"Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 мамырда № 38656 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Шет мемлекеттен әкелінген (әкелінетін) және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелетін жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) жол берілмейді:

      1) тартқыш және арнайы жылжымалы құрам, қалған қызмет ету мерзімі жасалған күннен бастап белгіленген қызмет ету мерзімінен 60 %-ынан кем емес, жасалған күнінен бастап есептелетін, Қазақстан Республикасында өндірілмейтін арнайы жол техникасын қоспағанда;

      2) жүк және жолаушылар жылжымалы құрам, мынадай жылжымалы құрамды қоспағанда:

      – жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын қызмет мерзімі;

      – тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам деп жылжымалы құрам түсініледі:

      вагон-хоппер: ыстық шекемтастарға арналған мөлшерлегіш, агломератты тасымалдауға арналған, цемент тасушы;

      вагон-транспортер;

      вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығы бар әмбебап;

      тасымалдауға арналған вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт, тағамдық майлар, азық-түлік өнімдер және ауыз су;

      думпкар вагоны;

      вагон рефрижератор;

      мұздақ;

      термос.

      Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасының қолданысы 2030 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін белгіленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады