Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36740 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2025 жылғы 28 тамыздағы № 45
Қаулыға қосымша

Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылардың саны және пай кірістілігі туралы ақпарат ұсыну қағидаларын, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесінде:

      1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар құнының құнсыздануын немесе азаюын тану критерийлерінде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Қор биржасы тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

      ".

      2. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қор биржасының мүшелері Қағидалардың 6-тармағында көзделген талаптардан басқа:

      1) қор биржасы қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта мәмілелерді тек қана әділ және тең құқылы сауда принциптерімен, қор биржасының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмей жасайды;

      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін активтерді жеткізу арқылы қор биржасының есеп айырысу ұйымдарының алдында өз міндеттемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы және толығымен орындайды;

      3) өз қызметінде қор биржасының этика қағидаларын және қор биржасының басқа мүшелеріне (олардың клиенттеріне), өз клиенттеріне және қор биржасына қатысты адал бәсекелестік принциптерін басшылыққа алады, сондай-ақ олардың нарықтық іс-қимылын өзгерту мақсатында оларға тікелей және жанама ықпал етпейді;

      4) уәкілетті органға сұрау салынатын ақпаратты сұрау салуда көрсетілген мерзімдерде ұсынады қағаз және (немесе) электрондық нысандарда.";

      10 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген, оның ішінде Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасының талаптары бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі немесе одан да көп рет) орындалмаған жағдайда.";

      43-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-2. Қор биржасы мынадай негіздердің бірі туындаған кезде белгілі бір атаудағы қаржы құралы бойынша қор биржасының мүшесі – брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды:

      1) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер өтінішінің Қағидалардың 43-1-тармағының талаптарына сай келмеу;

      2) қор биржасының мүшесі - брокердің және (немесе) дилердің қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде айла-шарғы жасау және (немесе) жосықсыз іс-әрекет жасау және (немесе) осы атаудағы қаржы құралына қатысты бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;

      3) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің осы атаудағы қаржы құралдарына қатысты өзінің маркет-мейкер міндеттерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамау.";

      46-1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) айла-шарғы жасау және (немесе) жосықсыз іс-әрекет жасау және (немесе) осы атаудағы қаржы құралына қатысты бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде қор биржасының ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;".

      3. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Акционерлік қоғамдар және қаржы ұйымдары (банк және сақтандыру холдингтерін қоспағанда) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жариялайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жыл сайын қосымша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында, немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздары шетелдік қор биржаларына айналысқа жіберілген екінші деңгейдегі банктер және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өздерінің ресми интернет-ресурстарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті жариялайды.".

      4. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алаң секторы - Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;

      2) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын осы бағалы қағаздар шығарылымы шарттарында алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      3) "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегменті - купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды бастаған эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;

      4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалдау сертификаттары, исламдық қатысу сертификаттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған өзге бағалы қағаздар;

      6) қор биржасының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

      7) қор биржасының тізімі - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі;

      8) листингтік компания - бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (қор биржасының ресми тізімінде айналысқа жіберілген) заңды тұлға;

      9) ресми тізім алаңы - қор биржасының секторлардан тұратын ресми тізімінің бөлігі;

      10) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, қор биржасы не қор биржасының мүшесі;

      11) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;

      12) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының негізінде эмитент іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдердің не "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспарының кешені.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор биржасының тізімі қор биржасының ресми тізімінен және "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторының бейресми тізімінен тұрады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қор биржасының ресми тізімі мынадай оқшауланған алаңдардан тұрады:

      1) "Негізгі";

      2) "Баламалы";

      3) "Аралас";

      4) "Жеке орналастыру";

      5) құрылуы және жұмыс істеуі қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын өзге алаңдар.

      Талаптардың 16-тармағында белгіленген жағдайларда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген алаңдарда орналасқан бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне ауыстырылуы мүмкін.";

      7 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздарды Талаптардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген алаңдардың секторларына (санаттары мен кіші санаттарына) бөлу өлшемшарттары (шарттары) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      9 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы мынадай санаттарға бөлінеді: "премиум" санаты, "стандарт" санаты, қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де санаттар.";

      11 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторы мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) облигациялар;

      2) коммерциялық облигациялар;

      3) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге санаттар.";

      15 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторы мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) облигациялар;

      2) коммерциялық облигациялар;

      3) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге санаттар.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне мынадай негіздер бойынша аударылады:

      1) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақы (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең үшін сыйақыны қоспағанда) төлеу бойынша дефолты;

      2) эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауы.

      17. Қор биржасы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде эмитентке (жіберуге бастамашыға) осындай негіздердің болуы туралы хабарлама жібереді.

      18. Эмитенттің бағалы қағаздарын Талаптардың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне ауыстыру үшін негіздер туындаған кезде, эмитент (жіберуге бастамашы) қор биржасына бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалмағаны туралы бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында белгіленген орындалу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған не эмитентті және оның бағалы қағаздарын Талаптардың 16-тармағында көзделген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне ауыстыру үшін негіздер туындаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен, эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған "буфер" сегментіне аудару үшін Талаптардың 16-тармағында көзделген негіздерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.

      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Іс-шаралар жоспарында:

      эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;

      эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін негіздер туындауының негізгі себептері;

      қаржылық жағдайды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;

      іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;

      эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;

      іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.

      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

      21. Қайта құрылымдау процесінде тұрған екінші деңгейдегі банктің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы не аталған екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының басшысының міндетін атқаратын тұлға қол қойған өтініштің негізінде, осы аударуды құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) мақұлдаған жағдайда жүргізіледі";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымы қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне, листингтік комиссия іс-шаралар жоспарын қабылдамаған жағдайда – делистингке аударуға жатады.

      25. Эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болған кезеңде эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына эмитенттің өзгерістер енгізуіне рұқсат етіледі.";

      27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарына өзгерістерді қабылдамау туралы шешімінде эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде оларды Талаптардың 35-тармағына сәйкес делистингке негіздер жоқ болған жағдайда қалатыны туралы ақпарат болады.

      28. Эмитент өзінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін не делистингке негіздерді жойған және бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін не делистинг туралы шешім қабылдаған сәтке дейін қор биржасына растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда осы бағалы қағаздар эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын Талаптардың 16-тармағында көзделген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін негіздер туындау сәтінде болған қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады.

      29. Бағалы қағаздардың "Негізгі" және "Жеке орналастыру" алаңдарында орналастырылған борыштық бағалы қағаздар үшін қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болуының ең ұзақ мерзімі эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған" сегментіне аудару туралы шешім қабылданған күннен бастап 12 (он екі) айды, өзге алаңдарда орналастырылған бағалы қағаздар үшін – көрсетілген күннен бастап 24 (жиырма төрт) айды құрайды.

      30. Бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болған кезеңде эмитент (жіберуге бастамашы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұрау салуы бойынша қор биржасына мыналарды береді:

      1) тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен және эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы мәліметтер бар листингтік шартпен айқындалатын есептілік пен ақпарат;

      2) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәлімет.

      31. Эмитенттің осыдан бұрын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" немесе "Жеке орналастыру" алаңында болған бағалы қағаздарын "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне Талаптардың 29-тармағында белгіленген мерзімде аудару үшін негіздер жойылған жағдайда, осы бағалы қағаздар листингтік комиссия шешімінің негізінде қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінен олар бұрын болған қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" немесе "Жеке орналастыру" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының тиісті санатына аударылады, ал осы санаттың талаптарына сәйкес келмеген кезде қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының тиісті санатына аударылады.

      32. Эмитенттің осыдан бұрын "Баламалы" алаңында болған бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне Талаптардың 29-тармағында белгіленген мерзімде аудару үшін негіздер жойылған жағдайда, осы бағалы қағаздар листингтік комиссия шешімінің негізінде "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінен олар бұрын болған қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының тиісті санатына аударылады, ал осы санаттың талаптарына сәйкес келмеген кезде олар делистингке ұшырайды.

      33. Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінен олар бұрын болған санатқа аударуға эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаудың аяқталуын және осы эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының осы санатының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде қабылданған листингтік комиссияның шешімі негіз болып табылады.

      34. Егер эмитент оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болған уақытта міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы жарияласа, оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде қалады.

      35. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:

      1) қайта ұйымдастырылу немесе тарату нәтижесінде эмитенттің қызметі тоқтатылған не эмитент мәжбүрлеп тарату процесінде болған;

      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (соңғы купондық кезеңдегі сыйақыны қоспағанда) төлеу бойынша дефолты және эмитент Талаптардың 20-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынбаған;

      3) Талаптардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз туындаған кезде эмитент Талаптардың 20-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын не Талаптардың 21-тармағында көзделген екінші деңгейдегі банктің өтінішін ұсынбаған;

      4) листингтік комиссия Талаптардың 20-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамаған;

      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болған уақытта эмитенттің міндеттемелер бойынша дефолты;

      6) қор биржасы Талаптардың 16-тармағында көзделген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін негіздерді жою мүмкін еместігін белгілеген;

      7) эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын Талаптардың 29-тармағында белгіленген мерзімде Талаптардың 16-тармағында көзделген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментіне аудару үшін негіздерді жоймау;

      8) соттың эмитентті банкрот деп тануы;

      9) эмитенттің мүлкіне осы эмитенттің активтерінің 50 (елу) пайызынан асатын мөлшерде тыйым салу;

      10) эмитенттің (жіберуге бастамашының) эмитенттің және оның бағалы қағаздары тізбесі Талаптардың 30-тармағында көрсетілген қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер" сегментінде болған уақытта ақпарат ұсынбауы;

      11) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;

      12) қор биржасының ішкі құжаттарымен көзделген өзге де жағдайлар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады