ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – Тізбе).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын, 2-тармағының төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 1 маусымдағы № 62 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32872 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесінде:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Әрбір іріктемелі жиынтықтың жеке және (немесе) командалық тиімділік деңгейін талдау үшін телефон және (немесе) онлайн-сауалнама арқылы ұсынылған гипотезаларды растау және (немесе) теріске шығару жүргізіледі. Қаржылық емес қолдау шараларының тиімділігін талдау шеңберінде жүргізілетін телефонмен және (немесе) онлайн сауалнама жүргізу үшін сұрақтар тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген. Бұл ретте қаржылық емес қолдаудың нақты құралын іске асыруға тікелей қатысты қосымша болжамдарды/мәселелерді пайдалануға жол беріледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың қорытындысы бойынша есепті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті үш жылда бір рет, есепті жылдан кейінгі жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржылық емес қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындылары бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық емес қолдау шараларын ұсынатын мемлекеттік органдар үшін есептік ақпарат жібереді.".
2. "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесінде:
2-тармақтың 2), 7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);
7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;
8) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "цифрлық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға өтінімді тіркеуге, сондай-ақ оны электрондық түрде автоматтандырылған өңдеуге мүмкіндік беретін Интернет желісінде орналастырылған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
9) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне рұқсат беретін интернет-ресурс.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайттарында орналастырылған статистикалық деректер және қаржылық және мүліктік қолдау операторларының және қолдау шараларын ұсынатын ұйымдардың және халықаралық зерттеу ұйымдарының ресми сайттарында, сондай-ақ субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталында орналастырылған ашық деректер пайдаланылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қаржылық және мүліктік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындылары бойынша есепті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне үш жылда бір рет, есепті жылдан кейінгі жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.".
3. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36158 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Шағымдану тәртібі бойынша түсініктеме алу және барлық қажетті деректерді көрсете отырып, шағым дайындауға жәрдемдесу алгоритмі:
мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйым арқылы жүгінген жағдайда – түсініктеме беруге және шағымды дайындауға көмектесуге жауапты адамның лауазымы, мекенжайы, байланыс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы;
портал/цифрлық жүйе арқылы цифрлық форматта жүгінген жағдайда – мемлекеттік қолдау шарасын көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны.".