ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 110-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" АЦЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;";
3) тармақша алып тасталсын;
2-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар беру және олардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібі";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттар (бұдан әрі - гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбек етуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 (бір) жылдан аз дара кәсіпкер ретінде гранттар алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте, тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.";
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге, ұлттық және (немесе) шетелдік валюта, бағалы қағаздар, цифрлық активтер сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған қызметті жүзеге асыруға берілмейді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын еңбек мобильділігі орталығының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын 3 (үш) ай аралығымен кемінде 2 (екі) лек ұйымдастырылады. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 (он) жұмыс күнін құрайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Портал:
1) қатысу мерзімі 12 айдан аспайтын ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын;
2) соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан;
3) бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар немесе мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар және (немесе) микрокредиттер алған;
4) дара кәсіпкердің қызметін тоқтата тұрған грант алуға өтінім бергенге дейінгі соңғы 6 айдағы жұмыссыздар;
5) бұрын алынған кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
6) Кодекстің 207-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған дара кәсіпкерлер;
7) өтініш берген сәтте қолданыстағы еңбек шарттары бар дара кәсіпкерлер;
8) банкроттық не тарату рәсіміне жататын дара кәсіпкерлер;
9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша бизнес-жобаны іске асыру үшін лицензиясы жоқ;
10) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген үміткерлердің грант алуға берген өтініштерін қабылдаудан бас тартады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын мансап орталығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссияның отырысына қарауға шығарады (бұдан әрі – комиссия).";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік масс-медиа өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде комиссияны құрады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Комиссияның құрамы әрбір лек сайын, сондай-ақ конкурстық комиссияның бір немесе бірнеше мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда жаңартылып отырады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Комиссия өз жұмысын алқалылық, ашықтық, жариялылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
Комиссия отырыстарына бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың, масс-медианың өкілдері және аудан (қала) мәслихатының депутаттары болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.
Комиссия отырыстарын өткізу кезеңінде комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде ол екі жұмыс күні ішінде комиссияның төрағасын және қалған мүшелерін мүдделер қақтығысы толығымен жойылғанға дейін комиссия қызметіне қатысудан өздігінен бас тарта отырып жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.
Комиссия төрағасында мүдделер қақтығысы туындаған кезде оның өкілеттіктері оның орынбасарына өтеді.
Мүдделер қақтығысы деп комиссия мүшелерінің жеке мүдделілігі олардың өз міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай ұғынылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Комиссия отырысы Порталда аудио және (немесе) бейне тіркеуді қолдану арқылы өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және цифрлық технологияларды қолдана отырып түсіріледі. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында он екі ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады. Үміткердің бизнес-жобаны онлайн қорғауына жол беріледі.";
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін мансап орталығының қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия шешімін отырыс хаттамасына және грант алушылардың қалыптастырылған тізіміне сәйкес "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға енгізеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия отырысының шешімі "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға үміткер Порталдағы жеке кабинет арқылы грант беру немесе бермеу туралы тиісті хабарлама алады.";
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді және Порталдағы дара кәсіпкердің банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға жіберіледі.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Грант алушы осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шартты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол "Еңбек нарығы" АЦЖ-ға жіберіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Еңбек мобильділігі орталығы Шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушыға тіркелген дара кәсіпкердің ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық органына береді.
Грант қаражатын пайдалану тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Еңбек мобильділігі орталығы жыл сайын 10 сәуірге дейін өзінің ресми интернет-ресурсында грант алушылар, қаржыландырылған бизнес-жобалар, берілген гранттардың сомалары және грант алушылар құрған жұмыс орындары туралы толық ақпаратты жариялайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алушы бизнес-жобаға сәйкес Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды.
Грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсына отырып, бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы 24 (жиырма төрт) ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.
Грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар:
1) Шартта көзделген мақсаттарға тауар, жұмыс, қызмет үшін ақы төлеу немесе қаражат жіберу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары, фискалдық чектер, кіріс кассалық ордерге түбіртектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (грант берілген күннен бастап грант қаражаты нақты игерілген күнге дейін) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа төлем құжаттары;
2) тауарларды алуды, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді және грант беру туралы шартта көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізуді растайтын құжаттар: шарттар, келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, жүк кедендік декларациялар және (немесе) қабылдау-беру актілері;
3) бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілуін растайтын құжаттар.
4) жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды және мансап орталығының жолдамасы бойынша құрылған жұмыс орындарына ізденушілерді жұмысқа орналастыруды растайтын құжаттар;
5) бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) грант қаражатын нысаналы пайдалану туралы растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаны іске асыру барысы туралы есеп Порталға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды бизнес-жобаға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
Грант алушының Шарт талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда еңбек мобильділігі орталығы бір жақты тәртіппен Шартты бұзады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, оның ішінде сот тәртібінде грант қаражатын қайтару бойынша шаралар қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Грант алушы грант алған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құрады және мансап орталығының жолдамасы бойынша құрылған жұмыс орындарына ізденушілерді жұмысқа орналастырады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Грант алушы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде:
1) грант қаражаты толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда қаражатты толық қайтаруды жүзеге асырады;
2) ішінара пайдаланған жағдайда Порталдағы жеке кабинетте тиісті өтініш беру арқылы қалған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бизнес-жобаны іске асыруды нысаналы пайдалануды растау:
1) жаза шартты түрде тағайындалған жағдайларды қоспағанда, жұмыссызды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға соттау;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберу;
3) грант алушының қайтыс болуы;
4) грант алушыны хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау;
5) сот грант алушыны әрекетке қабілетсіз деп тану жағдайларында талап етілмейді.
Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде грант алушыға әскери қызмет өткеру мерзіміне кейінге қалдыру беріледі.";
30, 31, 32, 33 және 34-тармақтар алып тасталсын;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер;
7) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркеу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін соңғы 2 (екі) жылда жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша оң динамикасының болуы;
8) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі бір жылдан кем емес мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін микрокредит алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құру;
9) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 94-бабына сәйкес салық органдарында тіркеу мерзімі бір жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кемінде 2 (екі) тұрақты жұмыс орнын құру;
10) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде болмаған кезде;
11) банкроттық не тарату рәсімі болмаған кезде микрокредиттер беріледі.
Үміткер микрокредит алуға өтініш берілген жылға дейін соңғы 2 (екі) жыл ішінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайтуды қамтамасыз еткен кезінде осы Қағидалардың 38-тармағының 7) тармақшасына сәйкес деп есептеледі.
Үміткер микрокредит алуға өтініш берілген жылға дейін соңғы 2 (екі) жыл ішінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің көлемі төмендеген кезде осы Қағидалардың 38-тармағының 7) тармақшасына сәйкес келмейді деп есептеледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі талаптары, тәсілдері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес тапсырма шартында белгіленеді.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен өзінің ішкі құжаттарына сәйкес ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді.";
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бизнес-жобаларды іріктеу критерийлері өзектілік және жобаның негізділігі, аргументтілік, экономикалық тиімділік және орындылық, қоғамдық маңыздылық, бизнестің нақты іс-қимыл жоспары мен дамыту стратегиясының болуы, бизнес-жобаның өміршеңдігі, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, бизнес-жобаны іске асырудан болжамды пайда деңгейі болып табылады.
Комиссия құрамында 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік масс-медиа өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.";
45-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына масс-медиа, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Микрокредиттік қарыздың және (немесе) түпкілікті қарыз алушылардың төлем тәртібін нысаналы пайдаланылу мониторингісін бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қол қойылған қарыз шартының талаптары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартында көрсетілген мерзімдерде түпкілікті қарыз алушылардың микрокредиттік қарызды нысаналы пайдалануына және олардың төлем тәртібіне мониторингті жүзеге асырады.
Мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) түпкілікті қарыз алушыдан мониторинг нысанасына қатысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратады.
Сенім білдірілген өкіл (агент) мониторинг жүзеге асырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мониторинг есебін жасайды және оны халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
Мониторинг есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.";
3-тармақтың 2-параграфы алып тасталсын;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша алып тасталсын;
Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші және алпыс бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар алуға өтініш
Грант беруді сұраймын:
1. Жобаның атауы_________________________________________.
2. Жобаның болжамды құны _________________________ теңге.
3. Грант алу мақсаты _______________ (анықтамалықтан таңдалады).
4. Үміткердің жұмыспен қамту санаты (автоматты түрде қойылады).
5. Білім деңгейі (анықтамалықтан таңдалады).
6. Жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіш.
7. Үміткердің әлеуметтік санаты (автоматты түрде қойылады).
Бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығын растаймын.
Әзірленген бизнес-жобаны қоса беремін.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Банктік құпияны қамтитын мәліметтерге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына қол жеткізуге келісім беремін.
Микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі
№ р/с | Құжаттың атауы | Құжат түрі/мәліметтер | Ескертпе |
1 | Сенім білдірген өкілдің (агенттің) ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға арналған сауалнама - өтініші | түпнұсқа/ электрондық құжат | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде кредитордың қатысуымен толтырылады |
2 | Жеке басын куәландыратын құжат | көшірмесі/ құжаттың электрондық көшірмесі/ мемлекеттік деректер қорынан алынған электрондық форматтағы мәліметтер | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде құжаттың көшірмелері түпнұсқасымен салыстырылады |
3 | Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі | түпнұсқа/ электрондық құжат | Кредитордың қатысуымен толтырылады |
4 | Субъектінің берілген микрокредит туралы мәліметтерді және мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, масс-медиаға кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық ақпаратты беруге және алуға келісімі |
түпнұсқа/ | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде кредитордың қатысуымен толтырылады |
5 | Бизнес-жоспар | қарыз алушы қол қойған түпнұсқа/ электрондық құжат | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде |
6 | Қатысушы/үміткердің уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі | түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) | |
7 | Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі | түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) | |
8 | Шоттың болуы және кредиттік берешектің болуы туралы, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен шоттың болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар | түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады)/ электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/ кредиттік бюролардан электрондық форматтағы мәліметтер | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде |
9 | Бағалау туралы есеп | түпнұсқа/ электрондық құжат | микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде |
10 | Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар | көшірмесі/ мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық мәліметтер | құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен салыстырылады |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-МК
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін
ЖСН/БСН | |||
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегирленген түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
Кесте
№ р/с | Кредитордың атауы | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының атауы жеке сәйкестендіру нөмірі/ қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Жобаның атауы | Микрокредит беру күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы:
Микрокредит беру мерзімі, айлар | Микроедит сомасы (теңге) | Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып) | Қаражатты нақты нысаналы пайдалану(қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып) |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы:
Іске асыру орны (аудан) | ЭҚЖЖ коды көрсетілген экономика саласы | Бастапқы бизнес (стартап жобалар), теңге | Ісін жаңа бастаған, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер (теңге) | Құрылған жұмыс орындарының саны |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
| "Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды сенім білдірілген өкіл (агент) толтырады және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға ұсынады.
3. Нысан ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде ұсынылады.
4. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
5. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысан төмендегідей толтырылады:
Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
Нысанның 2-бағанында кредитордың атауы көрсетіледі;
Нысанның 3-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі;
Нысанның 4-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
Нысанның 5-бағанында қарыз алушының бизнес-жобасының атауы көрсетіледі;
Нысанның 6-бағанында қарыз алушыға микрокредит берілген күн көрсетіледі;
Нысанның 7-бағанында микрокредиттің мерзімі көрсетіледі;
Нысанның 8-бағанында микрокредиттің сомасы көрсетіледі;
Нысанның 9-бағанында микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі;
Нысанның 10-бағанында қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып, қарыз қаражатының нысаналы мақсаты көрсетіледі;
Нысанның 11-бағанында қарыз қаражатының әрбір бағытының атауын және сомасын көрсете отырып, қаражатты мақсатқа сай пайдалану фактісі көрсетіледі;
Нысанның 12-бағанында бизнес-жобаның іске асырылатын орны көрсетіледі;
Нысанның 13-бағанында ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып, қарыз алушының бизнес-жобасы экономиканың қай саласына жататыны көрсетіледі;
Нысанның 14-бағанында бастапқы бизнеске (стартап жобаларға) берілген микрокредиттердің сомасы көрсетіледі (теңге);
Нысанның 15-бағанында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге берілген микрокредиттердің сомасы көрсетіледі (теңге);
Нысанның 16-бағанында қарыз алушылар құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.