"Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38784 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұнында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жұмыскері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Өкіл арқылы өтініш білдірген жағдайда, жер-кадастрлық істің құрамына өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының нотариалды куәландырылған сенімхатының көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат енгізіледі;";

      Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымына, құрамына және мазмұнына 1, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
1-қосымша";
"Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
3-қосымша";
"Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
4-қосымша";
"Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
5-қосымша";
"Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
6-қосымша";
"Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
7-қосымша";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму минстррлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 19 мамырдағы
№ 195 бұйрығына қосымша
Жер-кадастрлық құжаттаманың
құрылымына, құрамына,
мазмұнына және нысандарына
2-қосымша

      нысан

  __________________________
(ұйымның атауы) басшысы
______________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
кімнен ____________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол
болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның толық атауы)
__________________________
(ЖСН/БСН, жеке немесе заңды
тұлғаның жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
__________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беруге арналған өтініш

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ берілген

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      ___________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

      мекенжайында орналасқан жер учаскесіне жеке меншік, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді), өтеусіз, тұрақты жер пайдалану (қажеттінің астын сызу) құқығындағы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындап беруді сұраймын.

      Цифрлық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Күні _____ Өтініш беруші ____________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның

      атауы немесе өкілетті тұлғаның аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады