"Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38728 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның өлшемдері, СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Жұмыс істеп тұрған объектілер тарихи қалыптасқан құрылыс болғанғандықтан, олардың СҚА-ның өлшемдерін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес азайтуға жол беріледі.

      Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін СҚА өлшемдері атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде есептеу әдісімен белгіленеді.

      Халық денсаулығына зиянды әсері болмауы құжатпен расталған кезде атмосфераның ластануының жаңа немесе бұрыннан бар көздерінің параметрлерінің өзгеруін есепке ала отырып, СҚА-ның шекарасында гигиеналық нормалар сақталған жағдайда, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік алаңдарда орналасқан жаңа өндірістер үшін (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде) СҚА-ны есептеу әдісімен белгілеуге жол беріледі.

      Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, жобалау құжаттамасының, жыл ішінде объектінің СҚА шекарасында және одан тыс жерлерде есептік параметрлерді (өндірістік қызметтің ерекшелігіне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар және физикалық әсер ету (шығу көзі болған кезде, шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлері бойынша сәйкестікке) растау үшін заттай зерттеулердің жылдық циклінің негізінде айқындалады.

      Объект пайдалануға енгізген күннен бастап, тиісті объектінің шаруашылық жүргізуші субъектісі атмосфералық ауаны, атмосфералық ауаға физикалық және (немесе) биологиялық әсер ету деңгейлерін зерттеулерді (өлшеулерді) жылдық циклде жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Кұрылыс жобасының ведомстводан тыс сараптама қорытындысы негізінде тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасына сәйкес Кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталына (бұдан әрі - Геопортал) деректерді енгізу үшін СҚА-ның белгіленген өлшемдері туралы координаттарды (координат жүйесінде сегіз румба бойынша) жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ны белгілеу немесе оны өзгерту бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының негізінде жобаны әзірлеуші Геопорталға деректерді енгізу үшін СҚА-ның белгіленген өлшемдері туралы координаттарды (координат жүйесіндегі сегіз румба бойынша) жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында кейіннен жариялау және мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін координаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Геопорталда белгіленген және өзгертілген СҚА туралы кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жинауды, сақтауды және өзектендіруді қамтамасыз етеді.".;

      29-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жобаланатын объектілер үшін СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамындағы аттестатталған сарапшылар белгілейді.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерді өлшеулер мен заттық зерттеулер, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау негізінде СҚА өлшемі сәйкес келмеген жағдайда, СҚА өлшемі бойынша шешім халықтың денсаулығы мен өмірі үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.

      43. Аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) біріктірілген бір субъект объектілерінің топтары үшін атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындыларын және физикалық әсерін есепке ала отырып, аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) кіретін объектілердің СҚА бірыңғай өлшемі белгіленеді. Халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау, құрамына қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер кіретін объектілер топтарына жүргізіледі.

      Аумақтық өнеркәсіптік кешен (өнеркәсіптік торап) құрамына кіретін объектілер СҚА өлшемін әрбір объектіге жеке белгілеуге жол беріледі, ал объектінің (субъектінің) барлық аумағындағы (өнеркәсіптік алаңдағы) СҚА өлшемі, СҚА барынша үлкен өлшемі бойынша қабылданады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумағында өнімге, тіршілік ету ортасына және адам денсаулығына өзара теріс әсер болмаған жағдайда дәрілік заттарды және (немесе) дәрілік нысандарды өндіретін объектілерді, тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, фармацевтикалық объектілерге арналған шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме сауда қоймаларын, ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол беріледі.";

      осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада:

      11-бөлімнің 45-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады