ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 3 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы монополияға қарсы органға есеп жібереді.";
Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларына қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинау әдісі: Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы электрондық түрде ұсынылады.".
2. "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22497 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін субъект пайдаланатын автоматтандырылған цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды қолдану;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған цифрлық жүйелердегі және бағдарламалық қамтылымдағы жұмыстың нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, қаржы мониторингіне жататын операциялар және қызмет туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға беру;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) жаңа технологиялар мен инновациялық құралдарды (оның ішінде цифрлық платформаларды, онлайн-сервистер мен өзге де цифрлық шешімдерді) пайдалана отырып, операцияларды анықтау мен бақылау рәсімдерін әзірлеу;";
32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Субъектілер Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін басқа субъектілерден клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына субъектілер сүйенетін ақпарат, цифрлық жүйелерден немесе басқа субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.".
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығымен бекітілген |
"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржалары қызметі саласында лицензия беру тәртібін (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бiрыңғай байланыс орталығы — мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) көліктік қолтаңба — WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
3) лицензия — лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы — нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі — өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі — Көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы көрсетеді.
4. Осы Қағидаларға 2-тарау сәйкес нысан бойынша лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
5. Мемлекеттік қызметі көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
6. Өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесі (бұдан әрі — ЕЛ МДҚ ЦЖ) толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушыға Порталдағы "жеке кабинетке" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕЛ МДҚ ЦЖ цифрлық жүйесінде бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту жіберіледі.
8. Цифрлық жүйенің істен шығуы кезінде Көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің туындауын анықтаған сәттен бастап электрондық пошта арқылы sd@nitec.kz бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, Көрсетілетін қызметті алушының бизнес сәйкестендіру нөмірін қоса бере отырып, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса беріп "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторын дереу хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Көрсетілетін қызметті берушінің оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) қосымша зерделеу немесе шағым бойынша тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартылады.
12. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам, шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.
13. Шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
14. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекеттер жасаған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
"Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі — Агенттік). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні ішінде. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған). |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Тауар биржаларының қызметімен айналысу, тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу, тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі — Лицензия), қайта ресімделген Лицензия (қызметтің түрінің атауы) не осы Тізбеде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ЕЛ МДҚ ЦЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны алу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты Порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар; |
| "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына | |
| 2-қосымша | |
| Нысан |

МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[Лицензия берілген күні] | [Лицензияның нөмірі] |
[Заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, БСН/толық]
["Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет (іс-әрекет) түрінің атауы] айналысуға берілген
Лицензия түрі ["Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес]
Лицензия әрекетінің ерекше шарттары ["Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабына сәйкес]
Лицензиар [Лицензиялайтын мемлекеттік органның толық атауы]
Көліктік қолтаңба

| "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына | |
| 3-қосымша | |
| Нысан |

Күні: | Мемлекеттік органның мекенжайы: | ||||
Кімге: |
Сіздің______________№__өтінішіңіз Қызмет түрі:_________________
Орындаудан БАС ТАРТЫЛДЫ себебі:
[Бас тарту негізі] _________________________________
Орындаушы:_____________________________________
Телефон:________________________________________
Көліктік қолтаңба

| "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына | |
| 4-қосымша | |
| Нысан |
Лицензия алу үшін өтініш
Кімге ____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ___________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
_________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің толық атауын көрсету)
Заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Факс ____________________________________________________________________
Банктік шот ______________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі))
Қоса беріліп отыр _ парақ.
Басшы ___________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: "___" _________ 20__ жыл
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін. _______ "___" ________ 20__ жыл
| "Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш
(заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда)
Кімге ______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы) кімнен _________________________________________
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын №__________ бастап "___" _________
20__________ берілген жылдың
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
жүзеге асыруға ___________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х түрінде
көрсетіңіз)):
1) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ___________________________________
2) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________________
Заңды тұлғаның мекен-жайы _______________________________________________
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
телефондар _______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі))
Қоса беріліп отыр __________ парақ
Басшы ____________ ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: "___" __________ 20__ жыл
