ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34041 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Үлгілік схемаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) бақылаушы органдар – өз құзыреті шегінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және арнайы тауарлардың өткізілуін бақылауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдардың бөлімшелері;
2) үлгілік схемалар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу кезінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және авиациялық қызмет бөлімшелерінің әрекеттерін белгілейтін схемалар.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әуе кемесін шекаралық, кедендік, көліктік, және де санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі – өзге де бақылау түрлері) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесінің (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) келісімі бойынша әуежай әкімшілігі белгілеген әуе кемелерінің тұрағында жүзеге асырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бақылаушы органдардың лауазымды адамдары мен авиациялық қызметтердің қызметкерлері әуе кемесі келген кезде:
1) рейс нөмірі, әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі және жолаушылар саны (жолаушылар тізімі) және олардың багажы туралы мәліметтер көрсетілген әуе кемесінің ұшуы туралы хабарламаны (телеграфтық хабарламаны немесе жеделхатты) алғаннан кейін, келу әуежайының (әуеайлағының) диспетчерлік қызметі бұл туралы бақылаушы органдарға хабарлайды;
2) әуе кемесінің қону уақытының есебі туралы мәлімет алғаннан кейін бақылаушы органдардың лауазымды адамдары әуе кемесінің тұрағына уақытынан бұрын келеді;
3) әуе кемесін тұраққа қондыру сәтінен бастап шекаралық нарядтар оларды бақылауды жүзеге асырады. Әуе кемесінің келу тұрағында адамдардың және көлік құралдарының кіруін, болуын, қозғалысын, шығуын; жүктер мен тауарларды кіргізуді, болуын, қозғалысын, шығаруды сақтау бойынша тексеру және режимдік шаралар өткізіледі. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес шекаралық, кедендік және өзге де түрлі бақылауларды жүзеге асыру кезінде әуе кемесіне адамдардың келуіне тыйым салынады;
4) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитариялық- эпидемиялогиялық жағдайы және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда экипаждың өтінімі бойынша санитариялық-карантиндік бақылау бөлімшесінің лауазымды адамдары бірінші болып әуе кемесінің бортына көтеріледі, санитариялық-эпидемиялогиялық жағдайды бағалайды және өзінің құзыреті шегінде әуе кемесін қабылдау немесе санитариялық-карантиндік бақылау бойынша қосымша іс-қимылдарды жүзеге асыру қажеттілігі бойынша шешім қабылдайды;
5) бақылаушы органдардың лауазымды адамдары әуе кемесінің экипажына шекаралық, кедендік және өзге де бақылауларды жүзеге асыруға қатысты сауалдар жүргізеді;
6) әуе кемесінің экипажы бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді:
азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының құжаты (бас декларация);
әуе кемесінің бортында тасымалданатын жүктер мен тауарлар туралы мәліметтер қамтылған құжат (жүк ведомосы);
борт керек-жарақтары туралы мәліметтер қамтылған құжат;
көлік (тасымалдау) құжаттары;
тасымалданатын жүктерге және тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Дүниежүзілік пошта одағының хаттамаларымен айқындалған, халықаралық пошта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
жоғары фитосанитариялық қауіпі бар карантинге түскен өнімге фитосанитариялық құжат, егер бұл өнім экипаж бен әуе көлік құралдары жолаушыларының азықтандыру үшін арналмаған болса және әуе кемесінің бортынан шығуы мүмкін болса.
Әуе кемесінің командирі келесі мәліметтерді ұсынады:
экипаж мүшелеріндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;
7) шекаралық наряд басшысы бақылаушы органдар лауазымды адамдарының келісімі бойынша әуе кемесіне келген адамдардың түсуіне, жүктер мен тауарларды түсіруге рұқсат береді;
8) әуе кемесіне келген адамдарды, жүктер мен тауарларды түсіргеннен кейін шекаралық бақылау және кедендік бөлімшелерінің лауазымды адамдары инженерлік-авиациялық қызмет өкілдерінің (экипаж мүшелері) қатысуымен әуе кемесін бірлесе қарап тексеруді жүзеге асырады;
9) әуе кемесін қарап тексеруді аяқтағаннан кейін тұрақтағы тексеру және режимдік іс-шаралар алынып тасталынады;
10) келген адамдарды әуе кемесінің тұрағынан бақылау орнына тасымалдау, шекаралық нарядтардың бақылауымен немесе еріп жүруімен жүзеге асырылады.";
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды адамдары құжаттардағы мәліметтердің анықтығын тексереді және (Қазақстан Республикасының заңнамасын ықтимал бұзылғанын куәландыратын, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы алынған мәліметтер болған кезде) келген жүктер мен тауарларды шекаралық бақылау бөлімшесімен бірге қарап-тексеру жүргізеді.";
17-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру кезеңінде әуе кемесіне адамдардың келуіне тыйым салынады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Үлгілік схемаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) бақылаушы органдар – өз құзыреті шегінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, арнайы тауарлардың өткізілуін бақылауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдардың бөлімшелері;
2) үлгілік схемалар – Мемлекеттік шекара арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу кезінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері іс-қимылының реттілігін белгілейтін схемалар.
3. Өткізу пункттеріндегі шекаралық, кедендік, көліктік, және де экспорттық, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі - өзге де бақылау түрлері) бақылаушы органдар арасында өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Бақылау органдары бақылаудың шекаралық, кедендік және өзге де түрлерін жүргізу нәтижелері бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 102 нқа/қе және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 681 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37374 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонда (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінде) (бұдан әрі – мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон) рұқсат белгісін қояды.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бақылаушы органдар қызметті үйлестіру жолымен бақылау жүргізу уақытын барынша азайту және бақылау операцияларын жүргізуге бөлінген уақытты негізсіз созуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
5. Көлік құралдарын тексеріп қарауды өткізу пунктінің тексеріп қарау алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшесі (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) Мемлекеттік шекараны бұзушыларды табу және ұстау мақсатында жүргізеді.
6. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар (қылмыстар) фактілерін анықтау, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеріп қарауды жүргізу уақытын қысқарту үшін инспекциялық-тексеріп қарау кешендері пайдаланылады.
Кедендік бақылау бөлімшелері пайдаланатын инспекциялық-тексеріп қарау кешендерімен жарақтандырылған өткізу пункттерінде шекаралық бақылау бөлімшелері тексеріп қарау нәтижелерін оларды қолдана отырып таниды.
Кедендік бақылау бөлімшелері мен шекаралық бақылау бөлімшелері олардың баланстық тиесілілігіне қарай инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін пайдалана отырып, тексеріп қарау нәтижелеріне өзара рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелері бірлесіп жүзеге асырады.".
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пунктіне келуі кезінде бақылаушы органдар жүзеге асырады:
1) шекаралық бақылау бөлімшесі:
өткізу пунктіне, кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркеу;
мемлекеттік бақылауды өту туралы талон бере отырып, көлік құралдарына құжаттарды тексеру;
Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарың болуын тексеру және шекаралық бақылау нәтижелерін цифрлық жүйеге енгізу, мемлекеттік бақылауды өту туралы талонда белгі қою;
автокөлік құралдарын кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды адамдарымен бірлесіп тексеріп қарау;
мемлекеттік кірістер органдары (кедендік бақылау бөлімшелері) жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және/немесе тасымалды радиациялық бақылаудың техникалық құралдары арқылы радиациялық бақылау;
мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талондардың ажырамас бөлігін алып қою арқылы адамдарға және көлік құралына әрі қарай жүру құқығын беру туралы шешім қабылдау;
2) мемлекеттік кірістер органдары және өзге де бақылау органдарының бөлімшесі:
автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, автокөлік құралдарының кіруін тіркеу;
радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
көлік құралдары мен тауарларды кедендік бақылауды және кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
автокөлік құралдарын шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды адамдарымен бірлесіп жете тексеру;
көліктік бақылауды құжаттардың бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асыру;
зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда фитосанитариялық бақылау мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келмейтін Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде экспорттық бақылауды жүзеге асыру: тауарларға ілеспе құжаттарды тексеру және сканерлеу; мемлекеттік кірістер органының электрондық жүйесіне тауарларға ілеспе құжаттарды енгізу; тауардың Мемлекеттік шекара арқылы одан әрі тасымалдануы туралы шешім қабылдау;
мемлекеттік бақылауды өткізу туралы талонда кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өткені туралы белгі қою.
Шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің заңдылығын айқындау мақсатында мемлекеттік бақылауды өткізу туралы талондағы барлық бақылаушы органдардың рұқсат белгілерінің болуын тексереді және өткізу пунктінің аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Үлгілік схемада мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) бақылаушы органдар – өз құзыреті шегінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылау мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және арнайы тауарлардың өткізілуін бақылауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдардың бөлімшелері;
2) үлгілік схемалар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу кезінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, және де теміржол стансаларының әкімшілігі бөлімшелерінің әрекеттерін белгілейтін схемалар.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Пойыз кешігіп келген жағдайда шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыруға бөлінген уақыт қысқартылмайды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Кезекшінің пойызды теміржол стансасы бойынша жөнелтуі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес шекаралық бақылау бөлімшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Кедендік (экспорттық) бақылау бөлімшесінің лауазымды адамы санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарынан алынған ақпаратты, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы алынған мәліметтерді есепке ала отырып, тасымалданатын жүктерге қатысты құжаттардағы мәліметтердің растығын тексеріп, қажет болған кезде тексеруге жататын вагондарды (жүктерді) белгілейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Үлгілік схемада мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) бақылаушы органдар – өз құзыреті шегінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылау және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және арнайы тауарлардың өткізілуін бақылауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдардың бөлімшелері;
2) үлгілік схемалар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу кезінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, және де теңіз (өзен) порттары әкімшілігі бөлімшелерінің әрекеттерін белгілейтін схемалар.";
26-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының іс-қимылы бір тәулікте бір кемеде бір рет қана ауыстырылды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағаның МУА |
А. Алтынбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі