ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулысының нысаны бекітілсін.
2. "Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 333 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 285 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулы
1) Жедел ден қою шарасының түрі:
________________________________________________________________
2) Қаулының жасалған күні, уақыты мен орны:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3) Мемлекеттік органның атауы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
4) Қаулыны жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы:
________________________________________________________________
5) Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі,
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ
қаулыны ресімдеу кезінде қатысушы бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің
лауазымы:_______________________________________________________
________________________________________________________________
6) Жедел ден қою шарасын қолдану негізі: ___________________________
7) Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде):
________________________________________________________________
________________________________________________________________
8) Қаулыны алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және
бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау
субъектісі өкілінің қолтаңбасы):
________________________________________________________________
________________________________________________________________
9) Қаулыны ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
10) Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ескертпе:
Осы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес прокурормен келісуге жатады.
Осы қаулыға шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
