"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 230-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда № 38747 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      1-тарау. Жалпы ережелерінде:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      2-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2-1. Қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкімет" операторына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.".;

      6-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналған әдебиетті және материалдарды қоспағанда, діни әдебиеттің, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті аушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не "цифрлық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.";

      "Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген жағдайда, өтініш қоса берілген құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге Порталда көрсетілетін қызметті берушімен өңделеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің цифрлық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Портал арқылы сараптама объектілерінің электрондық нысандарын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.

      Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті беруші сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптамаға жібереді.";

      16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "16. Сараптама қорытындысына сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) қол қояды және сараптама қорытындысының әрбір парағы оның қолымен расталады. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе Портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап дайындайды.";

      16-1-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес ауызша нысанда тыңдау хаттамасын жүргізеді.";

      20-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      22-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы, жетінші, он бірінші, он алтыншы, он сегізінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 230-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда),
кімнен
__________________________
__________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда), мекенжайы және
телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы,
пошталық мекенжайы және
телефоны)

Өтініш

      Сізден мынадай: ________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін

      (қала, баспасы, басып шығарылған жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама

      объектілерін тізбелеу)

      _________________________________________________________________

      діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.

      __________________________________________________________________

      (себептері көрсетіледі, бұл ретте ұйымдардың кітапхана қорларына келіп түскен

      жағдайда, ұйымның атауын және келіп түскен күнін, миссионерлерді немесе діни

      бірлестіктерді тіркеуге өтініш берген жағдайда - күні мен мұндай өтінішті қабылдаған

      органды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкелінген күнін

      көрсету қажет).

      __________________________________________________________________

      байланысты дінтану сараптамасын жүргізу қажет.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет

      көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.

      Мөр (бар болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 230-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Дінтану сараптамасын жүргізу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Жиырма екі (22) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Арызды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mam.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама (сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Жеке басын куәландыратын құжат, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) дінтану сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
4) дінтану сараптама объектілері.
Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес оның қазақ не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы арыз;
2) дінтану сараптама объектісінің электронды нұсқасы;
3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың электрондық көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы "1414", 8-800-080-7777 алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 230-НҚ бұйрығына
3-қосымша
Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда),
кімнен
  __________________________
  __________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда),
мекенжайы және телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы,
пошталық мекенжайы және
телефоны)

Өтініш

      Сізден мынадай: ________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін

      (қала, баспасы, басып шығарылған жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама

      объектілерін тізбелеу)

      ___________________________________________________________________

      діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.

      ___________________________________________________________________

      (себептері көрсетіледі, бұл ретте ұйымдардың кітапхана қорларына келіп түскен

      жағдайда, ұйымның атауын және келіп түскен күнін, миссионерлерді немесе діни

      бірлестіктерді тіркеуге өтініш берген жағдайда - күні мен мұндай өтінішті қабылдаған

      органды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкелінген күнін

      көрсету қажет).

      ___________________________________________________________________

      байланысты дінтану сараптамасын жүргізу қажет.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет

      көрсету кезінде цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.

      Мөр (бар болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 230-НҚ бұйрығына
4-қосымша
Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Дінтану сараптамасын жүргізу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті;
2) "цифрлық үкімет" веб-порталы, "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Жиырма екі (22) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және қазақстан республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Арызды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде арызды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mam.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттардың сервисінен алынған электрондық құжат немесе заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама (сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Жеке басын куәландыратын құжат, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады;
3) дінтану сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
4) дінтану сараптама объектілері.
Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес оның қазақ не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы арыз;
2) дінтану сараптама объектісінің электронды нұсқасы;
3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген арыздың электрондық көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы "1414", 8-800-080-7777 алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады