемаға әкеп соғатын себептер:

2.2 Проблемалық саладағы ағымдағы жағдайды талдау және мемлекеттік реттеу
(реттелетін саланы, экономика секторын дамытудың негізгі өлшемдері, статистикалық деректердің және халықаралық рейтингтік бағалаулардың талдауын пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті бағалау, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама, бағдарламалық құжаттар шеңберінде проблемаларды шешу үшін қолданылатын шаралар, қол жеткізілген нәтижелер)

2.3 Заң жобасының мақсаты мен міндеттері
(заң жобасын енгізуден қажет етілетін нәтиже)

Мақсаты

(қол жеткізу үшін заң жобасы әзірленетін ұзақ мерзімді әлеуметтік және (немесе) экономикалық мақсаттарды белгілеу)

Міндеттері
(мақсатқа қол жеткізілуін тексеруді жүзеге асыру үшін істердің болашақ жай-күйін айқындауға тиіс)

Міндеттерді шешу нәтижелерінің сандық өлшемдік көрсеткіштері
(міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер
(редакциялық түзетулерді қамтитын және құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған нормаларға қолданылмайды)

1.

1.

2.

3.

2.

1.

2.

3.

….


 

2.4 Заң жобасы мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
(құжаттардың нақты ережелері мен олардың атауларын көрсете отырып, ұсынылып отырған реттеу мақсатының ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларының, "Қазақстан-2050" стратегиясының, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарымен келісілгендігін көрсету)

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Заң жобасы мақсатының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін сипаттау

"…."



"…"

 

2.5 Реттеудің ұқсас проблемаларын шешудің халықаралық тәжірибесі
(әртүрлі елдерде реттеудің белгіленген проблемасын шешу мысалдарын сипаттау)

2.6 Заң жобасын әзірлеу кезеңінде қаралған проблеманы шешудің барлық нұсқаларын сипаттау және таңдалған нұсқаны негіздеу
(проблеманы шешудің әртүрлі нұсқаларының механизмдерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін, іске асыру тәуекелдерін сипаттау, сондай-ақ басқа нұсқаларды қабылдамау себебін сипаттай отырып, проблеманы шешудің ұсынылған тәсілін таңдауды негіздеу)

3. Нысаналы топтар үшін пайданы және шығасыларды талдау әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық салдарды талдау
(ұсынып отырған заң жобасы тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін нысаналы топтарды айқындау, оларға сапалық және сандық сипаттама беру, сондай-ақ олар үшін барлық күтілетін салдарды (оң және теріс) талдау)

I. Халық

Нысаналы топты сипаттау

Нысаналы топты сандық бағалау

Пайданы сапалық және сандық сипаттау

Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау













 
II. Кәсіпкерлік субъектілері

Нысаналы топты сипаттау

Нысаналы топты сандық бағалау

Пайданы сапалық және сандық сипаттау

Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау













 
Ш. Мемлекет

Нысаналы топты сипаттау

Нысаналы топты сандық бағалау

Пайданы сапалық және сандық сипаттау

Шығасыларды сапалық және сандық сипаттау

















 
*осы бөлімдерге арналған ықтимал есептердің мысалдары әдістемелік ұсынымдардың 3-бөлімінде бар

4. Іске асыру тәуекелдері
(заң жобасын іске асыру кезінде оның мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасайтын теріс салдар, әлеуетті күрделіліктер, мән-жайлар)

5. Заң жобасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу құралдары
(қол жеткізу құралдары және бекітілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде болжамды сома, бекітілген сомадан артық қосымша қаржыландыру немесе басқа да көздерден бөлінген қаражат көрсетіледі. Бұл ретте қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор және өзге де көздер, сондай-ақ салық мөлшерлемелерінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің күші жойылған немесе төмендетілген жағдайда бюджет шығыны, салық жеңілдіктерін енгізу, шегерімдер және басқалары көрсетіледі)


Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Ұлттық қор

Өзге де көздер (көздердің атауы)

Жоспарланған бюджет бағдарламасы шеңберіндегі сома (атауы)





Бюджеттен қосымша бөлінген қаражат сомасы





Басқа да көздерден бөлінген сома





Бюджет шығыны





 

6. Заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижелері

7. Қосымша
(талдау нәтижелерін суреттермен безендіруге арналған қосымша материалдар)

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______________________________________________________________________

      (заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге

      бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)

  Ғылыми сараптаманы
ұйымдастыру мен жүргізу,
сондай-ақ ғылыми
сарапшыларды іріктеу
қағидаларына
2-қосымша

Уәкілетті ұйым мен сарапшы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын үлгілік шарт

      Ескерту. Үлгілік шарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.12.2025 № 816 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.12.2025 № 138 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      №____ 20__ жылғы "___" ____________
Бұдан әрі Институт деп аталатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" Қазақстан
Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты " ШЖҚ РМК ______________________________________________________________________________,
негізінде әрекет ететін___________________________________ _________,бір жағынан, және
_______________________________________________________________________________,
__________________________________ _____________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) (жеке басын куәландыратын құжат)
№ _____________, берілген ____________________________________________,
бұдан әрі сарапшы деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп аталған Тараптар
төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Сарапшы институттың тапсырмасы бойынша осы Шарттың талаптарына сәйкес қорытындылар (бұдан әрі – қызметтер) бере отырып, Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал Институт сарапшы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, осы Шарттың талаптарында нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша қызметтің нәтижесін уақтылы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

      2. Институт осы жобаны және әзірлеуші ұсынған басқа да құжаттарды қоса бере отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жіберу (тапсыру) арқылы Сарапшыға тапсырма береді.

      3. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша қызмет Нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша Институт хабарламасында белгіленген мерзімнен кешіктірілмей көрсетіледі.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Сарапшы міндетті:

      1) Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жеке өзі жүргізуге, көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын, объективтілігін, біліктілігін қамтамасыз етуге;

      2) Осы Шартта көзделген қызметтерді тиісті сапада және толық көлемде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, осы Шартта белгіленген мерзімдерде және шарттарда көрсетуге міндетті;

      3) нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмысқа қабылдау туралы не өзінен бас тарту себептерін, оның ішінде осы жобаны дайындауға тікелей қатысуын көрсете отырып, өзіне бас тарту туралы хабарлама жіберілсін;

      4) қызмет көрсетуге байланысты өзіне белгілі болған институттың мазмұны мен құжаттамасы мен мәліметтерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      5) институтты оның талабы бойынша қызмет көрсету барысы туралы хабардар етуге міндетті;

      6) Осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін институт өзіне берген мүлік пен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

      7) осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда Институтқа өз міндеттемелерін толық көлемде тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған барлық залалдарды өтеуге міндетті;

      8) институттың талабы бойынша көрсетілген қызметтер туралы есеп беру;

      9) нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы берілгеннен кейін әзірлеушінің оның ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, нормативтік құқықтық актінің жобасын ол қабылданғанға дейін барлық сатыларда сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін;

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қазақ немесе орыс тілінде қолма-қол, электрондық пошта арқылы не Ақпараттық жүйе арқылы (ол болған кезде) беруді жүзеге асыруға міндетті.

      5. Сарапшының құқығы бар:

      1) институттан осы Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

      2) институттан туындаған мәселелер бойынша түсініктемелер және қызмет көрсету үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;

      3) қызметті сапалы және толық көлемде орындау шартымен мерзімінен бұрын көрсетуге міндетті.

      6. Институт міндетті:

      1) Егер сарапшы тапсырма алса, Сарапшыға нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және оларға қоса берілетін материалдарды ұсынуға;

      2) институт анықтаған кемшіліктер жойылған жағдайда, Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша сарапшы көрсеткен қызметтер қабылдансын;

      3) осы Шартта көзделген тәртіппен сарапшы көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге міндетті;

      4) осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан сарапшының нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуіне жол бермеуге міндетті.

      5) сарапшыға мерзімнің кемінде 2/3 бөлігін беруге міндетті.

      7. Институт құқылы:

      1) кез келген уақытта сарапшы көрсететін қызметтердің барысы мен сапасын тексеруге міндетті;

      2) қызметтер көрсету нәтижелерінде орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде кемшіліктер анықталған жағдайда, көрсетілген қызметтерді қабылдамауға және кемшіліктер анықталған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтерде анықталған кемшіліктерді жою туралы Сарапшыға хабарлама жіберуге;

      3) сарапшы институттың ескертулерімен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу үшін басқа Сарапшыға жолдасын;

      4) Сарапшыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін ұсынымдар беруге міндетті;

      5) Қызмет көрсету процесін бақылау;

      6) осы Шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      8. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында құрылған барлық сарапшының көрсетілген қызметтер бойынша зияткерлік қызметінің нәтижелеріне меншік құқығы институтқа тиесілі болатынына уағдаласты.

3-тарау. Қызметтерге ақы төлеу шарттары

      9. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – әділет Министрлігі) бекіткен нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын бағалау өлшемшарты негізінде институт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша айқындайды.

      10. Институт сарапшы дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын келіскеннен кейін _ _ _ жұмыс күні ішінде Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды. Тараптар бір айда көрсетілген қызметтер актісін жасауға және оған қол қоюға құқылы. Қызметтер институт пен Әділет министрлігі арасында көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғаннан кейін көрсетілген болып есептеледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында көрсетілмеген қосымша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда, сарапшының көрсетілген қызметінің құны төмендету жағына қарай қайта қаралуы мүмкін.

      11. Институт сарапшыға Әділет министрлігі институттың есеп шотына ақша қаражатын аударған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлем жүргізеді.

      12. Институт Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сарапшының пайдасына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ табыс салығын ұстайды.

      13. Қызмет көрсету кезінде сарапшы шеккен өзге де шығыстарды институт өтемейді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі

      14. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      15. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін, егер ол форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болса, жауапты болмайды.

      Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ тек қана емес: әскери әрекеттер, табиғи немесе табиғи апаттар және басқалар.

      Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде сарапшы тез арада институтқа осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер институттан өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, сарапшы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес осы Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіреді.

      16. Сарапшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында қамтылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлық нормаларын жою жөнінде өзі дайындаған ұсынымдардың негізділігіне жауапты болады;

      17. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

      18. Келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.

5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және оны тоқтату негіздері

      19. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданылады дейін "__" _______ 20__ тараптардың міндеттемелері бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін.

      20. Осы Шарт Тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Осы шартты бұзуды талап ететін тарап өзінің ниеті туралы екінші Тарапты шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

      21. Шартты сарапшының бастамасы бойынша бұзған кезде сарапшының қызмет көрсету процесінде жүргізілген өз шығындарын, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін төлемді өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

      22. Институт келесі жағдайларда осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы:

      1) сарапшының үш ай ішінде дәлелді себептерсіз 2 (екі) реттен артық Қызмет көрсетуден бас тартуы;

      2) институт хабарламасында белгіленген қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен астам мерзімге қызмет көрсетуді үш реттен астам кешіктіру;

      3) біліктілігінің жеткіліксіздігі, қабілетсіздігі салдарынан сарапшының өз міндеттерін орындай алмауы;

      4) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларында көрсетілген, сондай-ақ осы Шартта көзделген талаптарды бұза отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жағдайларын бірнеше рет белгілеу.

      23. Осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      24. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сарапшы бұзылған күнгі нақты шығындар үшін ғана төлемді талап етуге құқылы және осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде институтқа артық төленген соманы қайтарады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Шартқа барлық толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап та қол қояды және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      26. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

7-тарау. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары

      Үйлестіруші__________________________ Сарапшы _______________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады