"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38791 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20222 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 25 мамырдағы
№ 371
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 281 бұйрығына
қосымша

"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде көрсетеді.

      3. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші және "цифрлық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЦҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ЦҮП арқылы ұсынады.

      5. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, ЦҮП арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді, оларды электрондық өтінішпен салыстырып, оның дұрыс толтырылуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралының деректерін іздестіру базасында бар-жоғын, сондай-ақ тіркеу әрекеттерін жасауға тыйымдар мен шектеулердің болуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және электрондық-цифрлік қолтаңбасымен қол қойылған нәтижесін ресімдейді, және оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) арқылы жүзеге асырылады.

      Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілуі мүмкін.

      Қызмет көрсетушінің атына түскен қызмет алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған қызмет көрсетуші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған қызмет көрсетуші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Шағымды қарайтын органның атына түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе шағымды қарайтын мемлекеттік органның шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу, не орнында тексеру жүргізу қажеттілігі туындаған кезде;

      2) қосымша ақпарат алу қажеттілігі болған кезде.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген қызмет алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны және ұзартудың себептері туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген жағдайда) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген жағдайда) хабарлайды.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне қойылатын талаптар

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Көзделмеген.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

4

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

Көрсетілетін қызметті беруші және www.egov.kz "цифрлық үкімет" порталы (бұдан әрі - ЦҮП)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

ЦҮП арқылы – (толық құжаттар ұсынылғаннан кейін) 2 (екі) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру немесе дәлелді бас тарту

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Қызмет көрсетушінің, және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 09-00-ден бастап сағат18-00-ге дейін;
2) ЦҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 17.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілген қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады:
1) электрондық нысандағы дербес деректерді жинауға және өңдеуге өтініш туралы өтініш, осы Ережелерге 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер;
3) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органының аумақтық бөлінісінің көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы шешімі;
4) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгенен кейін оның конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасы;
5) техникалық құралды тексеру нәтижелері бойынша ресімделген диогностикалық карта, конструкциясына енгізілген өзгерістері бар көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, техникалық регламенттердің, стандарттардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарына сәйкестігі.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде цифрлық нысанда және арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктен ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ЦҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге өтініш

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

      атауы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның

      атауы немесе олардың өкілдері)

      Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Уақыты және күні: ___ сағ ___ мин "__" _______ ____ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады