БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларында:
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын астананың, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;";
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті есептеу үшін пайдаланылатын бағаларды облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып түзетеді.";
31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Кірісті есептеу үшін облыстарда (астанада, республикалық маңызы бар қалаларда) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастырылатын Статистикалық жұмыстар жоспарында (бұдан әрі – Жоспар) көзделген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдары қалыптастырған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасында:
"Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі" кестесінің 1-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала";
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 5-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 6-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 9-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
