Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 89 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 мамырда № 38626 тіркелді

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына және 9-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 89 қаулысымен
бекітілген

Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидалары

      1. Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық есептілікті және қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына және 9-7-бабына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қаржылық және өзге де есептілікті жариялау тәртібін, оның тізбесі мен мерзімдерін белгілейді.

      2. Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдары (банк және сақтандыру холдингтерін қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жариялайды.

      Өзінің ресми интернет-ресурсы жоқ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті бейінді қауымдастықтың (одақтың) немесе өзге бейінді бірлестіктің интернет-ресурсында жариялай алады.

      3. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзінің ресми интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті қосымша жариялайды.

      4. Екінші деңгейдегі банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған және шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.

      5. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банк және сақтандыру холдингтері жыл сайын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жылдық қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында:

      1) еншілес ұйымдары жоқтары – аудиторлық ұйым растаған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен зиян туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті;

      2) еншілес ұйымдары барлары – аудиторлық ұйым растаған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен зиян туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті жариялайды.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін мынадай:

      1) бухгалтерлік есептің деректері бойынша жылдық есептілікті;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық есепте берілген мәліметтердің дәйектілігін аудиторлық ұйым растағаннан кейінгі және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі бекіткеннен кейінгі аудиторлық есепті;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері бекіткен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, сондай-ақ, онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын, тексерілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокеріне, олардың акционерлеріне (қатысушыларына) және аудиторлық ұйымның басшы қызметкерлеріне қарамастан аудиторлық есепті жариялайды.

      7. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есепті қосымша жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп деректері және есептілігі бойынша есептілік жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 89 Қаулыға қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі

      1. "Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7648 болып тіркелген).

      2. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8883 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10208 болып тіркелген) бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 20-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 8-тармағы.

      7. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 156 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19386 болып тіркелген).

      8. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19618 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22239 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36740 болып тіркелген) бекітілген Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады