Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 681 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 102нқа/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қарашада № 37374 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 516-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысаны;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесін) ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16413 болып тіркелген);

      2) ""Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 450 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 55/қе бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22773 болып тіркелген) күшін жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
__________Е. Сагимбаев
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 10 қарашадағы
№ 102нқа/қе мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі 2025 жылғы
7 қарашадағы № 681
Бірлескен бұйрығына
1 қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық (құрылымдық) бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның көшірмесі)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні

20__жылғы "___" ______

Шекаралық бақылау бөлімшесінің мөртаңба орыны

Өткізу пунктінің атауы

 
___________________________

Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркеменің нөмірі


Жыртпалы бөлігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні

20___жылғы "___" ________

Бағыты

Қазақстан Республикасына кіру


Қазақстан Республикасынан шығу


Автомобиль көлік құралының түрі (тиісті ұяшыққа белгі қойыңыз):

Жүк көлігі


Автобус


Жеңіл автомобиль


Жүк жолаушылар


Жаяу



Көлік құралында келе жатқан адамдардың саны


Тасымалданатын жүктің сипаты


Бос


Автомобиль көлік құралының меншік иесі


Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі


Көлік құралы тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі


Шекаралық бақылау

Паспорттық бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

АКҚ жете тексеру
мөртаңба
______________
(қолы)

Мемлекеттік бақылау

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

Ветеринариялық
бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

Фитосанитариялық бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

Көліктік бақылау
мөртаңба
______________
(қолы)

АКҚ жете тексеру
мөртаңба
______________
(қолы)

      Ескертпе:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктіне өткен кезде мемлекеттік бақылаудан өту туралы талондағы бақылаушы органдардың тізбесі өзгертіледі.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      АКҚ – автокөлік құралы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 10 қарашадағы
№ 102нқа/қе мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 7 қарашадағы № 681
Бірлескен бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 516-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады.

      Салық салынатын импортты жасау күні салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке алған күні, ал тауарларды халықаралық автомобиль қатынасында тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарына иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;

      2) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен тауарлар (бұдан әрі – жүктер мен тауарлар) – Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, заттар, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгi (багаж) және көлiк құралдары;

      3) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық әуежай немесе аэродром шегіндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын, тиісті инфрақұрылымы бар арнайы бөлінген аумақ (акватория).

2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесін) ұсыну тәртібі

      4. Халықаралық автомобиль қатынасында тауарды тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлғаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктіне кірген кезде шекаралық бақылау бөлімшесі талон береді.

      5. Автомобиль өткізу пунктінде тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонды бір данада толтырады.

      6. Тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін, шекаралық бақылау нәтижелері бойынша талонда шекаралық бақылау бөлімшесінің мөртаңбасы қойылады, онда автомобиль өткізу пунктінің атауы және көлік құралының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күні көрсетіледі.

      7. Өткізу пунктінен шыққан кезде талонның жыртпалы бөлігі шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылаулардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың, сондай-ақ бақылаушы органдардың өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылаудың нәтижелері бойынша рұқсат белгілерімен бірге шекаралық бақылау бөлімшесіне қайтарылады.

      8. Тауарларды есепке алу күні туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде қамтылады.

      Егер тауар бірнеше салық төлеушіге тиесілі болса, тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонның көшірмелерін барлық салық төлеушіге береді.

      9. Автомобиль өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау бөлімшелерін талонмен қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады