ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20222 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 25 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 281 бұйрығына қосымша |
"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде көрсетеді.
3. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші және "цифрлық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЦҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ЦҮП арқылы ұсынады.
5. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, ЦҮП арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді, оларды электрондық өтінішпен салыстырып, оның дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралының деректерін іздестіру базасында бар-жоғын, сондай-ақ тіркеу әрекеттерін жасауға тыйымдар мен шектеулердің болуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және электрондық-цифрлік қолтаңбасымен қол қойылған нәтижесін ресімдейді, және оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) арқылы жүзеге асырылады.
Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған лауазымды адамға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілуі мүмкін.
Қызмет көрсетушінің атына түскен қызмет алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған қызмет көрсетуші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданылып отырған қызмет көрсетуші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Шағымды қарайтын органның атына түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе шағымды қарайтын мемлекеттік органның шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу, не орнында тексеру жүргізу қажеттілігі туындаған кезде;
2) қосымша ақпарат алу қажеттілігі болған кезде.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген қызмет алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны және ұзартудың себептері туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген жағдайда) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген жағдайда) хабарлайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
| "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
| "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге өтініш
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
атауы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның
атауы немесе олардың өкілдері)
Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Уақыты және күні: ___ сағ ___ мин "__" _______ ____ ж.