"Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 14 мамырдағы № 152-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 мамырда № 38720 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабының 1-тармағы 35) тармақшасының үшінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрі – АШТӨ) шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 1-тармағы 35) тармақшасының үшінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармаққа:

      15), 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) субсидиялауға арналған өтінімдердің цифрлық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – АШТӨ-нің субсидиялауға арналған өтінімдері туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары және СМЦЖ-де көрсетілген өзге де мәліметтердің жиынтығы;

      16) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – субсидиялау процестерін жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған, өтінімді тіркеу, сондай-ақ оны субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған жиынтығы.

      17) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне қолжеткізуді қамтамасыз ететін интернет-ресурс;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) тіркеуші цифрлық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды мониторингтеуге арналған, СМЦЖ-мен интеграцияланған, өтініш берушілер өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін жүйе;

      17-2) тіркеуші – жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы жасалған электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Субсидиялау мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтиды:

      1) бірінші деңгей – мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық цифрлық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеуші цифрлық жүйе, онда түпкілікті постформаттық-логикалық бақылау арқылы мемлекеттік қолдау шаралары алушының осы Қағидалар талаптарына сәйкестігі айқындалады;

      2) екінші деңгей – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес салалық цифрлық жүйелер, олар арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдер қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылады;

      Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеуіне және пайдалануына келісім алуды қамтамасыз етеді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органдардың (оның ішінде аудандық/қалалық) және қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері болып табылатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан мамандар тобын (бұдан әрі – мамандар тобы) құрады және СМЦЖ-не тіркейді.

      Су алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылым құруға немесе кеңейтуді көздейтін жобалар паспорттары бойынша объектілерді қарап-тексеру кезінде мамандар тобының құрамына құрылыс, қала құрылысы және сәулет мәселелері жөніндегі басқарманың мамандары енгізіледі.

      Мамандар тобы сондай-ақ құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықтың жоба паспортында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеруді, растайтын фото және бейнематериалдарды қоса тіркей отырып, жүргізеді, сондай-ақ орнатылған жабдықтың бар-жоғын және оның жұмысқа жарамдығын тексереді.

      Әрбір объектіге жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын кемінде 2 (екі) маман жіберіледі.

      Қарап-тексеру инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның сенім білдірген тұлғасының қатысуымен жүзеге асырылады және оның нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін қарап-тексеру актісімен (бұдан әрі – объектіні қарап-тексеру актісі) ресімделеді.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мамандар тобының құрамына кіретін тұлғалардың субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне тұрақты қолжетімділігі болады, бұл ретте аталған тұлғалардың еңбек демалысында, іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыз кезеңінде немесе жұмыстан босатылуына байланысты СМЦЖ-не қолжетімділігі шектелетін жағдайлардан басқа. СМЦЖ-не қолжетімділікті шектеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СМЦЖ-де мамандар тобы мүшесінің қолжетімділігін шектеу туралы хабарламамен расталады.

      7. Акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар инвестициялық субсидиялауға жіберілмейді.

      Осы тармақта көрсетілген талаптар келесі жағдайларға қолданылмайды:

      1) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) жабдықты лизингке алған кезде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес инвестициялық субсидияларды қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлем ретінде аудару тетігін қолданған жағдайда;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 283-1 бабына сәйкес жасалатын инвестициялар туралы келісім шеңберінде бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жер учаскелерін пайдаланған кезде";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Субсидияны алу үшін инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) СМАЖ-ның жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) тиісті алаңының болуы қажет.

      Ауыл шаруашылығы кооперативі өтінім берген жағдайда кооператив мүшелеріне тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы ескеріледі.

      Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік СМАЖ-дің мемлекеттік "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталады.

      Бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалығы өтінім берген жадайда, жер учаскелері тіркелген мүшелерге тиесілі болған кезде, шаруа немесе фермер қожалығы мүшесінің атына тіркелген сатып алынған жабдық бойынша субсидия беруге жол беріледі.

      Шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстыру арқылы расталады.

      Инвестициялар туралы келісім шеңберінде бірлескен қызмет туралы шарт негізінде инвестициялық жобаны іске асыру барысында инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес пайдаланылатын жер учаскелерінің деректерін (реквизиттерін) көрсетеді. Жер учаскелерін пайдалану құқығы бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушы тарапынан СМАЖ және мемлекеттік жылжымайтын мүлік біріңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы арқылы расталады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (қаржылық лизинг арқылы тауарларды сатып алынған жағдайларды қоспағанда).

      АШТӨ (ауыл шаруашылығы кооперативі) жабдықты электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, сатып алу шығындары тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінген жағдайда) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген жағдайда) расталады.

      15. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) субсидияларды алмаған жағдайда (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактура пайдаланылмаған кезде), инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтініші бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 5 (бес) жұмыс күні ішінде СМЦЖ арқылы электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ағымдағы қаржы жылының өтінімдері бойынша инвестициялық субсидияларын ағымдағы қаржы жылында төлеу кезінде әкімшінің шешімімен қаражат болған жағдайда жалпы сипаттағы трансферттер және де жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық салымдарды өтеу үлесін суармалы жерлер үшін, оның ішінде 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін суармалы жерлерге ауыстырылған суарылмайтын жерлер үшін қоса алғанда 80 (сексен) %-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі.";

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидиялар сомасын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тарапынан инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есеп айырысу шотына аударылады.

      Жабдықты сатып алу және су алу және су беруге арналған инфрақұрылымды кредит/лизинг арқылы құру немесе кеңейту кезінде инвестициялық субсидиялар қаржы институтына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аударылады. Бұл ретте инвестициялық субсидиялар сомасы инвестордың (көрсетілген қызметті алушының) негізгі борышының қалдығынан асқан жағдайда, асатын айырма сомасы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) банк шотына жіберіледі.

      Қаржы институты инвестициялық субсидияларды инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аудару үшін қаржы институтының шот деректемелерін көрсете отырып, жұмыс органына анықтама береді. Шот деректемелері өзгерген жағдайда қаржы институты жаңа деректемелерді көрсете отырып, анықтама береді.

      Инвестициялық субсидиялар алатын АШТӨ үшін қарсы міндеттеме ретінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге берілген субсидияларды игеру туралы есепті ұсыну болады.

      22. Инвестициялық субсидиялауға өтінім беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады және СМЦЖ-де тіркеледі.

      "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы мен СМЦЖ-нің цифрлық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының цифрландыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) СМЦЖ-де дербес шотының болуы СМЦЖ-нің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен цифрлық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.

      23. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді. Өтінім (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-мен қолы қойылады, және онда көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі жобаның паспорты бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жолданады.

      Хабарлама инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) СМЦЖ-ғы "жеке кабинетіне" жолданады.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне сатысы туралы енгізуді қамтамасыз етеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Инвестициялық субсидияларды төлеуден бас тарту туралы шешім жұмыс органымен (көрсетілетін қызметті берушімен) СМЦЖ-де мамандар тобының тексеру актісі негізінде немесе инвестициялық жобаның және/немесе ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3 және 29-4 тармақтармен толықтырылсын:

      "29-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама жолданған күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      29-2. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған кезде, егер инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдар немесе сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.

      29-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы Қағиданың 29-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы Қағиданың 29-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      29-4. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтініш хаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) қызмет көрсетудің әрі қарай процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

      2) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.";

      30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өтінімді қарау нәтижелері туралы мәліметтер инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі және веб-порталда көрсетіледі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оң шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) электрондық нысанда СМЦЖ арқылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялау шартын және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жабдықтарды нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді қалыптастырады және қол қояды, олар инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) қол қою үшін автоматты түрде жіберіледі.

      31. Мұрагер (лер) мұрагер құқықтарын иеленген жағдайда, мұрагер (лер) СМЦЖ арқылы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау шартына өзгерістер енгізу туралы хабарлама жібереді.

      Алынған хабарлама негізінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық субсидиялау шартына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) деректерін түзету бөлігінде қосымша келісім қалыптастырады. Қосымша келісім субсидиялауды жандандыруға негіз болып табылады.

      32. Жасалған инвестициялық субсидиялау шарттары резервке (күту парағына) енгізіледі және инвестициялық субсидиялау шартын жасасу сәтінде қолданылатын талаптар мен өлшемшарттар бойынша субсидиялауға жатады.

      Инвестициялық субсидиялау шарттарын резервке (күту парағына) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінімдер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша енгізеді.

      Инвестициялық субсидиялау шартын резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМЦЖ-да көрсетіледі.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен инвестициялық субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде резервке (күту парағына) инвестициялық субсидиялау шартының келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында резервке (күту парағына) келіп түскен инвестициялық субсидиялау шарттары бойынша қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.

      Ағымдағы қаржы жылында күту парағындағы субсидиялау шарттары бойынша өтінімдерді төлеудің басталу уақыты мен күнін көрсете отырып, қосымша бюджет қаражатын бөлу туралы хабарлама СМЦЖ-де тіркелген кезде инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ СМЦЖ-дегі "жеке кабинетке" жолданады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Инвестициялық субсидияларды арнайы шотқа алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолдана отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім береді және қосымша:

      1) Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания куәландырған Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің көшірмесін;

      2) су пайдалану құқығын растайтын құжат (арнайы су пайдалануға рұқсаттар немесе су пайдаланушы мен су тұтынушы арасында жасалатын шартын) тіркейді.

      Жұмыс органы (көрсетілген қызметті беруші) инвестордың (көрсетілген қызметті алушының) өтінімін мақұлдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органы (көрсетілген қызметті беруші), Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания және инвестор (көрсетілген қызметті алушы) арасында Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының/лизингктік компанияның арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы үш жақты шарт пен келісім жасалады.

      Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания (бұдан әрі – қаржы институты) осы Қағидалардың 35 немесе 36-тармақтарында көрсетілген шарттар уақытында орындалғанға дейін арнайы шотқа алынған инвестициялық субсидиялар қаражатын пайдаланбайды.

      35-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы үшжақты шартқа және келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күннен аспайтын мерзімде сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің және кредиттік/микрокредиттік шартқа қосымша келісімнің (бар болса) көшірмелерін қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жабдықтарды жеткізудің аяқталғаны туралы хабарламаны және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік шартқа қосымша келісім (бар болса) және сатып алынатын жабдықтардың құрылуы мен нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.";

      36-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты арнайы шотқа қаражат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жабдықты жеткізудің аяқталғаны және құрылғандығы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.";

      39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Инвестициялық субсидиялау мониторингін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде СМЦЖ-де мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:

      1) тоқсан сайын инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) сатып алынған жабдығын иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан;

      2) жылына кемінде 1 (бір) рет субсидияларды аванстық төлеммен арнайы шотқа аудару жөніндегі тетік шеңберінде субсидияланған объектілерді пайдалануға беру (бизнес-жоспарда көрсетілген мерзімдерде), иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан;

      3) жылына кемінде 1 (бір) рет негізгі немесе қайталама қызмет түрі тиісті қызметтің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) іс-әрекеті/әрекетсіздігі, қызмет түрінің сәйкестігі нысанасына.

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген мониторинг шарттарын орындау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілгені туралы есепті қалыптастыру үшін сұратылатын ақпараттың тізбесін СМЦЖ-не жолдау арқылы қажетті ақпаратты сұратады.

      Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) сұратылатын ақпарат тізбесін сұрағаны туралы хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) СМЦЖ-не тіркеу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, СМЦЖ-дегі "жеке кабинетке", сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша қосымша мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпаратты СМЦЖ-де орналастыру арқылы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.

      Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) сұратылған ақпаратты көрсетілген мерзімдерде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынбауы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық субсидиялауды тоқтату және төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды талап ету туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      Бұл ретте төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) жүзеге асырады.

      41. Субсидиялаудың цифрлық жүйесінде қалыптастырылған мониторинг деректері негізіндегі талдауды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тексереді және келіседі.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) сатып алынған жабдықтарды иеліктен шығарған және/немесе мақсатсыз пайдаланған, өндіріс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік үш жыл ішінде жұмыс істемеген, сондай-ақ инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қызметінің негізгі және қосымша түрінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмейтіндігі анықталған, Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Оңалту және банкроттық туралы заңына сәйкес инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қызметін тоқтата тұру, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) кредиттік/лизингтік шарт бойынша міндеттемелерді бұзуына және лизинг нысанасын алып қоюға байланысты кредиттік/лизингтік шартты бұзу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидияларды қайтару туралы шешім қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қаражаттың қайтарылуы бойынша сот талқылауына бастамашылық жасайды.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) кредиттік/лизингтік шарт бойынша міндеттемелерді бұзғандықтан және лизинг нысанасы алып қойылғандықтан кредиттік/лизингтік шарт бұзылған жағдайда, қаржы институты 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) СМЦЖ арқылы хабарлайды.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) жазбаша хабардар етеді.

      Бұл ретте жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтаруды орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар жіктеуішінің тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтарылған сома төлем жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      42. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидияларды игеру туралы есепті СМЦЖ арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидияларды игеру туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жылдық есебі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей СМЦЖ арқылы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) СМЦЖ арқылы осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген шарттардың мониторингі туралы есеп береді.";

      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      45. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), жергілікті атқарушы орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      46. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру, не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау уәкілетті лауазымды тұлға жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      1) Қағидалардың 12-тармағы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

      12. "Субсидия алу үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) болуы немесе жер пайдалану құқығында не жеке меншік құқығында тиісті алаңы болуы қажет, бұл мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен расталады.

      Ауыл шаруашылығы кооперативі өтінім берген жағдайда кооператив мүшелеріне тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы ескеріледі.

      Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік СМЦЖ-нің мемлекеттік "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен цифрлық өзара іс-қимылы арқылы расталады.

      Бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалығы өтінім берген жадайда, жер учаскелері тіркелген мүшелерге тиесілі болған кезде, шаруа немесе фермер қожалығы мүшесінің атына тіркелген сатып алынған жабдық бойынша субсидия беруге жол беріледі."

      Шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстыру арқылы расталады.

      Инвестициялар туралы келісім шеңберінде бірлескен қызмет туралы шарт негізінде инвестициялық жобаны іске асыру барысында инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес пайдаланылатын жер учаскелерінің деректерін (реквизиттерін) көрсетеді. Жер учаскелерін пайдалану құқығы бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушы тарапынан СМЦЖ және мемлекеттік жылжымайтын мүлік біріңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимыл жасауы арқылы расталады.";

      2) Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

      "14. Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (қаржылық лизинг арқылы тауарларды сатып алынған жағдайларды қоспағанда).

      АШТӨ (ауыл шаруашылығы кооперативі) жабдықты электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, сатып алу шығындары тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінген жағдайда) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген жағдайда) расталады.".

      5. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық төртінші, қырық бесінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші және жүз он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрінің
міндетін атқарушысы
Н. Алдамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысы
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 152-НҚ бұйрыққа 1-қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын негізігі немесе қосалқы қызмет түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ коды)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес атауы

1

01.11

Дәнді (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру

2

01.11.1

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығы

3

01.11.2

Майлы дақылдар мен олардың тұқымдарын өсіру

4

01.12

Күріш өсіру

5

01.12.0

Күріш өсіру

6

01.13

Көкөністерді, бақша дақылдарын, тамыржемістер мен түйнекжемістерді өсіру

7

01.13.1

Картоп пен отырғызу материалдарын өсіру

8

01.13.2

Көкөністерді, олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіру

9

01.13.3

Қант қызылшасын және оның тұқымдарын өсіру

10

01.16

Иіру дақылдарын өсіру

11

01.16.1

Шитті мақта өсіру

12

01.16.2

Иіру дақылдары мен олардың тұқымдарын өсіру

13

01.19

Басқа бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіру

14

01.19.1

Жемшөп дақылдары мен олардың тұқымдарын өсіру

15

01.21

Жүзім өсіру

16

01.21.0

Жүзім өсіру

17

01.24

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру.

18

01.24.0

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру.

19

01.25

Өзге де жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру.

20

01.25.0

Өзге де жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысы
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 152-НҚ бұйрыққа 2-қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша, су алу және беру инфрақұрылымын құру және кеңейту жобасының паспорты

Жоба паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 50%
2028 жылғы 31 желтоқсаннан бастап инвестициялық салымдардың өтелу үлесі:
50% - суармалы жерлер үшін, оның ішінде 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін суарылмайтын жерлерден суармалы жерлер санатына ауыстырылғандар;
30% - 2028 жылғы 31 желтоқсаннан бастап суарылмайтын жерлерден суармалы жерлер санатына ауыстырылған суармалы жерлер үшін.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтардың атауы және техникалық сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Субсидияларды есептеу үшін өлшем бірлігіне арналған ең жоғары рұқсат етілетін құны, теңге

Су алу және беру инфрақұрылымы:

гектар


айналмалы және фронтальды типтегі жаңбырлатқыш машиналарға, стационарлық немесе жылдам жиналмалы жаңбырлатқыш жүйесіне (спринклерлік жүйе), сондай-ақ тамшылатып суару жүйесіне арналған

800 000

барабанды типтегі жаңбырлатқыш машинаға арналған

400 000

Фронтальды және айналмалы типтегі жаңбырлатқыш машиналарына арналған


50 гектарға дейін қоса алғанда

800 000

50 гектардан жоғары

600 000

барабанды типтегі


өнімділігі 25 гектардан аспайтын
(Қытай Халық Республикасында өндірілгендерді қоспағанда)

700 000

өнімділігі 12 гектардан аспайтын
(Қытай Халық Республикасында өндірілгендерді қоспағанда)

200 000

Стационарлық немесе тез жиналмалы жаңбырлатып суару жүйесі (спринклерлік жүйе)

600 000

Тамшылатып суару жүйесі

800 000

Ескертпе:

Жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) сәйкес анықталады Бұл ретте ЖСҚ-да су алу және беру инфрақұрылымын құрумен және кеңейтумен қатар, енгізілетін су үнемдеу технологияларының түрін таңдау бөлімі де көрсетіледі.
Жобаларға сараптама жүргізу түрі жауапкершілік деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10666 тіркелген) Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.

Егер инвестициялық жоба тек жаңбырлатқыш машиналарды, стационарлық немесе тез жиналмалы жаңбырлатып суару жүйесін (спринклерлік жүйе), тамшылатып суару жүйесін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда олар ЖСҚ әзірлеусіз, субсидияларды есептеу үшін белгіленген қуат бірлігіне арналған ең жоғары рұқсат етілген құн және жабдықтың сатып алу-сату шарттары (лизинг), жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидияланады.
Сондай-ақ су үнемдеу жабдығының зауыттық шығу тегі туралы паспорт ұсынылады.

Жаңбырлатқыш машиналарға мыналар жатады: айналмалы (дөңгелек) әрекетті, фронтальды әрекетті сондай-ақ барабанды типтегі жаңбырлатқыш машиналар.

Инвестициялық субсидияларды есептеу үшін пайдаланылатын суармалы алқаптың ауданы жаңбырлатқыш машинаның қамту еніне қарай айқындалады.
Бір жамбырлатқыш машина екі және одан да көп учаскеде (позицияларда) суаруды жүзеге асырған жағдайда, инвестициялық субсидия мөлшерін есептеу кезінде бір учаскенің (позицияның) ауданы ескеріледі.

Су алу және беру инфрақұрылымына (оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары) мыналар жатады: су тарту құрылысжайы (жерүсті су объектілерінен су алу кезінде) немесе ұңғыма (жерасты суларынан су алу кезінде), сорғы станциясы (электрлік, дизельдік немесе бензиндік), магистральдық құбыр немесе канал, тарату желілері, (бөлу каналдары), тәуліктік немесе онкүндік реттеу бассейні (қажет болған жағдайда), электр желісі, трансформаторлық қосалқы станция. Каналдарды қаптауға арналған материалдың түрі қажет болған жағдайда инвестор пайдалану шарттарын ескере отырып айқындайды.
Бұл ретте жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым тізбесінің жекелеген позициялары бойынша субсидиялауға жол беріледі, сондай-ақ жекелеген позициялар бойынша инфрақұрылым көрсетілген кадастрлық номір бойынша 1 (бір) реттен артық субсидияланбайды.

Ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет (бұдан әрі – бірлескен қызмет) туралы шарт негізінде әрекет ететін инвестордан (қызмет алушыдан) өтініш берілген жағдайда субсидия беруге жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бар екендігі расталуы және бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса ұсынылуы тиіс.
Субсидияны есептеу кезінде ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың атына тіркелген суармалы жерлердің жиынтық алаңы ескеріледі.

Жерүсті немесе жерасты су объектілерінен тікелей (бастапқы) су алу кезінде объектіні пайдалануға беру актісі алынғаннан кейін АШТӨ арнайы су пайдалану рұқсатының болуын, су алу немесе су ағызу құрылысжайларында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу құрылғыларын пломбалауды қамтамасыз етеді.
Ал АШТӨ қосалқы (қайталама) суармалы су беру қызметтерін алған жағдайда су пайдаланушы мен су тұтынушы арасында жасалған шартты ұсынады.

Суарылмайтын жерлерді суармалы жерлерге айналдыру кезінде инвестор Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрін екіншісіне (суарылмайтыннан суармалыға) ауыстыруды қамтамасыз етеді.

Тамшылатып суару таспаларын (тамшылату құбырларын) бөлек субсидиялауға жол берілмейді.

Су алу және жеткізу инфрақұрылымына жұмсалған шығындарды су үнемдеу технологияларын енгізбестен өтеуге жол беріледі, бұл ретте АШТӨ инфрақұрылымды пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде су үнемдеу жабдықтарын (технология түрін көрсете отырып) енгізуді қамтамасыз етеді.

Су үнемдеу жабдықтарына жұмсалған шығындарды инфрақұрылымсыз өтеуге жол беріледі, бұл ретте АШТӨ су үнемдеу жабдығын пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде инфрақұрылымды құруды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысы
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 152-НҚ бұйрыққа 3-қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім

      Қайда: __________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы

      органының толық атауы)

      Кімнен: ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 тіркелген) бекітілген Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес (әрі қарай – Қағидалары) су алу және беруге арналған инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы суарудың су үнемдеутехнологияларын енгізу жобасының паспорты бойынша _________________________________________теңге

      мөлшеріндегі инвестициялық субсидия (сома санмен және жазбаша) сомасын төлеуді сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер. Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      мекенжайы: __________________________________________________________

      телефон нөмірі: __________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖК

      (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) бойынша сыныбы

      _________________________

      Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________________________

      жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі

      _______________________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________________

      мекенжайы: _________________________________________________________

      телефон нөмірі: ______________________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖК (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы

      жіктеуіші бойынша коды) бойынша сыныбы _________________________

      2. Жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама: орналасқан жері

      _______________________________________________________

      хабардар еткен күні __________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (инвестор ауыл шаруашылығы

      кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:

Р/с

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер учаскелері туралы мәліметтер

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістіктер

Жер санаты

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының БСН/ЖСН-сы

1

2

3

4


5

6








      5. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттауы _______________________________________________________

      инвестициялар сомасы _____________________________________________

      жоба іске асырылатын қаражат көзі __________________________________

      субсидиялардың есептік сомасы _____________________________________

      инвестициялық жоба іске асырылатын мекенжайы ______________________

      6. Қаржы институт туралы мәліметтер:

      қаржы институтының атауы

      __________________________________________________________________

      қаржы институтының инвестициялық субсидияларды аудару шоттарының

      деректемелері көрсетілген анықтамасы _________________________________

      7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ___________________________

      8. Инвестициялық жобаның Қағидалар шарттарына сәйкестігі туралы жұмыс

      органының шешімі__________________________________________________.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін

      пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп

      тұрғандарын кеңейту кезінде) __________________________.

      10. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісі

      (жабдықтар сатып алу кезінде)_ _________________________________.

      11. Жаңа не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық

      салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

      бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар

      ___________________________________________ төлемді растайтын құжаттар.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң

      қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға

      сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша)

      __________________________________________________________.

      13. Ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық

      жабдықтарды қабылдап алу-беру актілері __________________________________

      14. Кредиттік/лизингтік шарттар (қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен

      инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда)

      _________________________________________________________________

      15. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы туралы мәліметтер (Инвестициялар

      туралы келісім шеңберінде инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда):

      Бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен күні: _____________________

      Инвестициялар туралы келісімнің нөмірі мен күні (Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің қаулысы):

      ____________________________________________________________________

      Жер учаскелері туралы мәліметтер: _____________________________________


Атауы және жер учаскесі меншік иесінің немесе жер падаланушының БСН/ЖСН

Кадастрлық нөмірі

Ауданы, (мақсаты: ауыл шаруашылығы) га,

1

2

3




      16. Толтырылған жоба паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін. Мен/Біз инвестор ретінде Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сай екенімізді растаймын.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймыз. Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 40-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

      Осымен Қағидалардың 16-тармағы шеңберінде қосымша қаражат бөлінген жағдайда, инвестициялық субсидиялау сомасын ұлғайтуға келісім беремін.

      Инвестор 20 __ жылғы "__" ________ сағат _____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _______-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысы
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 152-НҚ бұйрыққа 4-қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Субсидиялаудың мемлекеттік цифрық жүйесінде мамандар тобы мүшесінің қолжетімділігін шектеу туралы хабарлама

      ______ қала 20 жылғы "___" _______

      Мен, жұмыс органының басшысы ___________________________________

      ________________________________________________________________

      (жұмыс органының атауы және басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________________________________________________ құжаты негізінде

      (демалысты ұсыну немесе іссапарға жіберу немесе жұмыстан босату туралы

      бұйрық/уақытша еңбекке жарамсыздық парағы) төмендегілер туралы осы

      20__жылғы "___" _______ № ______ актіні жасадым:

      Мамандар тобының мүшесі ____________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ________ дан ___________ дейін кезеңге қол

      жеткізуге шектеу қойылады. (күні мен уақыты) Осы актінің мазмұнын жеке

      қолтаңбалармен растаймыз:

      1. ________________________________________________________

      (инвестициялық субсидиялауды іске асыруға жауапты жұмыс органы жұмыскерінің

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні мен уақыты, электрондық цифрлық

      қолтаңбасы)

      2. ________________________________________________________

      (мамандар тобы мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні мен уақыты,

      электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысы
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 152-НҚ бұйрыққа 5-қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша

"Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

14 (он төрт) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішанара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойған инвестициялық субсидиялау шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектісінің жұмыс кестесі

Портал – тәулік бойы жұмыс істейді, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, қызмет алушы қызмет берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат қалғанда, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған жабдық бойынша көрсетілетін қызметті алушы "PDF (Portable Document Format)" форматында өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінімді (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) жолдайды.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялау үшін ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінімді "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушының/инвестордың қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) ұсынады.
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілейтін және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 98-бабына және 14-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері;
5) жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
6) инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
7) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
8) Жерүсті немесе жерасты көздерінен суды тікелей (бастапқы) алған жағдайда арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.
АШТӨ суармалы су беру қызметтерін су беру ұйымдарынан алған жағдайда су ұйымдарымен жасалынған келісім-шартты ұсынады.
Егер суарылмайтын жерлерге суарылатындай жағдай жасалса, инвестор Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне (суарылмайтын егістіктен суарылатын егістікке) ауыстыруды қамтамасыз етеді.
9) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы;
10) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады