"Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 маусымда № 38924 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37294 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) цифрландыру объектісі – субсидия алуға арналған өтінішті тіркеу, сондай-ақ өтініштің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын білдіретін агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМЦЖ);

      2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      4) өтпелі өтініш (бұдан әрі – өтініш) – су пайдаланушының көрсетілетін қызметті алушыларға жеткізген суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтініш;

      5) су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша және тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті су ағынын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде су пайдаланушының аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыға су беруі;

      6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – көрсетілетін қызметті алушылар берген субсидиялауға арналған өтініштер, қаржы институттары туралы мәліметтердің және субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтердің жиынтығы;

      7) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      8) су тұтынушы – су беру бойынша су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      9) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

      10) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      11) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, бірінші деңгейдегі жүйе пайдаланылып жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      12) тіркеуші жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – өтінім берушілердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, СМЦЖ-мен интеграцияланған жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары және оларды алушыларды мониторинг жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі түпкілікті бақылау арқылы өтінім берушінің базалық өлшемшарттарға сәйкестігі және оған бюджеттен ақша төлеу туралы шешім қабылданады;

      13) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      мынадай редакциядағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

      2-2. Субсидиялау мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтиды:

      1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37936 болып тіркелген) бекітілген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;

      2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бұрын қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және ақшаны қайтармаған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің бұрын басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған басшылар, құрылтайшылар (акционерлер).

      Аквашаруашылық субъектісі, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдеген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.

      "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35951 болып тіркелген) сәйкес су пайдаланушыларға аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің, аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыларға каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялануы тиіс.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар қала, облыс әкімінің, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен мақұлдауға ұсынады.

      Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған бюджет қаражатының көлемдерін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      аквашаруашылық саласында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға ұсынылған бюджет қаражатының көлемдерін мақұлдау туралы;

      аквашаруашылық саласында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға ұсынылған бюджет қаражатының көлемдерін пысықтауға жіберу туралы.

      Ведомство аквашаруашылық саласында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға мақұлданған бюджет қаражатының көлемдерін хатпен жолдайды.

      Пысықтауға жіберуге тек мынадай негіздер болған кезде ғана жол беріледі:

      1) "Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында көзделген параметрлерге, нысаналы индикаторларға және іс-шараларға сәйкес келмеу;

      2) дұрыс емес мәліметтер қамтылған құжаттарды ұсыну.

      Пысықтауға жіберу туралы шешім жойылуға тиіс себептер көрсетіле отырып, хатпен ресімделеді.

      Субсидиялар көлемдерін пысықтау мерзімі пысықтауға жіберу туралы шешім алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші аквашаруашылық саласындағы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі цифрлық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) АӨК СМЦЖ-ға өтініш берілгенге дейін ЭШФ ЦЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ ЦЖ-да автоматты түрде бұғатталады).

      Су пайдаланушы субсидияларды алмаған жағдайда (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдаланбаған кезде) су пайдаланушының өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) АӨК СМЦЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардың цифрлық үкіметтің порталы арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш беруі;

      2) өтініштің АӨК СМЦЖ-да тіркелуі;

      3) АӨК СМЦЖ-да деректері АӨК СМЦЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен цифрлық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған көрсетілетін қызметті алушылардың және су пайдаланушылардың жеке шотының болуы.

      Веб-порталда жеке шоттың болуы көрсетілетін қызметті алушылардың АӨК СМЦЖ-да өтінішті тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өтінішті беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;

      4) АӨК СМЦЖ бен ЭШФ ЦЖ цифрлық өзара іс-қимылы нәтижесінде су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су пайдаланушының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) көрсетілетін қызметті алушыларда АӨК СМЦЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен өзара цифрлық іс-қимыл нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелерінің болуы;

      6) аквашаруашылық объектілерін өсіру бойынша жобалық қуаты жылына 25 тоннадан басталғанда (аквашаруашылық субъектілері үшін).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Субсидиялауға арналған өтініштерді қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейінгі кезеңде АӨК СМЦЖ арқылы жүзеге асырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне қол жеткізу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылар АӨК СМЦЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ қолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қалыптастыру және тіркеу АӨК СМЦЖ-дағы "жеке кабинетінде" мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес АӨК СМЦЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтініш қалыптастырылады;

      2) өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сын қою арқылы АӨК СМЦЖ-да тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтініштің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері веб-порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінімі тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Бұл хабархат көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

      Өтініштер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхатымен мынадай негіздер бойынша тоқтатыла тұрады:

      1) егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының құқықтары құқық мирасқорлығына жол берсе, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру, тарату;

      2) сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін не сот актісі заңды күшіне енгенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін болмауы;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекеті деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерінің туындауы немесе туындаған төтенше жағдай түсініледі.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процесі оны енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылғанға және төтенше жағдай салдары жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі төтенше жағдайды енгізуге, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатерінің туындауына немесе туындаған төтенше жағдайға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан және төтенше жағдай салдары жойылғаннан кейін қайта басталады.";

      мынадай редакциядағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Көрсетілетін қызметті беруші СМЦЖ-дан "сұраным-жауап" форматында деректерді көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың 2-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген базалық талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеру жүргізілетін бірінші деңгейдегі жүйеге беру арқылы ақпаратты сұратады.

      Бірінші деңгейдегі жүйе өтініш берілген күнге дейінгі соңғы қаржы жылы үшін Қағидалардың 2-2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген деректер түрінде жауап қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берілген күнге дейін соңғы қаржы жылы үшін салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту қамтамасыз етілген кезде базалық талаптарға сәйкес келеді деп есептеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берілген күнге дейін соңғы қаржы жылы үшін салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемі төмендеген кезде базалық талаптарға сәйкес келмейді деп есептеледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті беруші растағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде АӨК СМЦЖ веб-порталында "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге төленетін шоттарды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының АӨК СМЦЖ-дағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама жолдайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлауды мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдауды көрсетілетін қызметті беруші хабарлауды жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы тыңдауға ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарламаны не Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының СМЦЖ-ғы "жеке кабинетіне" жіберілуін қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қағидалар бекітілген және өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы олар басталған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге осындай мән-жайлар туралы хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алушы АӨК СМЦЖ-да еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталу фактісін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың құжатын (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) жергілікті атқарушы органның су объектісінің сарқылуы туралы шешімін және (немесе) жергілікті атқарушы органның карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы және (немесе) ветеринария саласындағы уәкілетті орган берген балық ауруын анықтау туралы сараптама актісі (сынақ хаттамасы)) орналастырады.

      Алдыңғы екі (2) жыл қатарынан еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындағанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелері орындалмаған болып есептеледі және субсидиялар бюджетке қайтарылуға тиіс.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті беруші АӨК СМЦЖ арқылы аквашаруашылық саласындағы қарсы міндеттемелерге қол жеткізу мониторингін жүргізеді. Субсидиялау объектісінің әрекет етуі және (немесе) әрекетсіздігі мәніне мониторинг субсидия берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы жылына 2 (екі) реттен асырмай жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мониторинг шарттарын орындау үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан АӨК СМЦЖ -дан қажетті ақпаратты сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің сұралатын ақпараттың тізбесін сұратуы туралы хабарламаны "жеке кабинетке" және көрсетілетін қызметті алушы АӨК СМЦЖ-ға тіркеу кезінде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпаратты АӨК СМЦЖ-ға орналастыру жолымен ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӨК СМЦЖ-дағы жеке кабинетте 20 қаңтардан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде толтырады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қарсы міндеттемелердің орындалу пайызы АӨК СМЦЖ қарсы міндеттемелерде көзделген жоспарлы көрсеткіштерге шаққандағы іс жүзінде орындалған көрсеткіштердің арақатынасы ретінде пайызбен есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:

                              Нақты орындалуы

      Орындалу пайызы = ( ------------------------------------ )× 100%

                              Жоспарлы міндеттеме

      1) нақты орындалу көрсетілетін қызметті алушы ұсынған және құжаттармен расталған деректердің, сондай-ақ АӨК СМЦЖ-да қамтылған мәліметтердің негізінде айқындалады;

      2) жоспарлы міндеттеме көрсетілетін қызметті алушының субсидия алу үшін АӨК СМЦЖ арқылы өтініш берген кезінде қалыптастырылады;

      3) 100 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің толық орындалуын білдіреді;

      4) 100 пайыздан төмен көрсеткіш қарсы міндеттемелердің ішінара орындалуын білдіреді;

      5) 0 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің орындалмағанын білдіреді.

      Орындалу пайызын есептеуді көрсетілетін қызметті беруші АӨК СМЦЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған деректер мен жүйеде қамтылған ақпараттың негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.

      32. Егер Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Кенжеханұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 224
бұйрығына 1-қосымша
Аквашаруашылық саласында
су беру бойынша қызметтердің
құнын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

"Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру цифрлық объектілер – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМЦЖ), "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Аквашаруашылық саласындағы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы анықтаманы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылардың АӨК СМЦЖ-да дербес шотының болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің шлюзі" арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 224
бұйрығына 2-қосымша
Аквашаруашылық саласында
су беру бойынша қызметтердің
субсидиялау құнын қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш

  Әкімшілік деректерді
  жинау арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА030000 нысаны

      Кезенділігі: бір реттік

      Есепті кезең: тиісті жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейін (қоса алғанда)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі




      Жинау әдісі: электрондық түрде

      1-кесте. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

1

Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)


2

Өтініш берушінің мекенжайы (қаласы, ауданы, облысы)


3

Жеке тұлғаның және заңды тұлға басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


4

Өтінім берушінің деректемелері (жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі)


5

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама


6

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


7

ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды) және Ұлттық тауарлар каталогының сәйкестендіру коды


8

Байланыс телефондары


      2-кесте. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

Кадастрлық нөмірі

Алаңы, гектар (бұдан әрі – га)

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

барлығы

оның ішінде аквашаруашылыққа арналған

1

2

3

4

5

6







      3-кесте. Су көздері туралы мәліметтер:

1

Су көздерінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)


2

Су пайдаланушының тарифі (теңгемен)


3

Су пайдаланушымен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі


4

Бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген
есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні


5

Алынған суға алғашқы төлем құжаттары (төлем құжатының нөмірі)


      4-кесте. Шаруашылық қызмет түрлері бойынша суды тұтыну көлемі:

Тоған шаруашылық қызметі/индустриялық шаруашылық қызметі/өсімді молайту шаруашылық қызметі/аквашаруашылық объектілері үшін азық өндіруге байланысты қызмет/балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс

Балық өсіретін тоғандарға (га) және (немесе) бассейндерге (шаршы метр) арналған алаң

Су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі3)

Балық өсіретін тоғанның ең жоғары сыйымдылығы, м3

Балық өсіру бассейнінің ең жоғары сыйымдылығы, м3

Су тұтыну көлемі м3

1

2

3

4

5






      5-кесте. Су пайдаланушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

1

Банктің атауы


2

Субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері


3

Банктік сәйкестендіру коды


4

Корреспонденттік шот


5

БСН


6

Бенефициар коды


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерім жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъекті 20___жылғы "__" сағат_____-де қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер

      Өтініштің қабылданғаны туралы хабархат:

      20___жылғы "__" _______ сағат____ қабылданды.

Атауы
Наименование______________________
___________________________________

Мекенжайы
Адрес_______________________
____________________________

      Телефоны/Телефон____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты
________________________________________________________________
Орындаушы/Исполнитель_______________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы, телефоны/фамилия,
имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам/
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности__________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі қолы/фамилия, имя и отчество
(при его наличии) подпись)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды
қоспағанда)/
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного
предпринимательства)
__________________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған "Су беру бойынша
көрсетілетін қызметтерге
субсидиялар алуға
арналған өтініш"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған
"Су беру бойынша көрсетілген қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш"
нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индексі:№ АКВА030000 нысаны, кезеңділігі бір реттік)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Су беру бойынша көрсетілетін қызметтер субсидиялар алуға арналған өтініш" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықты дамуын қамтамасыз ететін субъект толтырады.

      3. Нысанға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы қол қояды.

      4. Нысанды аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықты дамуын қамтамасыз ететін субъект облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-кестенің 1-жолында аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) көрсетіледі.

      7. 1-кестенің 2-жолында "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 2-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР ҰК 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" Ұлттық жіктеуішіне (бұдан әрі - Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) сәйкес өтініш берушінің мекенжайы (қаласы, ауданы, облысы) көрсетіледі.

      8. 1-кестенің 3-жолында басшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.

      9. 1-кестенің 4-жолында өтініш берушінің деректемелері көрсетіледі: жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – ЖСН; заңды тұлғалар үшін – БСН, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН.

      10. 1-кестенің 5-жолында дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. 1-кестенің 6-жолында кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 7-жолында ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) бойынша төрт таңбалы сынып коды және Ұлттық тауарлар каталогының сәйкестендіру коды көрсетіледі.

      13. 1-кестенің 8-жолында байланыс телефондары көрсетіледі.

      14. 2-кестенің 1-бағанында жолдардың реттік нөмірі толтырылады.

      15. 2-кестенің 2-бағанында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

      16. 2-кестенің 3-бағанында жер учаскесінің алаңы барлығы (гектармен) көрсетіледі.

      17. 2-кестенің 4-бағанында аквашаруашылықпен қамтылған жер учаскесінің алаңы (гектармен) көрсетіледі.

      18. 2-кестенің 5-бағанында су айдынының нысаналы мақсаты көрсетіледі.

      19. 2-кестенің 6-бағанында жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы көрсетіледі.

      20. 3-кестенің 1-жолында су көздерінің атауы (өзен, бұлақ, суару жүйесі, таратушы, су шығару нүктесі) көрсетіледі.

      21. 3-кестенің 2-жолында су пайдаланушының тарифі (теңгемен) көрсетіледі.

      22. 3-кестенің 3-жолында су пайдаланушымен су беру қызметін көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі көрсетіледі.

      23. 3-кестенің 4-жолында өлшеу аспаптарының немесе суды есепке алу құралдарының атауы, мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген тіркеу нөмірі және су үнемдеу технологияларын енгізу туралы актінің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      24. 3-кестенің 5-жолында алынған су үшін бастапқы төлем құжаттарының (төлем құжатының нөмірі) деректері көрсетіледі.

      25. 4-кестенің 1-бағанында аквашаруашылық саласындағы қызмет түрі көрсетіледі.

      26. 4-кестенің 2-бағанында балық өсіру тоғандарына (гектармен) және (немесе) бассейндерге (шаршы метрмен) бөлінген алаң көрсетіледі.

      27. 4-кестенің 3-бағанында балық өсіру тоғанының ең жоғары сыйымдылығына сәйкес суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.

      28. 4-кестенің 4-бағанында балық өсіру бассейнінің ең жоғары сыйымдылығына сәйкес суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.

      29. 4-кестенің 5-бағанында жалпы суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.

      30. 5-кестенің 1-жолында банктің атауы көрсетіледі.

      31. 5-кестенің 2-жолында екінші деңгейдегі банктегі субсидия алуға арналған банктік шоттың деректемелері көрсетіледі.

      32. 5-кестенің 3-жолында банктің сәйкестендіру коды (БСК) көрсетіледі.

      33. 5-кестенің 4-жолында корреспонденттік шот көрсетіледі.

      34. 5-кестенің 5-жолында бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі.

      35. 5-кестенің 6-жолында бенефициар коды көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 224
бұйрығына 3-қосымша
Аквашаруашылық саласында
су беру бойынша қызметтердің
субсидиялау құнын қағидаларына
3-қосымша
  Форма

                  Субсидия беру туралы хабархат

      Құрметті _________________________________________________
(аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын
            қамтамасыз ететін субъектінің атауы)
      Сіздің 20___ жылғы "__" ______ №________ өтінішіңіз бойынша су
пайдаланушының №_______ есептік шотына 20___ жылғы "__" _____ төлем
тапсырмасымен _____ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғаны туралы
хабарлаймыз.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 224
бұйрығына 4-қосымша
Аквашаруашылық саласында
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Ұсынылады: аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: "Аквашаруашылық субъектісінің (көрсетілетін қызметті алушының) ____ жылғы қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА040000 нысаны

      Жиілік: жылдық

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап жылдың соңына дейін

      Кесте. Аквашаруашылық субъектісінің (көрсетілетін қызметті алушының) ____ жылғы қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат:

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы

Аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы

Аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Субсидияның атауы

Қарсы міндеттемелердің қабылданған күні

Орындалу пайызы

1

2

3

4

5

6

7








  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Аквашаруашылық субъектісінің
(көрсетілетін қызметті алушының)
____ жылғы қарсы міндеттемелерді
орындау деңгейі туралы ақпарат"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған
"Аквашаруашылық субъектінің (көрсетілетін қызметті алушының) ____
жылғы қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейі туралы ақпарат"
нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индексі: № АКВА040000 нысаны, жиілік: жылдық)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық субъектісінің (көрсетілетін қызметті алушының) ____ жылғы қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды жергілікті атқарушы органдар аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Кестенің 2-бағанында "Интеграцияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 2-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР ҰК 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы көрсетіледі.

      8. Кестенің 3-бағанында аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің толық атауы көрсетіледі.

      9. Кестенің 4-бағанында аквашаруашылық субъектінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      10. Кестенің 5-бағанында аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект алатын субсидияның атауы көрсетіледі.

      11. Кестенің 6-бағанында қарсы міндеттемелердің қабылданған күні көрсетіледі.

      12. Кестенің 7-бағанында қарсы міндеттемелердің орындалу пайызы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады