Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 мамырда № 36158 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысаны _______________________________________________________ (мемлекеттік қолдау шарасының атауы)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қолдау шарасының әкімшісі болып табылатын мемлекеттік органның атауы.

      2. Осы мемлекеттік қолдау шарасын тікелей ұсынатын оператор.

      3. Мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері) атауы және бабы (тармағы).

      4. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету нысаны (қағаз түрінде, электрондық түрде – қолдау көрсету жүйесінің атауы мен сілтемесін көрсету).

      5. Мемлекеттік қолдау шарасын алушы (кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік түрі (әлеуметтік, әйелдер, жастар, отбасылық), кәсіпкерлік субъектісінің жынысы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, орналасқан жері (қала/ауыл), қызмет саласы, экономикалық қызметтің жалпы жіктеушінің коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктеушінің атауы).

      6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қолдау шарасының нәтижесі (мемлекеттік ынталандыру шарасы не мемлекеттік қолдау шарасын беруден бас тарту туралы уәжді жауап).

      7. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету туралы сұранысты қарау мерзімдері.

      8. Нәтижені ұсыну тәсілі (электрондық, қағаз түрінде).

      9. Жұмыс кестесі (жұмыс күндері, сағаттары, үзілістер, демалыс күндері).

2-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету

      10. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қажетті құжаттар мен талаптардың толық тізбесі.

      11. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қолдау көлемі мен мерзімі.

      12. Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру көзі (екінші деңгейдегі банк, лизингтік компания, микроқаржы ұйымы, оператор).

      13. Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін қарсы міндеттемелердің көлемі мен мерзімі.

      14. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну рәсімін тоқтата тұрудың немесе оны көрсетуден бас тартудың толық негіздер тізбесі.

3-тарау. Ұсынылған мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу

      15. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасын мониторингтеуді жүргізуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері) атауы және бабы (тармағы).

      16. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігін мониторингтеу немесе талдау жүргізілетін түрлері, мерзімдері және жағдайлары.

      17. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының мониторингтеу нәтижесі.

4-тарау. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын ұйымның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      18. Мемлекеттік қолдау шарасын көрсететін ұйымның (ұйымның/мемлекеттік органның атауы), оның лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      19. Шағымдану тәртібі бойынша түсініктеме алу және барлық қажетті мәліметтерді көрсете отырып, шағым дайындауға жәрдемдесу алгоритмі:

      мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйым арқылы жүгінген жағдайда – түсініктеме беруге және шағымды дайындауға көмектесуге жауапты тұлғаның лауазымы, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы;

      портал/ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жүгінген жағдайда – мемлекеттік қолдау шарасын көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны.

      20. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның, оның лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымның адресаты.

      21. Кәсіпкерлік субъектісінің дәлелдерін растайтын (қажет болған жағдайда) мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның, оның лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) ресми шағым беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі.

      22. Шағымды тіркеу тәртібі.

      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көздейтін құжаттың атауы, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері.

      24. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның, оның лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарау мерзімі, бірақ шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      25. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұйымның, лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сот сатысының (уәкілетті мемлекеттік органның) атауын және қажетті байланыс деректерін көрсете отырып, жоғары тұрған сот сатысына шағымдану тәртібі.

      26. Жоғары тұрған сот сатысының (сотқа дейінгі тәртіпте) шағымды қарау мерзімі.

      27. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның, лауазымды тұлғасының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіпте шағым беру орны (мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның атауы және мекенжайы).

      28. Мемлекеттік қолдау шарасын ұсынатын ұйымның шағымды және әкімшілік істі сотқа дейінгі тәртіпте қарау үшін жоғары тұрған сот сатысына жіберу мерзімі.

      29. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұйым шағымды жоғары тұрған сот сатысына жолдамайтын негіздер.

      30. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұйым шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгіну тәртібі.

5-тарау. Қаржылық қолдау шаралары бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану және қарсы міндеттемелерді, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелерді орындамау жағдайда ақшалай қаражатты қайтару

      31. Ақша қаражатын қайтару тәсілі: мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, қаржы ұйымдары, мемлекеттік қолдау операторлары арқылы.

      32. Мемлекеттік қаржылық қолдау шарасын әлеуетті алушының алынған бюджет қаражатын қайтарғанын растайтын құжаттың атауы мен нысаны.

      33. Ақша қаражатын мемлекеттік бюджетке қайтару мерзімі.

      34. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары аясында ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылмайды.

      35. Егер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тәртібін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерде өзгеше белгіленбесе, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде қарсы міндеттеме кредит қаражатын мақсатты пайдалану, лизинг болып табылады.

      36. Қарсы міндеттемелерді орындамау жағдайында тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де шаралар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады