"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі аукционды өткізу және аукцион қорытындылары бойынша лицензия беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген |
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және аукцион қорытындылары бойынша лицензия беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және аукцион қорытындылары бойынша лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 221-2-бабының 1-тармағына әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру тәртібін анықтайды.
2. Кең таралған пайдалы қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион негізінде мынадай жер қойнауы учаскелері:
1) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізілген және Кодекстің 22-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуден босатылған, кең таралған пайдалы қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалардың қорлары және (немесе) ресурстары бар жер қойнауының учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған перспективалары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға;
3) осы тармақтың 1) тармақшада көзделген аумақтарды қоспағанда, жарамсыз, ұзартылмаған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған деп танылған пайдалы қатты қазбаларды барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға беріледі.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион аумағы – мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көзделген аумақ, оның шегінде қорытындылар бойынша аукционға пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру учаскесі берілуге тиіс;
2) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
3) аукцион қадамы – қол қойылатын бонустың мөлшері ұлғайтылатын шама;
4) аукциондық нөмір – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
5) аукцион объектісі (бұдан әрі – объект) – пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион қорытындылары бойынша берілетін жер қойнауын пайдалану құқығы;
6) геоақпараттық сервис (бұдан әрі – геосервис) – жер қойнауы учаскелері аукцион негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру немесе өндіру үшін берілетін аумақтар туралы ақпаратты қамтитын, жүйелі бақылау нәтижелерін, жердегі түсірулерді, зерттеулерді, түгендеулерді, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдарын, архивтік деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін енгізу арқылы алынған, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған осындай жер учаскелерін пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ жердің жай-күйі туралы мәліметтерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған ақпараттық сервис;
7) жеңімпаз – аукционның басқа тіркелген қатысушылары арасында объект үшін қол қойылатын бонустың неғұрлым жоғары мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы немесе аукционның жалғыз тіркелген қатысушысы;
8) кепілдік жарна – қатысушының аукционға қатысу үшін енгізетін, аукцион жеңімпазының қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын ақшалай сома;
9) қатысу жарнасы – қатысушының аукционға қатысу үшін енгізетін 100 (жүз еселенген) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарылмайтын ақшалай сома;
10) қатысушы – аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
11) қол қойылатын бонустың ағымдағы мөлшері – аукцион барысында қалыптасатын қол қойылатын бонустың мөлшері;
12) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленген объект бойынша аукцион басталатын қол қойылатын бонустың мөлшері;
13) қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшері – аукционды өткізу нәтижесінде белгіленген қол қойылатын бонустың мөлшері;
14) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – тізілімнің веб-порталы – "www.e-qazyna.kz" мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
15) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
16) пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион (бұдан әрі – аукцион) – лицензияларға арналған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган айқындаған қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін электрондық нысанда өткізілетін сауда-саттық нысаны;
17) жоғарылатуға арналған аукцион – қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері аукционның алдын ала жарияланған қадамымен арттырылатын аукцион әдісі;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
19) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
20) Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) – мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе.
21) электрондық әмиян – қатысушының бірыңғай оператордың екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотына енгізген ақшасын көрсетуге арналған оның тізілімдегі дербес шоты;
22) құзыретті орган – Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
4. Аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумағы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалуға тиіс және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қалыптастырылады. Аукцион негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы екі жүз блоктан аспауы керек.
5. Аукционды ұйымдастыруды және өткізуді Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес құзыретті орган жүзеге асырады. Аукцион қол қойылатын бонусты арттыру әдісімен өткізіледі.
6. Геосервисте объектілер бойынша графикалық ақпарат көрсетіледі:
1) блоктардың кодтары көрсетілген блоктармен – аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру үшін;
2) шартты түзу сызықтармен байланысқан географиялық координаттары бар нүктелермен.
7. Аукцион аукционның тиісті аумағы бойынша жер қойнауын пайдаланудың әрбір жеке құқығына қатысты өткізіледі.
8. Жеңімпаз осы Қағидалардың 65-тармағында көзделген мерзімде қол қою бонусын төлемеген жағдайда, қатысушы растаған қол қою бонусын төлеу жөніндегі басымдық пен міндеттемелер аукционда қол қою бонусының келесі ең жоғары мөлшерін ұсынған қатысушыға (бұдан әрі – келесі қатысушы) өтеді.
9. Мұндай аукцион қатысушысы қол қою бонусын төлемеген жағдайда, әрбір жағдайда басымдық пен төлеу жөніндегі міндеттемелер келесі қатысушыға өтеді, бұл ретте қол қою бонусын төлеу мерзімі осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес құзыретті органның хабарламасын алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде электрондық әмиянға төлеу болып айқындалады.
10. Қатысушыға басымдық пен міндеттемелердің өзіне өткендігі туралы хабарлама автоматты түрде тізілімнің веб-порталындағы осындай қатысушының жеке кабинетінде орналастырылады.
2-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және аукцион қорытындысы бойынша лицензия беру тәртібі
1-параграф. Аукцион өткізу тәртібі
11. Аукцион құрамын құзыретті орган бекітетін конкурстық комиссияның шешімі негізінде өткізіледі.
12. Аукционды өткізу туралы хабарландыру ол өткізілетін күнге дейін кемінде екі ай бұрын жариялануға тиіс.
13. Хабарландыру ЖҚПБП және тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
14. Аукционды өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) аукцион өткізілетін күні мен уақыт;
2) объект туралы ақпарат:
аукцион қорытындылары бойынша кейіннен пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион аумағының координаттары, оның алаңы;
блоктардың саны, аукцион қорытындылары бойынша кейіннен пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион аумағын құрайтын блоктың (блоктардың) коды (кодтары);
аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы немесе оның басым бөлігі шегінде орналасқан облыс;
3) аукционның тиісті аумағы шегінде жер қойнауы учаскесін беру көзделетін жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;
4) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;
5) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қосымша міндеттемелер;
6) өтінімді қабылдау мерзімі;
7) аукционды өткізу тәртібі, оның ішінде жеңімпазды айқындау шарттары;
8) құзыретті орган және бірыңғай оператор бойынша байланыс ақпараты;
9) аукцион туралы қосымша ақпарат.
15. Әрбір объект бойынша аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін құзыретті орган ЖҚПБП арқылы объект туралы қысқаша геологиялық ақпаратты, сондай-ақ учаскенің орналасқан жері туралы кеңістіктік көріністі қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану учаскесі туралы графикалық ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
16. Хабарландыру жарияланғаннан кейін құзыретті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес құпия немесе құпия деп танылатын геологиялық ақпаратты қоспағанда, тізілімнің веб-порталы және БЖТ арқылы объектілер туралы ақпаратқа барлық тілек білдірушілердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
17. Қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру көзделетін аукционның аумағы Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 209-бабының талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің әлеуетті шекараларын қалыптастыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
18. Аукцион аумағын Кодекстің талаптарына сәйкес құзыретті орган қалыптастырады.
19. Аукцион аумағын қалыптастыру кезінде оны қатты пайдалы қазбаларды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар, кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қолданыстағы келісімшарттық аумақтармен біріктіруге жол бермеу ескеріледі қатты пайдалы қазбаларды барлауға, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша барлау немесе өндіру учаскелерін, жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесінің аумағы.
20. Аукционды өткізу үшін құзыретті органның функциялары мыналар:
1) аукционды дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
2) жеңімпазға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру болып табылады.
21. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) объект айқындалады;
2) объект бойынша қажетті материалдарды жинау осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүргізіледі;
3) объект бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері айқындалады;
4) аукционды өткізудің шарттары мен мерзімдері белгіленеді;
5) аукционды өткізу туралы хабарлама жарияланады;
6) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
22. Аукционға қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру үшін тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail (болған жағдайда).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы өтінімді тіркегенге дейін тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
23. Жеке және заңды тұлғалардан қатысуға өтінімдерді қалыптастыру, қабылдау және өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) жеке немесе заңды тұлғаның кепілдік жарнаны және қатысу жарнасын төлеуі;
2) тізілімнің веб-порталында жеке немесе заңды тұлғаның өтінімді қалыптастыруы және қол қоюы;
3) құзыретті органның өтінімді қабылдауы және өңдеуі;
4) тізілімнің веб-порталында өтінімді өңдеудің ағымдағы мәртебесін көрсету.
Өтінімді қалыптастыру және беру үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген шарттардың сақталуын, сондай-ақ кепілдік жарнаның және аукционға қатысу жарнасының төленуін қамтамасыз етеді.
Құзыретті органның өтінімді қабылдауы және өңдеуі кезінде веб-портал өтінімді толтырудың толықтығын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылауды жүзеге асырады. Форматтық-логикалық бақылау нәтижелері өтінімге енгізіледі.
Өтінімді беру үшін ұсынылатын мерзім аукцион өткізу туралы хабарламада айқындалады және аукцион өткізу күніне дейін күнтізбелік 20 күннен кешік емес өтеді.
24. Аукционға қатысу жарнасының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізілетіні туралы хабарлама тізілімнің веб-порталында орналастырылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 100 (жүз еселенген) мөлшерін құрайды.
25. Аукционға қатысу жарнасы бірыңғай операторға төленеді және өтінім берген тұлғаға қайтарылмайды.
Бірыңғай оператор аукционға қатысқаны үшін жарналарды қатысушының тіркелген жері бойынша веб-портал өтінімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.
26. Аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға тізілімнің веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және (немесе) орыс тілдерінде ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінімді жібереді.
27. Кепілдік жарнаны өтініш беруші электрондық әмиянға енгізеді және жеңімпаздың қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
28. Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол мыналарды құрайды:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінің он еселенген мөлшеріне тең сома;
2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінің бес еселенген мөлшеріне тең сома.
29. Құзыретті орган аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тартқан өтінім берушілердің кепілдік жарнасы тізілімнің веб-порталындағы электрондық әмиянда автоматты түрде бұғаттан шығарылады.
30. Бірыңғай оператор жеңімпаздың кепілдік жарнасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеңімпаздың тіркелген жері бойынша бюджетке қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемені орындау есебінен аударады.
31. Бірыңғай оператор келесі қатысушылардың кепілдік жарналарын бюджетке келесі қатысушының тіркелген жері бойынша оған басымдық пен қатысушы растаған қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемелер ауысқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады.
32. Жеңімпаз және/немесе келесі қатысушы өздері растаған қол қойылған бонусты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін келесі қатысушылардың кепілдік жарналары тізілімнің веб-порталындағы электрондық әмиянда бұғатталады.
33. Келесі қатысушы үшін осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптардың орындалғаны туралы хабарламаны ЖҚПБП-дағы құзыретті орган қалыптастырады және тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады.
34. Қатысушы өтінім берген кезде оның мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:
1) өтінім берілгенге дейін бір жыл ішінде қатысушы немесе қатысушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе қатысушының бақылауындағы тұлғалар құзыретті органмен аукцион аумағында пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмаса;
2) өтінім берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде құзыретті орган қатысушының немесе қатысушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе қатысушының бақылауындағы тұлғалардың аукцион аумағында орналасқан жер қойнауы учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартуын тіркемеген болса;
3) қатысушы немесе қатысушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе қатысушының бақылауындағы тұлғалар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кірмейтін болса;
4) өтінім берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде қатысушы немесе қатысушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе қатысушының бақылауындағы тұлғалар өздерінің пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде және тиісті түрде орындаса.
35. Өтінімге Кодекстің 204-бабына сәйкес бірінші жыл ішінде өндіруге жұмсалатын ең аз шығындарды жабуға жеткілікті, өтінім берушінің кәсіби, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса беріледі.
36. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады.
Өтінімге қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, оның дұрыстығын нотариус куәландырады.
Барлық қоса берілетін құжаттар аукцион өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен ерте емес күні белгіленеді.
37. Қатысушыларды тіркеу олар хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.
38. Өтінім тіркелгеннен кейін веб-портал 3 (үш) минут ішінде өтінім берілген объект бойынша қатысу жарнасының және кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің электрондық әмиянда болуын автоматты түрде тексереді.
39. Электрондық әмиянда қатысу жарнасы мен кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысу жарнасы мен кепілдік жарнаның сомасына электрондық әмияндағы ақшаны бұғаттауды жүзеге асырады. Электрондық әмиянда қатысу жарнасының және кепілдік жарнаның түскені туралы ақпарат болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдамайды.
40. Өтінімді тізілімнің веб-порталы қатысушы осы Қағидалардың 34 және 35-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда және қатысушының өтінім берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмаған жағдайда қабылдайды.
41. Қатысушының осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
42. Қатысушының қатысуға өтінімді тіркеу туралы хабарламасы не мұндай өтінімді тіркеуден бас тарту себептері тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады.
43. Веб-портал аукционды өткізу басталғанға дейін кемінде 5 (бес) минут бұрын өтінімді қайтарып алған қатысушының аукциондық нөмірінің күшін жояды.
44. Өтінімдерді құзыретті орган бірінші өтінімнен бастап қатаң реттілікпен және өтінім құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
45. Өтінімді құзыретті органға бергеннен кейін оны веб-порталда жіберген жеке немесе заңды тұлға үшін құзыретті органның өтінімді өңдеуінің ағымдағы мәртебесі көрсетіледі.
46. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы немесе аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы өтініш берушінің хабарламасы құзыретті органның өтінімді қарау нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады. Осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес бас тарту өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
47. Осы Қағидалардың 48-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бас тарту мұндай бас тартуға негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.
48. Құзыретті орган мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) өтінім немесе қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың және Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім берілгенге дейін бір жыл ішінде өтінім берушіде немесе өтінім берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғада құзыретті орган аукцион аумағында пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтатса;
3) өтінім берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде өтінім беруші немесе өтінім берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның қарамағындағы тұлға бақылау арқылы аукцион аумағында орналасқан жер қойнауы учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартса;
4) аукцион қорытындылары бойынша өтініш берушіге жер қойнауын пайдалануға лицензия беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге немесе жер қойнауын пайдалану құқығының шоғырлануына алып келетін болса;
5) өтінім берілген күн алдындағы бес жыл ішінде өтінім беруші немесе өтінім берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануында болған жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса;
6) өтінім берілген күн алдындағы бес жыл ішінде өтінім беруші, тұлға немесе ұйым өтінім берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануында болған Кодекске сәйкес келтірілген аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусты төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаса аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.
49. Өтінімде жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателер, қателесіп жазулар немесе басқа да осыған ұқсас қателер аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
50. Аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасайды.
51. Аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіні аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде өтінімді қайтадан беру құқығынан айырмайды.
52. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган мен бірыңғай оператор аукционға дайындық пен оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді.
53. Қатысушы өтінімде көрсеткен мәліметтер тізілімнің "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасымен, "Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар" ақпараттық жүйесімен және салық органдарының ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталуы тиіс.
54. Көрсетілген мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден деректерді автоматты режимде алған жағдайда тізілімнің веб-порталы форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып, мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді тіркемейді.
55. Осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан деректер автоматты түрде алынбаған жағдайда, қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін өтінімге тіркейді.
56. Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалар өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпаратты ала алады.
57. Аукционға қатысуға жіберілген және веб-порталда қатысушылар ретінде тіркелген өтінім берушілер аукционға қатысады.
58. Қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта аукцион залында қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін автоматты түрде орналастыру арқылы басталады.
59. Аукцион залындағы аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.
60. Аукцион құзыретті орган аукцион басталғанға дейін оның күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде өткізілмейді. Мұндай шешім аукцион өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады және құзыретті орган шешім қабылданған күні тізілімнің веб-порталына және ЖҚПБП-ға енгізеді.
61. Аукцион қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен басталады.
62. Аукцион қадамы былайша белгіленеді:
1) қол қойылатын бонустың бастапқы немесе ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда аукцион қадамы 25% (жиырма бес пайыз) құрайды;
2) қол қойылатын бонустың бастапқы немесе ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерінен 50000 еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда аукцион қадамы 20% (жиырма пайыз) құрайды;
3) қол қойылатын бонустың бастапқы немесе ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен 100000 еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда аукцион қадамы 15% (он бес пайыз) құрайды;
4) қол қойылатын бонустың бастапқы немесе ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда аукцион қадамы 10% (он пайыз) құрайды;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы немесе ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еселенген мөлшерінен және одан жоғары болған жағдайда аукцион қадамы 5% (бес пайыз) құрайды.
63. Аукцион мынадай түрде өткізіледі:
1) егер аукцион залында қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері расталған сәттен бастап он минут ішінде қатысушы объектіні сатып алу ниетін осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес белгіленген қадамға қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін ұлғайту арқылы растайтын болса, онда қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері белгіленген қадамға ұлғайтылады;
2) егер аукцион залында қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері расталғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы өз ақшасын растамаса. қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін ұлғайту жолымен объектіні сатып алуға ниет білдірсе, онда қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер қол қойылатын бонустың ағымдағы мөлшері ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қойылатын бонустың ағымдағы мөлшері ұлғайтылғаннан кейін объектіні сатып алу ниетін растамайтын болса, онда объектіні сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
4) егер аукцион аяқталған сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда объектіні сатып алу ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Аукционды қатысушылардың бірі қол қойылатын бонустың ұсынылған ең жоғары мөлшеріне дейін өткізеді. Егер қатысушы қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін растаса, онда бір ғана қатысушы тіркелген аукцион өткізілді деп танылады.
Қол қойылатын бонустың ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып есептеледі.
64. Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілетін күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, құзыретті орган тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаздың қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия алу жөніндегі міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Мүдделі тұлғалар аукционның қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасай алады.
65. Аукцион нәтижелері туралы хаттамада:
1) аукцион және оның қатысушылары туралы мәліметтер;
2) объект туралы мәліметтер;
3) жеңімпаз туралы мәліметтер және оның міндеттемелері қамтылады.
66. Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін жеңімпаз аукцион нәтижелері жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық әмиянға төлеуге тиіс.
67. Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдалануға лицензия берудің шарты, ал оны орындамау жеңімпазға лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылады.
68. Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлеуді қатысушы тікелей электрондық әмиянды толтыру және кейіннен оның ЖҚПБП-да бюджетке қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін аудару туралы өтінішке қол қоюы арқылы жүзеге асырады.
69. Қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусын төлемеген жағдайда, құзыретті орган тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-мен аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.
70. Аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлемеуі құзыретті органның аукцион жеңімпазына және жеңімпазды тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғаларға жер қойнауын пайдалануға лицензия беруден, сондай-ақ оларды аукцион өткізілген күннен бастап бес жыл ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын беретін аукциондарға қатысуға жіберуден бас тартуына алып келеді. Аталған тұлғаларға осы мерзім ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған кезде олардың ауысуына рұқсат беруге тыйым салынады.
Құзыретті орган аталған тұлғалардың тізбесін ЖҚПБП арқылы ашық қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып жүргізеді.
71. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі келтіретін техникалық іркіліс туындаған жағдайда қатысушы:
1) тізілімнің веб-порталымен тұрақты байланыс болмаған сәттен бастап 30 секунд ішінде қатысушының мониторына бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны енгізу арқылы хабарланады;
2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.
72. Бірыңғай оператор техникалық іркіліс фактісін тіркейді және ол тізілім веб-порталы жағында болған жағдайда ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру арқылы барлық қатысушыларды хабардар етеді.
73. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникациялық жабдығы техникалық істен шыққан жағдайда аукцион жалғастырылады.
74. Аукционды өткізуге немесе аукционды өткізу рәсіміне кедергі келтіретін осы Қағидалардың 71-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық істен шығу фактісі болған кезде, бірыңғай оператор бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді және тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысушыларды осы аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы аукционға қатысушыларды міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды техникалық ақау түзетілгеннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.
2-параграф. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша аукцион қорытындысы негізінде лицензия беру тәртібі
75. Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы жеңімпазға және/немесе келесі қатысушыға хабарлама белгіленген мерзімде қол қою бонусы төленгеннен кейін тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады.
76. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жеңімпаз тарапынан құзыретті органға пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама қалыптастырылған күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
77. Егер барлауға берілетін лицензия бойынша барлау учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне не оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумақтарға жататын болса, жеңімпаз Кодекстің 25-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы қол қойылған келісімді (бұдан әрі – Келісім) құзыретті органға ұсынады. Мұндай Келісім аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде құзыретті органға ұсынылуға тиіс. Көрсетілген мерзім жеңімпаздың жазбаша өтініші бойынша үш айға ұзартылады. Келісім ұсынылғанға дейін лицензия беру мерзімі тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін барлау учаскесінің аумағы барлауға берілетін лицензия бойынша толықтай елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумақтарға жататын жағдайда, жеңімпаз қол қойылған Келісімді ұсынбаған болса, құзыретті орган лицензия беруден бас тартады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін барлау учаскесінің аумағы барлауға берілетін лицензия бойынша ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумақтарға жататын жағдайда, жеңімпаз қол қойылған Келісімді ұсынбаған болса, құзыретті орган лицензия беру кезінде тиісті блоктарды барлау аумағына қоспайды.
78. Егер барлауға берілетін лицензия бойынша барлау учаскесінің аумағы көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өзге тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара сәйкес келетін блоктан (блоктардан) тұрса, жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы хаттама рәсімделген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілген блокты (блоктарды) барлау лицензиясына енгізуге осы тұлғаның жазбаша келісуін (бұдан әрі – Келісу) құзыретті органға ұсынады. Көрсетілген мерзім жеңімпаздың жазбаша өтініші бойынша үш айға ұзартылады. Келісу ұсынылғанға дейін лицензия беру мерзімі тоқтатыла тұрады.
Егер көрсетілген мерзім өткенге дейін жеңімпаз құзыретті органға келісуді ұсынбаса, құзыретті орган лицензия беру кезінде тиісті блоктарды барлау аумағына қоспайды.
79. Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын тиісті түрде қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді не құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап отыз бес жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.
Осы Қағидалардың 86 және 87-тармақтарында көзделген жағдайларда лицензия беру мерзімі құзыретті органға жазбаша Келісім немесе Келісу ұсынылған күннен бастап есептеледі.
Келісім және Келісу тараптармен электрондық нысанда ЖҚПБП арқылы (тиісті функционал техникалық тұрғыдан іске асырылғаннан кейін) қалыптастырылады және қол қойылады.
3-параграф. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге аукцион қорытындысы бойынша лицензия беру тәртібі
80. Аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия бойынша берілетін өндіру учаскесінің (учаскелерінің) аумағының шекараларын айқындау және келісу, сондай-ақ Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарын келісу және сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы жеңімпазға хабарлама тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады.
Егер берілетін лицензия бойынша өндіру учаскесінің (учаскелерінің) аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумақтарға жататын болса, жеңімпаз құзыретті органға қол қойылған Келісімді де ұсынады.
81. Келісілген тау-кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспары (сараптаманың оң қорытындыларымен), сондай-ақ өндіру учаскесінің аумағының келісілген шекаралары және жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім (қажет болған жағдайда) жеңімпаз тарапынан осы Қағидалардың 89-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей құзыретті органға ұсынылады.
Жеңімпаз көрсетілген мерзімді ұзарту қажеттігін негіздей отырып, құзыретті органға жүгінуге құқылы. Егер мұндай ұзарту қажеттігі көрсетілген тұлғаға тәуелді емес мән-жайлардан туындаған болса, құзыретті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге оны ұзартады.
Осы тармақта көрсетілген мерзімдер өткізіліп алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қол қою бонусы төленбеген жағдайда, жеңімпаз қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу құқығынан айырылады. Бұл ретте, егер бұл Кодекс ережелеріне қайшы келмесе, құзыретті орган аукцион аумағы бойынша қайта аукцион өткізеді.
82. Өндіру учаскесі аумағының шекараларын келісуді жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жеңімпаздың еркін нысанда жасалған өтінішін, оған қоса сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды: көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған учаскенің орналасу картограммасын, шолу (ситуациялық) сызбасын, жер бетінің топографиялық картасын қоса тіркей отырып, он жұмыс күні ішінде қарайды және сұратылып отырған өндіру учаскесі аумағының шекаралары мен пішінінің Кодекс талаптарына сәйкестігін тексереді.
Егер жеңімпаз белгілеген сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағының шекаралары мен пішіні Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 209-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы еркін нысанда жазбаша түрде жеңімпазды және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою тәсілдері бойынша ұсынымдар көрсетіледі. Хабарлама алынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жеңімпаз анықталған сәйкессіздіктерді жояды және бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды еркін нысанда жазбаша хабардар етеді не өзінің қарсылығын жазбаша түрде жолдайды.
Хабарлама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің шекараларының Кодекстің 209-бабы талаптарына сәйкестігі мәселесін қайта қарайды.
Сұратылып отырған жер қойнауы учаскесі шекараларының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган аталған шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы еркін нысанда жазбаша түрде құзыретті орган мен жеңімпазды хабардар етеді. Келісуден бас тарту жеңімпаз тарапынан заңнамаға сәйкес шағымданады.
83. Сұратылып отырған өндіру учаскесінің аумағының шекаралары мен пішіні айқындалып, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеннен кейін, жеңімпаз тау-кен жұмыстарының жоспарын және жою жоспарын әзірлейді және олардың Кодекстің тиісінше 216 және 217-баптарында көзделген келісуін және сараптаманың оң қорытындысын алуын қамтамасыз етеді.
84. Құзыретті орган жеңімпазға пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензияны ЖҚПБП арқылы талап етілетін келісулер мен тау-кен жұмыстарының жоспары және жою жоспары бойынша сараптамалардың оң қорытындылары, сондай-ақ оның қорытындысы Кодексте көзделген жағдайда, Келісім (қажет болған кезде) ЖҚПБП арқылы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
3-тарау. Аукционды өтпеді деп тану тәртібі мен негіздері
85.Аукцион өткізілген күнге дейін бірде-бір өтінім беруші тіркелмеген жағдайда, аукцион өтпеді деп танылады. Бұл жағдайда аукцион өткізілген күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта өткізілуге жатады.
86.Осы Қағидалардың 73 және 74-тармақтарында көрсетілген жағдайларда құзыретті орган аукцион өткізілген күні немесе тиісінше қол қою бонусын төлеу үшін көзделген мерзім өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, өтпеген аукцион туралы актіге қол қояды. Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.
87. Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион екі рет өтпеді деп танылған жағдайда, аукцион өтпеді деп танылған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруді көздейтін аукцион өткізіледі.
88. Аукцион аумағы мынадай жағдайларда Бағдарламадан алып тастауға жатады:
1) Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және осы Қағидалардың 77-тармағында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша барлауға арналған аукцион екі рет өтпеді деп танылған кезде;
2) аукцион қорытындысы бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру кезінде барлау учаскелері аумаққа енгізілмеген кезде.
89. Бағдарламадан алып тасталған аукцион аумақтары бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекстің 189-1-бабында көзделген тәртіппен беріледі.
4-тарау. Аукционды жарамсыз деп тану
90. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
91. Аукционды жарамсыз деп тану үшін негіздер:
1) аукцион өткізу қағидаларын бұзу, ол аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен жағдайда;
2) аукцион қорытындылары бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия берілген тұлғаның құзыретті органға оны аукционға қатысуға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу жалған мәліметтер ұсыну фактісінің анықталуы.
92. Жер қойнауын пайдалану лицензиясы берілгенге дейін аукцион нәтижелерінің жарамдылығы дауланған жағдайда, лицензия беру мерзімі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
93. Аукцион нәтижелерінің жарамсыз деп танылуы аукцион қорытындысы бойынша берілген жер қойнауын пайдалану лицензиясының жарамсыздығына әкеп соғады.
| Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және аукцион қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларына қосымша |
Нысан
Аукционға қатысуға өтінім
Объект бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық беруге
аукцион өткізу туралы хабарландыруды қарай отырып:
_______________________________________________________
(аукцион объектісі, қатты пайдалы қазбалар учаскесі (блогы) бойынша мәліметтер)
және Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысының хаттамасымен бекітілген
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукционның
қорытындылары бойынша Аукцион өткізу және лицензия беру ережелерімен
танысқаннан кейін 20 __ жылғы "__" _____ бастап аукционға қатысуға өтінім
қабылдауды сұраймын.
________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
және өткізілетін аукционға қатысушы ретінде тіркеу 20___ жылғы "__" ___ e-
qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған мемлекеттік
мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған.
Аукцион объектісі бойынша мәліметтер: __________________________.
Мен (біз) аукционға қатысу жарнасын және аукционды (объектіні) өткізу туралы
хабарламада көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша кепілдік жарнаны енгіздім:
объектінің атауы ____________________________________________;
қатысу жарнасының сомасы, теңге _____________________________;
кепілдік жарна, теңге_________________________________________.
Келісемін (ның) менің (біздің) қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес
келмейтінімді және (немесе) осы мәлімдемеде мәлімделген ақпараттың дұрыс
еместігін анықтаған жағдайда, мен (біз) аукциондарға қатысу құқығынан айырыламыз.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын (растаймын) және жалған мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Мен (біздің) құзыретті органға аукционға қатысуға, қатысуға және (немесе) аукцион жеңімпазы деп тануға рұқсат беру туралы құзыретті органның шешімдеріне әсер еткен көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда, мен (-дер) келісемін. қол қойылған хаттама нәтижелерінде аукционның және өндіруге арналған лицензия жарамсыз деп танылады.
Мені жеңімпаз деп таныған және мен (біз) заңнамада белгіленген мерзімде қол қою бонусын төлемеген жағдайда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға/өндіруге лицензия беру туралы өтініштен бас тартқанымды растаймын.
Келісемін (ның) ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мен (біз) туралы мәліметтерді пайдалануға.
Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ___________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
Мекенжайы: ______________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: _____________________________________
Жеке сәйкестендіру коды ___________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _________________________________
Банктің атауы _____________________________________________
Жеке тұлға үшін: __________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері ________________
Мекенжайы: ______________________________________________
Телефон нөмірі: ___________________________________________
Жеке сәйкестендіру коды ___________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _________________________________
Банктің атауы _____________________________________________
Бенефициардың коды ______________________________________
Мені (бізді) тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ қатысу үлестеріне, акцияларға иелік ететін бақылаушы тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер:
мемлекеттің атауы ________________________________________
тұлғаның, ұйымның атауы _________________________________
Осы тармақтың бақылаушы тұлғалар болып табылмайтын, өтініш берушінің қатысу үлестеріне, акцияларына иелік ететін тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтерді ұсыну туралы талабы аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, осындай қатысу үлестеріне, акцияларға иелік ететін халықаралық ұйымдарға қолданылмайды. ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыстағы акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы.
Қатысушы қол қойған және жіберген 20 _ жылғы "___"___ сағат _____: ____:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Құзыретті орган қабылдаған 20 _ жылғы "___"_____ сағат _____: ____:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Қатысушының аукциондық нөмірі (аукцион аяқталғаннан кейін көрсетіледі)
| Қазақстан Республикасының | |
| Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге аукцион өткізу және оның қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16995 болып тіркелген);
2. "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 465 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 18963 болып тіркелген);
3. "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 237 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20521 болып тіркелген).