БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33571 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің цифрлық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
4) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден портал арқылы алады, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық төлемнің төленгені туралы мәліметтер (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік цифрлық жүйелерден ЦҮТШ арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі құжаттар жолданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңбамен қол қою арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензияны, не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензияны, не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды толығымен автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымның операторынына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе оларға өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімнің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.";
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Цифрлық (толық цифрландырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия не тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия не мемлекеттiк қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Тауарлардың экспортына лицензия алу үшін: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы; |
10. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады. |
