Ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38827 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 71) тармақшасына және 60- бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 263 бұйрығымен
бекітілген

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 71) тармақшасына және 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Қағидаларда Кодекспен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттармен анықталған ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруды ұйымдастыру

      3. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:

      1) жауапты (тіреу) элементтері мен қосылуларда бұзылу қаупін тудыратын ақаулар мен бүлінулер, қолданылған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының сапалық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі анықталған;

      2) өрт және төтенше жағдайлар салдары;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы актілер берілген;

      4) ғимараттар мен құрылысжайлардың конструктивтік схемасын, өндіріс технологиясын өзгертуге байланысты құрылыс жобасы түзетілген;

      5) ғимаратты немесе құрылысжайды пайдаланудың нормативтік мерзімдері өтіп кеткен;

      6) күрделі жөндеудің немесе реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығы айқындалған;

      7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер ету (қардың, желдің әсері) ұлғайған;

      8) құрылыс объектілерін техникалық пайдалану кезінде (тұрақты) техникалық байқаудың белгіленген мерзімдері басталған;

      9) құрылысы аяқталмаған объектілер алты айдан астам мерзімге консервацияланған не тоқтатыла тұрған;

      10) құрылыс объектісі кеңейтілген, жаңғыртылған, реконструкцияланған, техникалық қайта жарақтандырылған, реставрацияланған, күрделі жөнделген және оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

      4. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды (бұдан әрі – ұйым) және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғаларды тарта отырып, шарт негізінде жүзеге асырады (бұдан әрі – маман).

      5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау техникалық тапсырмаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асыруға арналған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген және құрамында жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар кемінде үш маман, сондай-ақ жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде қызметін жүзеге асыратын, "конструкциялық бөлік" мамандануы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сертификаты бар бір маман (сарапшы), инженер-геодезист бар заңды тұлғалар жүргізуге тиіс және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғалар жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде техникалық зерттеп-қарауды жеке жүзеге асырады.

2-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру

      7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде маман не ұйым мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Тапсырыс берушіден тексерудің бастапқы деректерін: қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы, сараптамалық қорытындысын, инженерлік-геологиялық ізденістер жөніндегі қорытындыны, атқарушылық-техникалық құжаттаманы, рұқсат беру құжаттамасын, құқық белгілейтін құжаттарды сұратады;

      2) ақауларды суретке түсіріп, қарап тексеру жүргізеді;

      3) Тапсырыс беруші объектіні техникалық зерттеп-қарауды дайындау бойынша барлық қажетті іс-қимылдарды ұйымдастыруы және орындауы үшін тіреу конструкцияларын қажетті ашу орындары бар іс-қимылдар бағдарламасын Тапсырыс берушіге ұсынады;

      4) ұсынылған бастапқы деректерді алдын ала зерделеу мен талдауды жүргізеді;

      5) негiзгі тіреу және қоршау конструкцияларына, оның ішінде негіздемелер мен iргетастарға егжей-тегжейлі аспаптық тексеру жүргізеді;

      6) егжей-тегжейлі аспаптық зерттеп-қарау жүргізген кезде аккредиттелген мамандандырылған зертхананы тартады;

      7) зерттеп-қарау жатқан бүкіл объекті мен оның конструкциялық элементтерінің нормативтік талаптардан ауытқуларын анықтау үшін олардың инженерлік-геодезиялық түсірілімін жүргізеді;

      8) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдарының сапасын тексереді, олардың Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынақтарын ұйымдастырады және сапасын растайтын құжаттардың (техникалық паспорттар, сертификаттар, зертханалық сынақтардың қорытындылары және басқалары) бар-жоғын тексереді;

      9) зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелерге зерделеу жүргізеді;

      10) зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелер мен зертханалық деректерді ескеріп, ұсынылған бағдарламалық кешендерде ғимаратты (құрылысты) тексеру есебін жүргізеді;

      11) барлық алынған деректерге инженерлік талдау жүргізеді (конструкциялардың жұмыс істеу қабілеті санатын айқындай отырып, бастапқы деректерді, тексеру нәтижелері мен тексеру есептерін талдау);

      12) объектінің нақты деректері бойынша қажетті қосымшалары (жоспарлар, бөліністер, тіреу конструкцияларының атқарушылық түсірілімі, суретқосымша, зертхана хаттамалары, растайтын материалдар) бар, объектінің сенімділігі мен орнықтылығына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері туралы қорытынды жасап, жүргізілген техникалық зерттеп-қарауды инженерлік талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды;

      13) жасалған қорытындылардың негізінде қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) жөнінде ұсынымдар әзірлейді;

      14) объектіге қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) бойынша қортындылар мен ұсыныстары бар объектіні техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытындыны Тапсырыс берушіге береді.

      8. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырған кезде маманға немесе ұйымға толық техникалық жәрдем көрсетеді.

      9. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар мамандарға осы құрылыс объектісінде қолданылатын қауіпсіздік техникасының арнаулы қағидалары туралы нұсқау берілуге тиіс.

      10. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау мерзімі шартпен айқындалады және мынадай:

      техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін күнтізбелік отыз күннен;

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі бірегей және техникалық күрделі объектілер үшін күнтізбелік алпыс күннен;

      бірінші жауапкершілік деңгейіндегі өндiрiстiк мақсаттағы бірегей және техникалық тұрғыдан күрделі объектілер үшін күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайды.

      11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын маман жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына Кодекстің 60-бабының 11-тармағына сәйкес жауапты болады,

      12. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық зерттеп-қарау жүргізу барысында мамандардың кәсіби қызметіне араласуға болмайды.

3-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар

      13. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) мұқаба парақ (орындаушы ұйымның атауы, объектінің атауы мен мекенжайы, кім бекітеді, тіркеу нөмірі, күні);

      2) қорытындының мазмұны (беттері көрсетілген бөлімдер мен қосымшалардың тізбесі);

      3) техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін негіздеме (шарттың нөмірі мен күні, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеруге арналған техникалық тапсырма);

      4) зерттеп-қарауға Тапсырыс берушінің ұсынған бастапқы деректерінің тізбесі;

      5) зерттеп-қарау жүргізіліп жатқан объектінің орналасқан алаңы бойынша жалпы сипаттама (орналасқан алаңның, климаттық жағдайлардың, алаңның инженерлік-геологиялық жағдайларының сипаттамасы);

      6) көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдер (қабылданған көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдердің сипаттамасы), инженерлік жүйелер туралы мәліметтер;

      7) тексеру нәтижелері (жүргізілген тексерулердің, анықталған ақаулар мен бұзушылықтардың сипаттамасы);

      8) зерттеп-қарау есебінің нәтижелері (қолданылған есептеу бағдарламасын көрсету, есептеу схемасының сипаттамасы, жүктемелер жинағының кестесі, объектінің есептік модельдері, есептеу хаттамалары, тіреу элементтеріндегі күш түсу схемалары, есеп бөлімі бойынша қорытындылар);

      9) барлық алынған деректердің инженерлік талдау;

      10) қорытынды;

      11) ұсынымдар;

      12) қосымшалар (фотоматериалдар, инженерлік-геологиялық сынақтар бойынша қорытынды, графикалық материалдар, атқарушылық түсірілім, зертханалық сынақтар хаттамалары, атқарушылық-техникалық құжаттама, орындаушы ұйымның аккредиттеу туралы куәлігі, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүргізу құқығына мамандардың сертификаттары).

      14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытындыға техникалық зерттеп-қарау жүргізген ұйым барлық сертификатталған мамандары қол қояды, жеке мөртаңба қойылады және оны ұйымның бірінші басшысымен бекітеді.

      Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарау жөніндегі қорытындыға техникалық тексеруді жүргізген мамандар қол қояды, жеке мөртаңба қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады