"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38788 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаруды дайындаушы кәсіпорындар қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

      1) азаматтық және қызметтік қару немесе оның патрондарының жаңа түрлерін және модельдерін жасаумен байланысты зерттеу;

      2) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу процесінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының жаңа түрлерінің немесе модельдерінің тәжірибелік үлгілерін әзірлеу, сондай-ақ қару немесе патрон өндірісіне ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу және сараптау;

      3) азаматтық және қызметтік қарудың немесе патрондардың техникалық сипаттамаларын (қасиеттерін) анықтау, қызмет ету және қауіпсіз пайдаланудың шекті мерзімдерін белгілеу үшін сынау;

      4) азаматтық және қызметтік қаруды немесе патрондарды дайындау, оның ішінде қаруды жинау және атыс қаруының негізгі бөлшектерін немесе патронның құрама бөлшектерін (гильза, капсюль, дәрі, оқ, бытыра және картеч) жасау, патрондарды құрастыру және жарақтау;

      5) азаматтық және қызметтік қарудың негізгі бөліктеріне құрылымдық өзгеріс енгізбей және қарудың техникалық және криминалистикалық сипаттамаларын сақтай отырып көркемдеп әрлеу. Қаруды көркемдеп әрлеу кезінде бағалы металдар, бағалы және жартылай бағалы тастар, сондай-ақ қарудың нақты моделін дайындау кезінде қажетті болып табылмайтын материалдар мен технологиялар қолдануға болады;

      6) азаматтық және қызметтік қаруды жөндеу, оның ішінде бөлшектердің ақауларын жою немесе оларды ауыстыру жолымен жұмыс күйіне келтіру, сондай-ақ қарудың сыртқы түрін және көркемдеп әрлеу элементтерін қалпына келтіру;

      7) дайындалған қаруды өткізу, ол Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының атаулары мен кодтарына сәйкес келген жағдайда, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) одан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2-қосымшасының 2.22-бөлімінің 1, 4 және 32-тармақтарында көрсетілген (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген), Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдасына жүзеге асырылады.

      Қаруды өткізу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес рәсімделген шарт немесе өзге де акт негізінде жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы аумағында қару мен патрондар саудасын жүзеге асыруға лицензия негізінде қару және патрондарды жасап шығаратын заңды тұлғанлардың, сондай-ақ жеткізуші – заңды тұлғаның құқығы бар.

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды тек жеткізуші – заңды тұлғалар сауда залдарынан сатуға жол беріледі.

      Қару мен патрондарды дайындаушы кәсіпорындар оларды сатып алуға рұқсаты бар жеткізуші-заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлғалар осы Қағидалардың 4 және 37-тармақтарында көзделген жағдайларда ғана сатуды жүзеге асырады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеткізіп беруші заңды тұлғалар:

      1) сәйкестікті растайтын органның сәйкестік сертификаты және криминалистикалық талаптарға сәйкестік туралы қорытындысы бар қару мен патрондарды сатады;

      2) сатып алынатын және сатылатын қарудың есебін, сондай-ақ есепке алу құжаттамасының он жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте сатылатын қызметтік және азаматтық атыс ойық қарудан атылған оқ пен гильзаларды ұсынады.

      Отандық қаруды бақылау үшін атуларды дайындаушы-кәсіпорындар зауыт паспорттарында тиісті жазбаларды енгізумен жүргізеді.

      Импорттық қарудың бақылау үшін атуларын ішкі істер органдары жүргізеді;

      4) оның сақталуын мен қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді;

      5) персоналдың қару айналымы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін қамтамасыз етеді;

      6) қару және патрондар орналасатын және сақталатын орындарға (сөреден асып) бөтен адамдардың, сондай-ақ қаруға рұқсаты жоқ дүкен жұмыскерлерінің кіруіне жол бермеу;

      7) ішкі істер органдарында тіркеуге жататын қаруды сатқан кезде сатушылар сатып алушының жеке бас куәлігінің немесе паспортының түпнұсқасымен қаруды сатып алуға рұқсатын салыстырады;

      8) үрлемелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі – Дж) аспайтын және конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, 4,5 мм дейінгі калибрлі белгi беретін, қару, пневматикалық қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелді) 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының № 64 бұйрығымен бекітілген соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамалар, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Психиатрия" және "Наркология" психикалық денсаулық орталықтарынан алынған мәліметтер) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды және наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер, "Азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 536 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) (бұдан әрі – даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтама) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларының даярлау (қайта даярлау) бағдарламасынан өткені туралы анықтамалар ұсынылғаннан кейін оларды сатып алу рұқсатынсыз он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізеді.

      Заңды тұлғаларға көрсетілген қару оны сатып алуға рұқсаттар бойынша сатылады.

      Азаматтық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті адамның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамаларды, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы мәліметтерді ұсынбай сатып ала алады.

      Сатып алушы ұсынған анықтамалар, мәліметтер, рұқсаттардың көшірмелері және жеке басын куәландыратын мәліметтер тігіледі және есептік құжаттамамен он жыл сақталады, оларды электрондық түрде сақтауға жол беріледі.

      Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.

      Оқсыз атылатын қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға, коллекциялауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға сатуға құқылы;

      9) сауда залында "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ЕЛ МДҚ ЦЖ) серверіне қосылған бағдарламалық қамтамасыз етумен компьютерлік жабдықтың болуын қамтамасыз етеді;

      10) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген тәртіпте азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға қабылдайды.

      12. Жеткізіп беруші заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда қарудың нақты түрін және үлгілерін сатып алуға рұқсаты жоқ заңды және жеке тұлғаларға қаруды сатуға;

      2) техникалық реттеу саласында заңнамада белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өтпеген қару және патрондар, нөмірсіз және таңбасыз қару, сондай-ақ таңбасыз және бастапқы қаптамадағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға;

      3) қарудың нақты түрін және үлгісін сатып алуға рұқсаты жоқ заңды тұлғаларға, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қоспағанда қарудың тиісті түрі мен үлгілерін сақтау немесе сақтау және алып жүруге рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, сондай-ақ ЕЛ МДҚ ЦЖ-да рұқсат қағаздың мәртебесінде "жарамсыз" деп немесе ЕЛ МДҚ ЦЖ-да болмаған кезде патрондарды сатуға.

      Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына сатылатын патрондар Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2-қосымшасының 2.22-бөлігінің 20-22-тармақтарында көрсетілген тауарлар атауына және Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодтарына сәйкес келуі тиіс.

      Сату келісімшарт немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген өзге де актінің негізінде жүргізіледі;

      4) уақытша пайдалануға алған қаруды сақтау және алып жүруге рұқсаты бар жеке тұлғаларға патрондарды сатуға;

      5) бақылау атысын өтпеген ойық ұңғылы атыс қаруын сатуға;

      6) аңшылыққа арналған көздеуіштен (көздеуіш кешендері) басқа, қаруға түнде көру көздеуішін және дыбыссыз ату үшін жабдықтарды сатуға;

      7) Заңның 7-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тыйым салынған қару және патрондарды сатуға;

      8) спорттық, аңшылық және балық аулау жабдықтары және қарудың қосалқы бөлшектерінен басқа тауар түрлері сатылатын жайларда қару мен патрондарды сатуға;

      9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарынан, аңшылық оқ-дәрі, спорттық, аңшылық және балық аулау жабдықтары мен қарудың қосалқы бөлшектерінен басқа тауардың өзге түрлерін сатуға;

      10) қаруға ұқсас сәйкестік сертификаты жоқ құрылымы жағынан ұқсас заттарды сатуға;

      11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тізілімінде № 10747 болып тіркелген) бекітілген Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерімен белгіленген тәртіпте криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынақтан өтпеген қару мен патрондарды сатуға;

      12) қару және/немесе патронды сатып алуға рұқсат мәртебесі ЕЛ МДҚ ЦЖ-да "жарамсыз" немесе ЕЛ МДҚ ЦЖ-да болмаған кезде қару және оның патрондарын сатуға;

      13) қару мен патрондарды оның ішінде тіркеуге жатпайтын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды он сегіз жасқа толмаған, қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, қару ұстауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар және қаруды қауіпсіз ұстау және қаруды қауіпсіз қолдану дағдыларын меңгеру бойынша даярлықтан өтпеген адамдарға сатуға;

      14) қаруды, патрондарды және аңшылық оқ-дәрілерді сауда залдарынан немесе қаруды сақтауға арналған үй-жайлардан тыс жерлерде сатуға;

      15) ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды сатуға;

      16) пайдалануға техникалық жарамайтын қару мен патрондарды сатуға;

      17) нөмірі және таңбасы жоқ қару, сондай-ақ стандартқа сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға;

      18) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасына атылған оқ және гильзаны ұсына отырып, бақылау атуды өтпеген ойық ұңғылы атыс қаруын сатуға;

      19) уақытша пайдалануға алынған қару мен патрондарды сатуға;

      20) кедендік бақылауда тұрған қару мен патрондарды сатуға;

      21) жеке пайдалану үшін азаматтар жарақтаған аңшылық тегіс ұңғылы атыс қаруға патрондарды сатуға;

      22) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін он және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қаруды сатуға;

      23) жауынгерлік қарудан жасалған массалық-габариттік макеттерді сатуға жол берілмейді.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қаруды комиссиялық сату:

      1) жеткізіп беруші заңды тұлға қаруды комиссиялық сатуға сот шешімі бойынша немесе азаматтық және қызметтік қару иелерінен қабылдайды.

      Қаруды комиссиялық сатуға қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) белгіленген тәртіпте мемлекет меншігіне айналдырылған қару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын ішкі істер органы қызметкерлерінің қатысуымен сот шешімдері бойынша атқарушылық өндірісті жүзеге асыратын адамнан қабылданады.

      Егер белгіленген тәртіпте мемлекеттің меншігіне өндірілген қару ішкі істер органында тіркелген жағдайда қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалар сатуға қабылдаған кезде оны сақтауға немесе оны сақтау және алып жүруге қосымша талап етеді;

      3) ішкі істер органдарында тіркелген қару комиссиялық сатуға азаматтардан немесе ұйым өкілдерінен қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат қағазы, жеке куәлігі болған жағдайда қабылданады;

      4) қаруды комиссиялық сатуға сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсатсыз немесе атқарушылық құжаттарсыз тапсырған жағдайда қаруды дүкен әкімшілігі қабылдайды және қару тапсырған адам туралы мәліметтерді көрсете отырып, ішкі істер органдарына береді;

      5) комиссиялық сатуға қабылданған тіркелген азаматтық және қызметтік қару туралы мәліметтер қаруды тіркеу орны бойынша ішкі істер органына ЕЛ МДҚ ЦЖ арқылы жіберіледі.

      ЕЛ МДҚ ЦЖ арқылы мәліметтерді беру үшін жеткізіп беруші заңды тұлғаның қызметкері тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға тапсыру туралы жеке және заңды тұлға жүгінген кезде заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы "цифрлық үкімет" порталы арқылы тапсыратын адамда сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсатының бар-жоғын ЕЛ МДҚ ЦЖ-де тексереді, одан әрі қаруды қабылдаушы қызметкер белгіленген рұқсатпен сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органына ЕЛ МДҚ ЦЖ арқылы жолданатын сатуға қабылданған қару туралы мәліметті толтырады.

      Рұқсатсыз өткізілетін қаруды заңды тұлға ішкі істер органдарына сұрау салу арқылы оның тіркелу мәніне тексереді;

      6) ішкі істер органында тіркелген, комиссиялық сатуға тапсырылған қару оны тіркегеннен кейін ғана азаматтан және ұйымнан комиссиялық сатуға қабылдаған жеткізуші заңды тұлғаға қайта тіркеледі (есептен шығарылады);

      7) комиссиялық сатуға тапсырылған қару, оның ішінде оны тапсырған адамның сатып алуы қарудың тиісті түрін сатып алуға рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін;

      8) бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша қару мен патрондарды сатушылар мен сатып алушылардың арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

      16. Жеке немесе заңды тұлға қаруды және (немесе) патрондарды (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлға сатып алу туралы жүгінген кезде жеткізіп беруші заңды тұлға ЭЦҚ-ның көмегімен "цифрлық үкімет" порталы арқылы сатып алуға рұқсатының бар-жоғын ЕЛ МДҚ ЦЖ-де тексереді, одан әрі жеткізуші заңды тұлғаның қызметкері рұқсатта белгіленген сатып алынған қару туралы мәліметті толтыраы және ЕЛ МДҚ ЦЖ арқылы оларды сатып алуға рұқсат берген ішкі істер органына жолдайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Заңның 12-бабында 2) - 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ұйымдарды қайта құру немесе тарату кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға ішкі істер органдарынан рұқсат алған субъектілерге тапсыра алады.

      Қайта құру немесе тарату кезінде қаруды немесе оның патрондарын тапсыраған заңды тұлға әрбір қарудың санын, маркаларын, калибрлерін және нөмірлерін, патрондардың саны, маркаларын, калибрлерін көрсете отырып, қаруды есепке қойған ішкі істер органына ол туралы жеті күндік мерзімде жазбаша түрде хабарлайды. Хабарламаға қару сақтауға қайта рәсімдеу үшін рұқсат, сондай-ақ тапсыру жүргізуге негіз болған құжаттар қоса беріледі.

      Заңның 12-бабының 2) - 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар өз қызметін қысқартқан немесе тоқтатқан жағдайда, қызмет тоқтатыла тұрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өздерінде бар қару мен оның патрондарының ішкі істер органдарына тапсырады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Сатып алынған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде ЕЛ МДҚ ЦЖ немесе сатып алынған қару туралы мәліметтерді ұсыну жолымен (жеткізіп беруші заңды тұлғалар қаруды импорттаған жағдайда) сатып алуға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органында тіркеледі.

      Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда пневматикалық қару ішкі істер органдарында тіркеуге алынбайды.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат төлқұжатты немесе жеке басты куәландыратын куәлігі болған жағдайда үш айға жарамды.

      Бақылау үшін ату жүргізу мақсатында жеткізуші - заңды тұлға жеке тұлғаға жаңадан сатып алынған азаматтық қаруға арналған үш патронға дейін сатуға рұқсат етіледі.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Мыналарды:

      1) заңды және жеке тұлғаларға ішкі істер органдарынан қаруды сатып алуға рұқсатты алмай азаматтық және қызметтік қаруды;

      Белгі беру, оқсыз атылатын қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды Қазақстан Республикасының азаматтары оларды сатып алуға рұқсат алмай сатып алуға.

      Коллекциялау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар лицензия берілгеннен кейін оқсыз атылатын қаруды сатып алады.

      Заңның 12-бабының 8) және 8 - 1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар өздерінің білім беру немесе мәдениет ұйымдарына (кинематографиялық ұйымдар, театрлар, цирктер, мұражайлар) қатынасын растайтын құжаттар негізінде оқсыз атылатын қаруды сатып алады;

      2) Белгі беру, оқсыз атылатын қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 мм дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сатып алуға жол берілмейді:

      қылмыс жасағаны үшін соттылығы заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған адамдарға;

      наркологиялық және психоневрологиялық мекемелерде есепте тұрған адамдарға;

      қарумен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтан өтпеген адамдарға;

      Механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және өзге де көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған құрылғыларды сатып алу кезінде – қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан өтпеген адамдарға;

      он сегіз жасқа толмаған адамдарға;

      қаруға иелік етуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға;

      қаруды сақтауға қажетті жағдайлары жоқ адамдарға;

      сот шешімі қабылданғанға дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқан адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабының бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға;

      бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493 және 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабының бірінші бөлігі, 109-1, 287-бабының бірінші бөлігі, 288-бабының төртінші бөлігі, 289, 296-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктері, 389-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға;

      3) осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген субъектілердің азаматтық

      және қызметтік қаруды және оның патрондарын осы Қағидалардың 23, 24 және 28-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізуші - заңды тұлғадан сатып алуына;

      4) азаматтардың калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70 мм) көрсеткішінен жоғары болатын ұзын ұңғылы ойық атыс қаруын сатып алуына;

      5) қаруға қосымша ұңғыларды немесе өзге де қосалқы конструктивтік бөлшектерді, егер оларды сатып алғаннан кейін қосымша қару бірлігін жинауға мүмкіндік болса, сатып алуына жол берілмейді.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Ішкі істер органдарында қаруды бір қару иесінен басқаға беру туралы құжаттарды ресімдеуге жол беріледі. Қаруды қайта рәсімдеу, берілетін қарудың есепке алу орны бойынша азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылауды (бұдан әрі - АҚҚАБ) жүзеге асыратын полиция органының қызметкері қару иесінің және қарудың осы түрін сатып алуға полиция органының рұқсаты бар адамның қатысуымен жүргізіледі.

      Жеке тұлға қаруды бір қару иесінен басқаға беруге құжаттарды ресімдеуге жүгінген кезде ресімделетін қару есебінде тұрған АҚҚАБ қызметкері "цифрлық үкімет" ЕЛ МДҚ ЦЖ порталы арқылы сатып алуға рұқсаттың бар-жоғын тексереді.

      Қару және (немесе) патрондарды сатқан жағдайда АҚҚАБ қызметкері ресімделетін қару туралы мәліметті ЕЛ МДҚ ЦЖ толтырады және оларды ЕЛ МДҚ ЦЖ арқылы сатып алуға рұқсат берген ішкі істер органына жолдайды.

      Қаруды сатып алуға рұқсат "жарамсыз" деген мәртебеде немесе оның ЕЛ МДҚ ЦЖ болмаған жағдайда қаруды ресімдеуге жол берілмейді.

      Қаруды есептен шығару қаруды жаңа иесі оны есепке қою туралы хабарламасын алғаннан кейін ғана жүргізіледі.

      Қаруды ұрлау немесе жоғалтып алу жағдайында қару иесі біркүндік мерзімде қаруды ұрлау немесе жоғалтып алу фактісін анықтау сәттен бастап бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.";

      154-тармақта қазақ тілінде мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтін өзгертіледі;

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Азаматтық және қызметтік қаруды алып жүру және қолдану қағидаларын зерделеуді қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға сәйкес келетін орталықтарда өтеді.

      Қылмыс жасағаны үшін белгіленген заң тәртібінде алынбаған немесе мерзімі өтпеген соттылығы бар, қаруды ұстауға медициналық қарсы көрсетпелері бар адамдарға қаруды пайдаланумен сабақтарға қатысуға жол берілмейді.

      Азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 484-бабы бірінші бөлігінде, 485-бабы бірінші бөлігінде, 486-бабы бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған үшін азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін сынақ тапсыруға жолданады.

      Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне тексеруге жолдау туралы қаулыны осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын уәкілетті органы (лауазымды адам) шығарады.

      Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының білуін тексеруге азаматтық және қызметтік қарудың иелері және (немесе) пайдаланушыларын жолдау туралы қаулы алған күннен бастап екі ай ішінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін сынақ тапсырмаған адамдардың қарудың сақталуын немесе сақтау және алып жүруге рұқсаттарының әрекет етуі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала тоқтатусыз күшін жояды.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 24-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, он жетінші, отыз төртінші, отыз тоғызыншы, елуінші, алпыс екінші, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс алтыншы, сексен бірінші, сексен екінші, жүз сегізінші, жүз оныншы, жүз он бірінші және жүз он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 25 мамырдағы
№ 370 Бұйрыққа 1-қосымша
Азаматтық және қызметтік
қару мен оған арналған
оқ-дәрілердің айналымы
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін жүзеге асыратын жекеменшік күзет ұйымдары қызметкерлерінің қарулану нормалары

      Қару:

№ п/п

Жекеменшік күзет ұйымдарының қызметкерлері

Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге асыру кезінде)

Травматикалық әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар оқпансыз атыс қаруы, газды қару, электрлік қару, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару

Ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қару (мылтық, карабин)

1

2

3

4

1

Ауысымның аға күзетшісі

1 бірлік.


2

Сыртқы бекеттегі күзетші

Бекетке 1 бірлік

Бекетке 1 бірлік

3

Ішкі бекеттегі күзетші

Бекетке 2 бірлік


4

Жедел әрекет ету мобильдік тобының аға күзетшісі

 
1 бірлік


5

Жедел әрекет ету мобильдік тобының күзетшісі


 
1 бірлік

6

Жедел әрекет ету мобильдік тобының жүргізушісі

 
1 бірлік.


7

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетші

 
1 бірлік


      Қаруға арналған оқ-дәрілердің нормалары

№ п/п

Травматикалық әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар оқпансыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару

Патрондар саны, дана

Объектіні күзетуге кірісетін немесе мобильдік топ құрамында қызмет атқаратын күзетшілерге беріледі:

Қару бірлігіне шаққандағы азайтылмайтын (ең төменгі) оқ-дәрі қоры

Оқу мақсатында бір күзетшіге жылына жұмсалатын оқ-дәрі шығыны

1.

Травматикалық әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар оқпансыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару

до 16 патронов (в 2-х магазинах)

16

12

2

Ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қару (мылтық, карабин)

10 оқ-дәріге дейін

10

 
12

      Ескертпе:

      1. Күзеттің барлық түрлері үшін қару резерві – қаруланған әрбір 10 қару бірлігіне 1 қару бірлігі есебімен белгіленеді.

      2. Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 бытырамен не травматикалық әсері бар патрондармен жарақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 тіркелген) адамға әсер ететін зақымдаушы факторлардың рұқсат етілген нормаларына сәйкес қолдануға рұқсат етілген электрлік қару пайдаланылады.

      3. Асыл металдар мен алмаздарды, көмірсутек шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттарының қоймаларын (сақтау орындарын), радиоактивті материалдарды, мемлекеттік материалдық резерв қоймаларын, террористік тұрғыдан осал объектілерді, сондай-ақ құнды және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігін күзету барысында, сондай-ақ жекеменшік күзет ұйымдарының жедел әрекет ету мобильдік топтарының экипаждарына тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондарды оқпен немесе № 0, № 1 бытырамен жарақтауға жол беріледі.

      4. Жекеменшік күзет ұйымдары объектілерді күзету кезінде қызметтік қаруды жарық-дыбыс әсері бар патрондармен әрбір қару бірлігіне 2 патроннан аспайтын мөлшерде жарақтауға құқылы.

      5. Жекеменшік күзет ұйымдарының қарумен немесе қарусыз объектілерді күзету қызметі күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      6. Жекеменшік күзет ұйымдарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүріккіштерді, аэрозольді және өзге де құрылғыларды пайдалануға рұқсат етіледі.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық және қызметтік
қару мен оған арналған
оқ-дәрілердің айналымы
қағидаларына
16-қосымша
Нысан

Магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, мұнай өңдеу өндірісі және Атом энергиясы саласында өз қызметін жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметкерлерін жарақтандыру үшін белгіленген нормалар

№ п/п

Лауазымдардың атауы

Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге асыру кезінде)

мылтық

Оқпансыз атыс қаруы, травматикалық әрекет патрондарын ату мүмкіндігі бар газ қаруы

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (мылтық, карабин)

Тапанша

Винтовка, карабин

1

2

3

4

5

6

1

Ауысымның аға күзетшісі (ауысымдық атқыштар тобы)

1




2

Ішкі бекеттегі күзетші

2 күзетшіге 1


Немес бекетке 2


3

Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету жөніндегі күзетші

1




4

Сыртқы бекеттегі күзетші


1


Немес бекетке 1

5

Теміржол көпірлері мен туннельдерін күзететін күзетші


1


Немес бекетке 1

6

Жедел әрекет ету мобильді тобының аға күзетшісі

1




7

Жедел әрекет ету мобильді тобының күзетшісі

1


немесе1


8

Жедел әрекет етудің мобильді тобы құрамындағы жүргізуші-күзетші

1


немесе 1


9

Күзетші кинолог

1




      Қаруға арналған оқ-дәрі нормалары

№ п/п

Қару түрі

Оқ-дәрі саны, дана

Қару бірлігіне бақылау атуды жүргізу үшін патрондардың шығыны 5 жылда 1 рет

Объектіні күзетуге кірісетін күзетшілерге:

неснижаемый запас патронов на единицу оружия

Жылына оқ-дәрі шығыны

оқу мақсаттары үшін 1 күзетшіге

қару бірлігіне арналған жекпе-жекті тексеру үшін

1.

Мылтық,тапанша

16 патронға дейін, (2 дүкенде)

32

12

8

6

2.

мылтық, винтовка, карабин

15 патронға дейін (клиптерде)

30

10

8

6

3.

оқпансыз атыс қаруы, травматикалық әрекет патрондарын ату мүмкіндігі бар газ қаруы

16 картриджге дейін (2 дүкенде)

16

12



4.

тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (мылтық, карабин )

10 патронға дейін

10

12



      Ескерту:

      1 Қарудың атысын тексеруге арналған патрондарды өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

      2 Күзеттің барлық түрлері бойынша қару резерві – қарулануда тұрған әрбір 10 бірлік қаруға 1 бірлік қару есебінен белгіленеді.

      3 Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 бытырамен жарақтандырылады немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген травматикалық әсері бар патрондар пайдаланылуы мүмкін.

      4 Аға күзетшілер мен күзетшілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген электрлік қарумен қарулануға құқылы, бір постқа – бір бірлік қару есебімен.

  Бұйрыққа 3-қосымша
Азаматтық және қызметтік
қару мен оған арналған
оқ-дәрілердің айналымы
қағидаларына
24-қосымша
Нысан

                  Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын
                  білуін тексеруге жіберу туралы
                              ҚАУЛЫ


20___жылғы ______ "___"



___________________





(істі қарау орны)

      Қаулын шығарған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні ____________
_____________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
(3-1-бөлігі) 53-1, 821-баптарына сәйкес, 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының
бірінші бөлігінде немесе 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық
туралы әкімшілік өндірістің материалын қарап,
      Жеке тұлға жасаған: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
Туған жері және күні: _____________________________________________
Тұрғылықты жері: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: _________________________________
_____________________________________________________________________
            (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)

      ЖСН № _________________________________________________________
Жұмыс орны: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі: ________________ анықталсын
_____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________ байқалған ________________________________
                              ҚАУЛЫ ЕТТІМ
_____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру бойынша емтихан
тапсыруға жіберілсін. __________________________________________________
      (қаулыны шығарған адамның лауазымы, атағы, аты-жөні және қолы)
                              ҚОЛХАТ
      Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алдым,
қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру бойынша емтихан тапсыру тәртібі маған
түсіндірілді.
      20_______жылғы "________" _____________________________ ІІО берген
_____________________________________________________________________
                  (қарудың түрі, типі, маркасы, калибрі, №)
сақтау, сақтау мен алып жүруге № _______ рұқсатым бар.
_____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                                          20 _______ жылғы "___" ______________
                                          (қолы) _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады