"Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 212-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 маусымда № 38959 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:

      13 және 14-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, теңіз объектілерін құру жұмыс жобалары Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 13- тарауында белгіленген тәртіппен бекітіледі және келісіледі.

      14. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, теңіз объектілерін жобалау алдында, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 97-бабына сәйкес инженерлік ізденістер (инженерлік-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Теңіз объектілерін құруды аяқтағаннан кейін осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 18-тарауына сәйкес теңіз объектілерін пайдалануға қабылдауды қамтамасыз етеді.";

      39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, оның ішінде жүзбелі бұрғылау қондырғыларын қоспағанда, теңіз объектілерін консервациялау және (немесе) жою жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады