"Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 44 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 19 наурыздағы № 18 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38602 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарында (бұдан әрі – Өлшемшарттар):

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады.";

      7-тармақтың төртінші абзацы мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      4) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың, оның ішінде өрттердің, авариялардың, оқиғалар мен оқыс оқиғалардың;

      5) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері осы өлшемшарттарға 1 - қосымшада келтірілген.";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      бірлескен бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін алпыс жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн өткен соң оның "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Амрин
      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
__________Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 18 мен
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 44 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау,
табиғи ресурстарды молайту
мен пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына және
тексеру парақтарына
1-қосымша

Бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі


р/с

Өлшемшарттар

Тәуекел дәрежесі

1

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін автомобильдер мен өзге де көлік құралдары үшін белгіленген жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуы

Елеулі

2

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесіне қосылған объектілерді пайдалану кезінде оператор жасасқан міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуы

Өрескел

3

Анықталған сәттен бастап екі сағат ішінде зиян келтірген адамның экологиялық залал келтірудің ықтимал фактісі, оның сипаты мен ауқымын алдын ала бағалауы туралы хабарлау

Өрескел

4

Нәтижесінде белгіленген экологиялық нормативтер және/немесе су сапасының экологиялық нормативтері бұзылады немесе бұзылуы мүмкін I және II санаттағы объектілерде авариялық жағдай туындаған сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде хабарлау

Өрескел

5

Су объектілерінің, су объектілерінің су жинау алаңдарында, су объектілерінің мұзды және қар жамылғысының, мұздықтардың қоқыстануына жол бермеу

Өрескел

6

Тазартылу дәрежесіне қарамастан, сарқынды суларды орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау көздерін, курорттарды санитариялық қорғау аймақтарында, шомылуға бөлінген жерлерде жер үсті су объектілеріне төгуге жол бермеу

Өрескел

7

Тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахта және карьер суларының жинақтағыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен салқындату үшін пайдаланылатын сулардың тұйықталған (айналмалы) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға төгілуін қоспағанда, алдын ала тазартпай сарқынды суларды төгуге тыйым салу

Өрескел

8

I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында суды қайтадан пайдалану, айналмалы сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

Елеулі

9

Табиғи биологиялық тазартуға арналған сарқынды суларды және (немесе) жасанды су объектілерінің жинақтауыштарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін қоршаған ортаға әсерді болғызбауды және жерді рекультивациялауды жүзеге асыру

Елеулі

10

Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына, сондай-ақ құнарлы қабаттың қайтымсыз жоғалуын болдырмау үшін мұндай алып тастау қажет болған жағдайларды қоспағанда құнарлылығының нашарлауына жәнеде оны сату немесе басқа тұлғаларға беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алып тастауға жол бермеу

Елеулі

11

Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың авариялық төгілуі туындаған кезде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жоюды жүргізу

Өрескел

12

Қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сусымалы материалдарды, химиялық реагенттерді және қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған жабық контейнерлер мен арнайы ыдыстардың болуы және қолданылуы

Болмашы

13

Теңізде отынның және жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болғызбайтын жүйелердің көмегімен кемелерге май құюды жүргізу

Елеулі

14

Кемелерді кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, ластанған сарқынды сулардың су айдындарына төгілуіне жол бермейтін жабдықпен жарақтандыру

Елеулі

15

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының бүкіл келісімшарттық аумақ бойынша қоршаған ортаның (Климаттық маусымдар бойынша) жыл сайынғы өндірістік мониторингін жүргізуі

Елеулі

16

Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластануының салдарына мониторинг жүргізу

Өрескел

17

Жер қойнауын пайдаланушы сынау аяқталғаннан кейін ұңғымаларды консервациялау жағдайында ұңғыманы консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, бұрғылау негізінің сақталуын және ұңғыманы сенімді герметизациялауды жұмыстар қайта басталған сәтке дейін қамтамасыз ету

Елеулі

18

Авариялық жағдайдың туындау қаупін қоспағанда, ұңғымаларды пайдалану кезінде алауларда флюидтерді жағуға жол бермеу

Өрескел

19

Кемелерден мұнайды, ластаушы заттарды және олардың құрамындағы сарқынды суларды, тазартылмаған балласты суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқыстарды және пластмассалардың барлық түрлерін су объектілеріне тастауға жол бермеу

Өрескел

20

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган технологиялық жабдықтың технологиялық істен шығуы, істен шығуы немесе жұмысынан ауытқуы кезінде технологиялық еріксіз жағу ретінде мойындамаған алауда шикі газды жағу

Өрескел

21

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымаларды анықтаған кезде олардың балансқа қабылдануын қамтамасыз ету және олар бойынша мониторинг жүргізу

Елеулі

22

Қалдықтарды жинақтауға және (немесе) көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс жинауға жол бермеу

Өрескел

23

Қалдықтарды жинау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдардың қалдықтарын бөлек жинауды қамтамасыз ету

Елеулі

24

Қалдықтарды басқарудың барлық одан әрі кезеңдерінде бөлек жинауға ұшыраған қалдықтарды араластыруға жол бермеу

Өрескел

25

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қызметі атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын мамандандырылған сақтау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына қалдықтарды уақтылы әкетуді қамтамасыз етуі

Елеулі

26

Қауіпті қалдықтар паспортының болуы

Елеулі

27

Егер техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген болса, пайда болған қалдықтарды олардың пайда болу көзіне мүмкіндігінше жақын қалпына келтіруді немесе жоюды қамтамасыз ету

Елеулі

28

Қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің қауіпті қалдықтарды басқару кезінде туындауы мүмкін төтенше және авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуі

Елеулі

29

Қауіпті қалдықтарды көму орнында қалдықтың түрін, оның қауіптілік дәрежесін және көму күнін көрсете отырып, айқын көрінетін тану белгілерінің болуы

Болмашы

30

Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала сұрыптамай көмуге жол бермеу

Өрескел

31

I санаттағы объектілер операторында объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің болуы

Өрескел

32

Полигон иесінің учаскеде қабылданған қалдықтардың әрбір партиясын алғаны туралы жазбаша растамасының болуы және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақтауы

Елеулі

33

Әрбір полигонда атмосфералық шығарындыларды (қоқыс газын), депозитке салынған қалдықтарда пайда болатын фильтрат пен сарқынды суларды олардың қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін мониторингтеудің жабдықталған жүйесінің болуы

Елеулі

34

Полигон жабылғаннан кейін жерді рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін тарату қорын құру

Өрескел

35

Полигон операторының 1-сыныпты полигондар үшін отыз жыл, 2-сыныпты полигондар үшін жиырма жыл, полигон (полигон бөлігі)жабылғаннан кейін 3-сыныпты полигондар үшін бес жыл ішінде қоқыс газы мен фильтрат шығарындыларына мониторинг жүргізуі

Елеулі

36

Полигон операторының биологиялық ыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту және Полигон операторының қоқыс газын жинау және кәдеге жарату жүйелерін орнату арқылы полигондағы метан шығарындыларын азайту

Елеулі

37

Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдардың, қауіпті қалдықтарды түзушілердің, қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау және (немесе) залалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қалдықтардың санын, түрін, шығу тегін, межелі пункттерін, жинау жиілігін, тасымалдау әдісін және айналым әдісін хронологиялық есепке алуды жүзеге асыру

Елеулі

38

Қауіпті емес қалдықтар полигондарында қауіпті қалдықтарды көмуге жол бермеу

Өрескел

39

Экологиялық залал келтіру фактісі анықталғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей экологиялық залал келтірген адамның экологиялық залалды немесе халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау мақсатында факторларды жою (жолын кесу), сондай-ақ экологиялық залалды бақылау, оқшаулау және қысқарту

Елеулі

40

Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды өндірушілердің (импорттаушылардың), жинаудың, тасымалдаудың, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың, пайдаланудың және (немесе) кәдеге жаратудың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдерді (тауарларды) қамтамасыз етуі

Елеулі

41

Бағдарламаны әзірлеу және табиғи орта компоненттерін ремедиациялауды жүргізу

Өрескел

42

Құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру жағдайларын қоспағанда, тамақ, тұрмыстық, медициналық, биологиялық, радиоактивті қалдық түрлерімен араластыруға жол бермеу

Өрескел

43

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс қоймалауға жол бермеу

Өрескел

44

Құрылыс қалдықтарының арнайы белгіленген орындардан тыс жиналуына жол бермеу

Өрескел

45

Құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар қалдықтарды сақтау пункттерінде тұрақты органикалық ластағыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болдырмауды қамтамасыз ететін қорғау құралдарының болуы

Елеулі

46

Құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға жол бермеу

Өрескел

47

Квоталау субъектісі квоталайтын қондырғыны көміртегі квоталарын алмай пайдалануға жол бермеу

Өрескел

48

Квоталанатын қондырғы операторының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі тиісті шотындағы көміртегі бірліктерінің санынан асатын көлемде квоталанатын қондырғының парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыруына жол бермеу

Өрескел

49

Квоталау субъектісінің парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспарын ұлттық көміртегі квоталары жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғыны әзірлеуі және орындауы

Елеулі

50

Тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың, валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдардың валидация және верификация туралы дәйекті деректерді ұсынуы

Елеулі

51

Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу үшін деректер беру

Елеулі

52

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалы тіркеліміне есеп беру

Елеулі

53

Квоталау субъектісінің өткен жылғы валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органға верификациялау үшін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті ұсынуы

Елеулі

54

Квоталау субъектісінің ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін мемлекеттік көміртегі кадастрына өткен жылғы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті ұсынуы

Елеулі

55

Бақылау субъектісінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бақылау субъекттісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуы

Өрескел

Талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі


р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы

Өрескел

2

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды орындау

Өрескел

3

Аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалардың өндірістік экологиялық мониторингін жүзеге асыру

Елеулі

4

Объект операторының ішкі тексеру жүргізуі және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін экологиялық рұқсат ету шарттарымен салыстыру

Елеулі

5

Объект операторының өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері туралы үш жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауы

Болмашы

6

Өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты қызметкерге арнайы бөлімшенің не бұйрықтың болуы

Болмашы

7

I және II санаттағы объектілерде экологиялық рұқсаттың болуы

Өрескел

8

Экологиялық рұқсат алған оператордың, сондай-ақ объект операторы оны салу, реконструкциялау немесе пайдалану кезінде I немесе II санаттағы тиісті объектінің аумағында жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін тартқан жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсат беру шарттарын орындауы

Өрескел

9

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардан туындаған қалалық және өзге де елді мекендердегі атмосфералық ауаның қысқа мерзімді ластануы кезеңдерінде стационарлық көздердің шығарындыларын оларды пайдалану ішінара немесе толық тоқтатылғанға дейін төмендету

Өрескел

10

I санаттағы объектілерде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің болуы

Өрескел

11

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы және орындалуы

Өрескел

12

Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының болуы және орындалуы

Өрескел

13

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу

Өрескел

14

Экологиялық сараптама қорытындысының талаптарының болуы және орындалуы

Өрескел

15

I және II санаттағы объектілерді орналастыру, пайдалануға беру және пайдалану кезінде қоршаған орта сапасының нормативтерін және атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын бақылау құралдарын сақтауды қамтамасыз ететін газдарды тазарту қондырғыларының болуы

Өрескел

16

ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын адамдардың қоршаған ортаға әсері туралы декларацияны ұсынбауы және (немесе) осы декларацияда қамтылған анық емес ақпаратты ұсынуы

Өрескел

17

Су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға, су объектілеріне қалдықтардың түсуіне және көмілуіне жол бермеу, жол берілетін төгінділер нормативтерінде белгіленген көрсеткіштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды су объектілеріне бұру, су объектілерінде радиоактивті және улы заттардың бөлінуімен сүйемелденетін ядролық және өзге де технологиялар түрлері пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргізу

Өрескел

18

Жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарды, құрылыстарды (қонысқа қарсы, көшкінге қарсы және су тасқынына қарсы кешендерді қоспағанда) жобалау, салу және пайдалануға беру кезінде су объектілері мен олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз ету

Өрескел

19

Тазартылмаған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жердің рельефіне жол берілетін ағызу нормативтеріне дейін ағызуға жол бермеу

Өрескел

20

Қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы және оның талаптарын I, II санаттағы объектілердің және қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын немесе олардың көлемі мен қауіпті қасиеттерін азайтудың өзге де тәсілдерін жүзеге асыратын, сондай-ақ объектінің санатына қарай өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын адамдардың орындауы

Елеулі

21

Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін және белгіленген лимиттерді (I және II санаттағы объектілер үшін) немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда көрсетілген қалдықтарды жинақтау көлемдерін (III санаттағы объектілер үшін)сақтау

Өрескел

22

Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімдерін сақтау

Өрескел

23

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуге, озонды бұзатын заттары бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттардың болуы

Өрескел

24

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін лицензияның болуы

Өрескел

25

Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы

Өрескел

26

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беру

Өрескел

27

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну

Өрескел

28

Қалдықтарды басқару бойынша есептерді ұсыну

Өрескел

29

Қауіпті қалдықтарды қабылдауға, қалпына келтіруге және/немесе жоюға арналған өндірістік объектінің (ғимараттың, құрылыстың, құрылыстың, үй-жайдың және/немесе қауіпті қалдықтар полигонының) меншік иесінің меншігінде немесе жалға алуында (әкімшілік – аумақтық бірлікте-қауіпті қалдықтарды қабылдау және басқару жөніндегі операциялар жүргізілетін облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада) болуы

Елеулі

30

Қалдықтарды қалпына келтіру және/немесе жою операциялары үшін өндірістік кешеннің (қондырғының, жабдықтың және/немесе көліктің) меншік иесінің меншігінде болуы

Елеулі

31

Қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсаттың болуы және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы немесе кешенді экологиялық рұқсат

Өрескел

32

Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің болуы

Өрескел

33

Қауіпті қалдықтарды басқаратын кәсіпорынның көлігінде GPS құрылғысының (трекердің) болуы

Елеулі

34

Экологиялық рұқсатта берілген эмиссиялар нормативтерінің артуы

Өрескел

35

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ластағыш заттар эмиссияларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің және өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын өзге де параметрлердің міндетті тізбесі;
2) өндірістік мониторингтің кезеңділігі мен ұзақтығы, өлшеуді жүзеге асырудың жиілігі;
3) өндірістік мониторинг жүргізудің пайдаланылатын аспаптық және есептік әдістері туралы мәліметтер;
4) өндірістік мониторинг процесінде қадағаланатын параметрлер үшін сынамаларды іріктеу нүктелерінің қажетті саны (құрамдастар бойынша: атмосфералық ауа, су, топырақ) және өлшеу жүргізу орындарын көрсету;
5) деректерді есепке алуды, талдау мен хабарлауды жүргізу әдістері мен жиілігі;
6) ішкі тексерулердің жоспар-графигі және Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі, оған қоса олардың сақталмауына ден қоюдың ішкі құралдары;
7) аспаптық өлшеу сапасын қамтамасыз ету тетіктері;
8) тосын жағдайлардағы іс-қимыл хаттамасы;
9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін жұмыскерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдық және функционалдық құрылымы.

Өрескел

36

Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды жүргізу

Өрескел

37

Жоспарланған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу

Өрескел

38

Көзделіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі нақты әсерлерге жобадан кейінгі талдау жүргізу

Елеулі

39

Газды тазарту қондырғыларымен жобалық тазалауды және (немесе) ластаушы заттарды шығару көзінен залалсыздандырудың қамтамасыз етілмеуі

Өрескел

40

Қауіпті қалдықтарды түгендеу бойынша есептерді беру

Өрескел

41

Қалдықтарды жинақтауға және (немесе) көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс жинау

Өрескел

42

Бөлек жинауға жатқызылған қалдықтарды араластыру

Өрескел

43

Жерді рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау үшін тарату қорының болуы:
а) полигонды қалпына келтіру жұмыстарының жалпы сметалық құны;
б) полигон операторының жыл сайынғы аударымдарының болуы.

Өрескел

44

Қауіпті емес қалдықтар полигондарында қауіпті қалдықтарды көму

Өрескел

45

Қызмет нәтижесінде зиян келтірілген табиғи орта компоненттерін ремедиациялаудың жүргізілмеуі

Өрескел

46

Құрылыс қалдықтарын тамақ, тұрмыстық, медициналық, биологиялық, радиоактивті қалдықтармен араластыруға жол беру

Өрескел

47

Тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын арнайы белгіленген орындардың тыс жинау

Өрескел

48

Полигондар үшін қолайсыз қалдықтарды көму:
1) сұйық түрдегі кез келген қалдықтар (сұйық қалдықтар);
2) полигон жағдайында жарылғыш, коррозиялық, тотығатын, жоғары жанғыш немесе отқа қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтар;
3) сумен әрекеттесетін қалдықтар;
4) медициналық қалдықтар;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған биологиялық қалдықтар;
6) рекультивация кезінде тұрақтандырушы материал ретінде қолдануды қоспағанда, пайдаланылған тұтас шиналар мен олардың фрагменттері;
7) құрамында тұрақты органикалық ластаушы заттар бар қалдықтар;
8) пестицидтер;
9) қабылдау өлшемшарттарына сәйкес келмейтін қалдықтар;
10) пластмасса, пластик және полиэтилен қалдықтары, полиэтилентерефталат қаптамасы;
11) макулатура, картон және қағаз қалдықтары;
12) құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар;
13) шыны ыдыстар;
14) шыны сынықтары;
15) түсті және қара металдардың сынықтары;
16) литий, қорғасын-қышқылды батареялар;
17) электрондық және электр жабдықтары;
18) пайдаланудан шыққан көлік құралдары;
19) құрылыс қалдықтары;
20) тамақ қалдықтары.

Өрескел

49

Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдарға, қауіпті қалдықтарды түзушілерге, қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау және (немесе) залалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтардың санын, түрін, шығу тегін, межелі пункттерін, жинау жиілігін, тасымалдау әдісін және айналым әдісін хронологиялық есепке алуды жүзеге асыру

Өрескел

50

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарындағы, курорттардағы, шомылуға бөлінген орындардағы сарқынды суларды тазарту дәрежесіне қарамастан жер үсті су объектілеріне ағызуға жол бермеу

Өрескел

51

Тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахталық және карьерлік суларын жинақтаушы тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ суды салқындату үшін пайдаланылатын суларды тұйық (айналымды) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз ағызуға жол бермеу

Өрескел

52

Мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының қорғау аймағында апаттық төгілуі кезінде жою жұмыстарын бақылау және бағалау; судың бетіндегі мұнайды механикалық түрде ұстау және жинау (мұнай дағын сезімтал ресурстардан бұруды қоса алғанда); мұнай дағын бақыланатын түрде жағу; химиялық құралдарды қолдану; жиынтық экологиялық пайда талдауы негізінде қорғау аймағын қорғау және тазалау әдістері арқылы жүргізу

Өрескел

53

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган технологиялық жабдықтың технологиялық ақауы, істен шығу немесе жұмыстан ауытқуы кезінде технологиялық еріксіз жағу ретінде мойындамаған жағдайда, шикі газды алауда жағу кезінде рұқсат етілмеген артық шығарындыларға жол бермеу.

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 18 мен
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 44 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау,
табиғи ресурстарды молайту
мен пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына және
тексеру парақтарына
  2-қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде пайдалану үшін қоршаған ортаға теріс әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты __________ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің саласында/аясында 138-бабына сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты біртекті тобының атауы

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бара отырып профилактикалық бақылау үшін

1

Бекітілген нысанға, верификацияның болуына, парниктік газдар шығарындыларын бекітілген есептеудің дұрыстығына және парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификацияланған есептің парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін пайдаланылған коэффициенттерді қолдануға сәйкес келмеуі

бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

50

жоқ

иә

0%

100%

2

Қауіпті қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептерді, өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептерді, табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары бойынша есептерді, парниктік газдар жөніндегі есепті ұсынбау

бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

50

жоқ

иә

0%

100%

3

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау

бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар

100

жоқ

иә

0%

100%

Рұқсат құжаттар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Экологиялық рұқсаттың немесе III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

иә

жоқ

0%

100%

2

Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептерді ұсынбау, толық ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі және мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

иә

жоқ

0%

100%

3

Экологиялық рұқсат алған оператордың экологиялық рұқсат шарттарын орындауы

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі және мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

иә

жоқ

0%

100%

4

Экологиялық рұқсатта, оның ішінде мониторингтің автоматтандырылған жүйесінде берілген эмиссиялар нормативтерінің орындалуы

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі, мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің көрсеткіштері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

100%

0%

5

Қалдықтарды жинақтау лимиттерінен асып кетуі

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі және мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

100%

0%

6

Экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, алдыңғы тексерулердің нәтижелері

100

100%

0%

7

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп беру

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингі және мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

0%

100%

8

Нұсқаманың орындалмауы

алдыңғы тексеріс нәтижелері

100

100%

0%

9

Қоршаған ортаның ластануына байланысты штаттан тыс жағдайлар (оқиғалар, апаттар, өрттер және оқыс оқиғалар)

Бақылау субъектісінің (объектісінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (оқиғалар, апаттар, өрттер және оқыс оқиғалар), мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, алдыңғы тексерулердің, шағымдардың және мемлекеттік органға келіп түскен өтініштердің нәтижелері




10

Екі немесе одан да көп бір сипаттағы расталған шағымдар немесе өтініштердің болуы

Мемлекеттік органға келіп түскен шағымдар мен өтініштер




Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болмауы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

иә

жоқ

0%

100%

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін лицензияның болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

иә

жоқ

0%

100%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 18 мен
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 44 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№721 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес, меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануда қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектісі бар жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексерулерді/профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексерулерді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акті__________________________________________________ (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

1

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін автомобильдер мен өзге де көлік құралдары үшін белгіленген жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуы



2

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесіне қосылған объектілерді пайдалану кезінде оператор жасасқан міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуы



3

Анықталған сәттен бастап екі сағат ішінде зиян келтірген адамның экологиялық залал келтірудің ықтимал фактісі, оның сипаты мен ауқымын алдын ала бағалауы туралы хабарлау



4

Нәтижесінде белгіленген экологиялық нормативтер және/немесе су сапасының экологиялық нормативтері бұзылады немесе бұзылуы мүмкін I және II санаттағы объектілерде авариялық жағдай туындаған сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде хабарлау



5

Су объектілерінің, су объектілерінің су жинау алаңдарында, су объектілерінің мұзды және қар жамылғысының, мұздықтардың қоқыстануына жол бермеу



6

Тазартылу дәрежесіне қарамастан, сарқынды суларды орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау көздерін, курорттарды санитариялық қорғау аймақтарында, шомылуға бөлінген жерлерде жер үсті су объектілеріне төгуге жол бермеу



7

Тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахта және карьер суларының жинақтағыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен салқындату үшін пайдаланылатын сулардың тұйықталған (айналмалы) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға төгілуін қоспағанда, алдын ала тазартпай сарқынды суларды төгуге тыйым салу



8

I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында суды қайтадан пайдалану, айналмалы сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру



9

Табиғи биологиялық тазартуға арналған сарқынды суларды және (немесе) жасанды су объектілерінің жинақтауыштарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін қоршаған ортаға әсерді болғызбауды және жерді рекультивациялауды жүзеге асыру



10

Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына, сондай-ақ құнарлы қабаттың қайтымсыз жоғалуын болдырмау үшін мұндай алып тастау қажет болған жағдайларды қоспағанда құнарлылығының нашарлауына жәнеде оны сату немесе басқа тұлғаларға беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алып тастауға жол бермеу



11

Теңізде және Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың авариялық төгілуі туындаған кезде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жоюды жүргізу



12

Қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сусымалы материалдарды, химиялық реагенттерді және қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған жабық контейнерлер мен арнайы ыдыстардың болуы және қолданылуы



13

Теңізде отынның және жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болғызбайтын жүйелердің көмегімен кемелерге май құюды жүргізу



14

Кемелерді кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, ластанған сарқынды сулардың су айдындарына төгілуіне жол бермейтін жабдықпен жарақтандыру



15

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының бүкіл келісімшарттық аумақ бойынша қоршаған ортаның (Климаттық маусымдар бойынша) жыл сайынғы өндірістік мониторингін жүргізуі



16

Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластануының салдарына мониторинг жүргізу



17

Жер қойнауын пайдаланушы сынау аяқталғаннан кейін ұңғымаларды консервациялау жағдайында ұңғыманы консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, бұрғылау негізінің сақталуын және ұңғыманы сенімді герметизациялауды жұмыстар қайта басталған сәтке дейін қамтамасыз ету



18

Авариялық жағдайдың туындау қаупін қоспағанда, ұңғымаларды пайдалану кезінде алауларда флюидтерді жағуға жол бермеу



19

Кемелерден мұнайды, ластаушы заттарды және олардың құрамындағы сарқынды суларды, тазартылмаған балласты суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқыстарды және пластмассалардың барлық түрлерін су объектілеріне тастауға жол бермеу



20

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган технологиялық жабдықтың технологиялық істен шығуы, істен шығуы немесе жұмысынан ауытқуы кезінде технологиялық еріксіз жағу ретінде мойындамаған алауда шикі газды жағу



21

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымаларды анықтаған кезде олардың балансқа қабылдануын қамтамасыз ету және олар бойынша мониторинг жүргізу



22

Қалдықтарды жинақтауға және (немесе) көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс жинауға жол бермеу



23

Қалдықтарды жинау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдардың қалдықтарын бөлек жинауды қамтамасыз ету



24

Қалдықтарды басқарудың барлық одан әрі кезеңдерінде бөлек жинауға ұшыраған қалдықтарды араластыруға жол бермеу



25

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қызметі атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын мамандандырылған сақтау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына қалдықтарды уақтылы әкетуді қамтамасыз етуі



26

Қауіпті қалдықтар паспортының болуы



27

Егер техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген болса, пайда болған қалдықтарды олардың пайда болу көзіне мүмкіндігінше жақын қалпына келтіруді немесе жоюды қамтамасыз ету



28

Қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің қауіпті қалдықтарды басқару кезінде туындауы мүмкін төтенше және авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуі



29

Қауіпті қалдықтарды көму орнында қалдықтың түрін, оның қауіптілік дәрежесін және көму күнін көрсете отырып, айқын көрінетін тану белгілерінің болуы



30

Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала сұрыптамай көмуге жол бермеу



31

I санаттағы объектілер операторында объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің болуы



32

Полигон иесінің учаскеде қабылданған қалдықтардың әрбір партиясын алғаны туралы жазбаша растамасының болуы және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақтауы



33

Әрбір полигонда атмосфералық шығарындыларды (қоқыс газын), депозитке салынған қалдықтарда пайда болатын фильтрат пен сарқынды суларды олардың қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін мониторингтеудің жабдықталған жүйесінің болуы



34

Полигон жабылғаннан кейін жерді рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін тарату қорын құру



35

Полигон операторының 1-сыныпты полигондар үшін отыз жыл, 2-сыныпты полигондар үшін жиырма жыл, полигон (полигон бөлігі)жабылғаннан кейін 3-сыныпты полигондар үшін бес жыл ішінде қоқыс газы мен фильтрат шығарындыларына мониторинг жүргізуі



36

Полигон операторының биологиялық ыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту және Полигон операторының қоқыс газын жинау және кәдеге жарату жүйелерін орнату арқылы полигондағы метан шығарындыларын азайту



37

Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдардың, қауіпті қалдықтарды түзушілердің, қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау және (немесе) залалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қалдықтардың санын, түрін, шығу тегін, межелі пункттерін, жинау жиілігін, тасымалдау әдісін және айналым әдісін хронологиялық есепке алуды жүзеге асыру



38

Қауіпті емес қалдықтар полигондарында қауіпті қалдықтарды көмуге жол бермеу



39

Экологиялық залал келтіру фактісі анықталғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей экологиялық залал келтірген адамның экологиялық залалды немесе халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау мақсатында факторларды жою (жолын кесу), сондай-ақ экологиялық залалды бақылау, оқшаулау және қысқарту



40

Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды өндірушілердің (импорттаушылардың), жинаудың, тасымалдаудың, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың, пайдаланудың және (немесе) кәдеге жаратудың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдерді (тауарларды) қамтамасыз етуі



41

Бағдарламаны әзірлеу және табиғи орта компоненттерін ремедиациялауды жүргізу



42

Құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру жағдайларын қоспағанда, құрылыс қалдықтарын қалдықтардың басқа түрлерімен араластыруға жол бермеу



43

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс қоймалауға жол бермеу



44

Құрылыс қалдықтарының арнайы белгіленген орындардан тыс жиналуына жол бермеу



45

Құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар қалдықтарды сақтау пункттерінде тұрақты органикалық ластағыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болдырмауды қамтамасыз ететін қорғау құралдарының болуы



46

Құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға жол бермеу



47

Квоталау субъектісі квоталайтын қондырғыны көміртегі квоталарын алмай пайдалануға жол бермеу



48

Квоталанатын қондырғы операторының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі тиісті шотындағы көміртегі бірліктерінің санынан асатын көлемде квоталанатын қондырғының парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыруына жол бермеу



49

Квоталау субъектісінің парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспарын ұлттық көміртегі квоталары жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғыны әзірлеуі және орындауы



50

Тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың, валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдардың валидация және верификация туралы дәйекті деректерді ұсынуы



51

Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу үшін деректер беру



52

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалы тіркеліміне есеп беру



53

Квоталау субъектісінің өткен жылғы валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органға верификациялау үшін парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті ұсынуы



54

Квоталау субъектісінің ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін мемлекеттік көміртегі кадастрына өткен жылғы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті ұсынуы



55

Бақылау субъектісінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуы



      Лауазымды тұлға(лар)
_________ ______________ __________________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________ __________________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің басшысы
__________ ______________ __________________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 18 мен
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 44 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес, меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануда қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектісі бар жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы ________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт___________________________________________________ (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы



2

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес өндірістік экологиялық бақылаудың орындалуы



3

Аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалардың өндірістік экологиялық мониторингінің жүзеге асырлуы



4

Объект операторының ішкі тексеру жүргізуі және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін экологиялық рұқсат ету шарттарымен салыстыру



5

Объект операторының өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері туралы үш жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауы



6

Өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты қызметкерге арнайы бөлімшенің не бұйрықтың болуы



7

I және II санаттағы объектілерге экологиялық рұқсаттың болуы



8

Экологиялық рұқсат алған оператордың, сондай-ақ объект операторы оны салу, реконструкциялау немесе пайдалану кезінде I немесе II санаттағы тиісті объектінің аумағында жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін тартқан жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсат беру шарттарын орындауы



9

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардан туындаған қалалық және өзге де елді мекендердегі атмосфералық ауаның қысқа мерзімді ластануы кезеңдерінде стационарлық көздердің шығарындыларын оларды пайдалану ішінара немесе толық тоқтатылғанға дейін төмендету



10

I санаттағы объектілерде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің болуы



11

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы және орындалуы



12

Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының болуы және орындалуы



13

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу



14

Экологиялық сараптама қорытындысының талаптарының болуы және орындалуы



15

I және II санаттағы объектілерді орналастыру, пайдалануға беру және пайдалану кезінде қоршаған орта сапасының нормативтерін және атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын бақылау құралдарын сақтауды қамтамасыз ететін газдарды тазарту қондырғыларының болуы



16

ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынбау және (немесе) осы декларацияда көрсетілген жалған ақпаратты ұсыну



17

Су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға, су объектілеріне қалдықтардың түсуіне және көмілуіне жол бермеу, жол берілетін төгінділер нормативтерінде белгіленген көрсеткіштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды су объектілеріне бұру, су объектілерінде радиоактивті және улы заттардың бөлінуімен сүйемелденетін ядролық және өзге де технологиялар түрлері пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргізу



18

Жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарды, құрылыстарды (қонысқа қарсы, көшкінге қарсы және су тасқынына қарсы кешендерді қоспағанда) жобалау, салу және пайдалануға беру кезінде су объектілері мен олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз ету



19

Тазартылмаған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жердің рельефіне жол берілетін ағызу нормативтеріне дейін ағызуға жол бермеу



20

Қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы және оның талаптарын I, II санаттағы объектілердің және қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын немесе олардың көлемі мен қауіпті қасиеттерін азайтудың өзге де тәсілдерін жүзеге асыратын, сондай-ақ объектінің санатына қарай өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын адамдардың орындауы



21

Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін және белгіленген лимиттерді (I және II санаттағы объектілер үшін) немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда көрсетілген қалдықтарды жинақтау көлемдерін (III санаттағы объектілер үшін) сақтау



22

Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімдерін сақтау



23

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуге, озонды бұзатын заттары бар Жабдықты жөндеуге, монтаждауға, қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттардың болуы



24

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін лицензияның болуы



25

Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы



26

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беру



27

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну



28

Қалдықтарды басқару бойынша есептерді ұсыну



29

Экологиялық рұқсатта берілген эмиссиялар нормативтерінің артуы



30

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы келесідей ақпаратты қамтуы тиіс:
1) өндірістік мониторинг процесінде бақыланатын ластағыш заттар эмиссияларының сандық және сапалық көрсеткіштерінің және өзге де параметрлердің міндетті тізбесі;
2) өндірістік мониторингтің кезеңділігі мен ұзақтығы, өлшеуді жүзеге асыру жиілігі;
3) өндірістік мониторинг жүргізудің пайдаланылатын аспаптық және есептік әдістері туралы мәліметтер;
4) өндірістік мониторинг процесінде бақыланатын параметрлер үшін сынама алу нүктелерінің қажетті саны (компоненттер бойынша: атмосфералық ауа, су, топырақ) және өлшеу жүргізілетін орындарды көрсету;
5) деректерді есепке алу, талдау және хабарлау әдістері мен жиілігі;
6) ішкі тексерулердің жоспар-кестесі және оларды сақтамауға ден қоюдың ішкі құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі;
7) аспаптық өлшеулердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері;
8) штаттан тыс жағдайларда;
9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін қызметкерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы.



31

1.Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды жүргізу



32

2.Жоспарланған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу



33

Көзделіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі нақты әсерлерге жобадан кейінгі талдау жүргізу



34

Газды тазарту қондырғыларымен жобалық тазалауды және (немесе) ластағыш заттарды шығару көзінен залалсыздандыруды қамтамасыз ету



35

Қауіпті қалдықтарды түгендеу бойынша есептерді беру



36

Қалдықтарды жинақтауға және (немесе) көмуге арналған арнайы белгіленген орындардан тыс жинау



37

Бөлек жинауға жатқызылған қалдықтарды араластыру



38

Жерді рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау үшін тарату қорының болуы:
а) полигонды қалпына келтіру жұмыстарының жалпы сметалық құны;
б) полигон операторының жыл сайынғы аударымдарының болуы.



39

Қауіпті емес қалдықтар полигондарында қауіпті қалдықтарды көму



40

Қызмет нәтижесінде зиян келтірілген табиғи орта компоненттерін ремедиациялауды жүргізбеу



41

Құрылыс қалдықтарын қауіпті, тамақ, тұрмыстық, медициналық, биологиялық, радиоактивті қалдықтармен араластыру



42

Тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс жинау



43

Полигондар үшін қолайсыз қалдықтарды көму:
1) сұйық түрдегі кез келген қалдықтар (сұйық қалдықтар);
2) полигон жағдайында жарылғыш, коррозиялық, тотығатын, жоғары жанғыш немесе отқа қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтар;
3) сумен әрекеттесетін қалдықтар;
4) медициналық қалдықтар;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған биологиялық қалдықтар;
6) рекультивация кезінде тұрақтандырушы материал ретінде қолдануды қоспағанда, пайдаланылған тұтас шиналар мен олардың фрагменттері;
7) құрамында тұрақты органикалық ластаушы заттар бар қалдықтар;
8) пестицидтер;
9) қабылдау өлшемшарттарына сәйкес келмейтін қалдықтар;
10) пластмасса, пластик және полиэтилен қалдықтары, полиэтилентерефталат қаптамасы;
11) макулатура, картон және қағаз қалдықтары;
12) құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар;
13) шыны ыдыстар;
14) шыны маңдай;
15) түсті және қара металдардың сынықтары;
16) литий, қорғасын-қышқылды батареялар;
17) электрондық және электр жабдықтары;
18) пайдаланудан шыққан көлік құралдары;
19) құрылыс қалдықтар;
20) тамақ қалдықтары.



44

Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдарға, қауіпті қалдықтарды түзушілерге, қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау және (немесе) залалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтардың санын, түрін, шығу тегін, межелі пункттерін, жинау жиілігін, тасымалдау әдісін және айналым әдісін хронологиялық есепке алуды жүзеге асыру



45

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарындағы, курорттардағы, шомылуға бөлінген орындардағы сарқынды суларды тазарту дәрежесіне қарамастан жер үсті су объектілеріне ағызуға жол бермеу



46

Су объектілерінің, су объектілерінің су жинау алаңдарының, су объектілерінің мұзды және қар жамылғысының, бітелуіне жол бермеу



47

Тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахталық және карьерлік суларын жинақтаушы тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ суды салқындату үшін пайдаланылатын суларды тұйық (айналымды) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз ағызуға жол бермеу



48

Мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының қорғау аймағында апаттық төгілуі кезінде жою жұмыстарын бақылау және бағалау; судың бетіндегі мұнайды механикалық түрде ұстау және жинау (мұнай дағын сезімтал ресурстардан бұруды қоса алғанда); мұнай дағын бақыланатын түрде жағу; химиялық құралдарды қолдану; жиынтық экологиялық пайда талдауы негізінде қорғау аймағын қорғау және тазалау әдістері арқылы жүргізу.



49

Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган технологиялық жабдықтың технологиялық істен шығуы, істен шығуы немесе жұмысынан ауытқуы кезінде технологиялық еріксіз жағы ретінде танымайтын алауда шикі газды жағы кезінде нормативтен тыс шығарындыларға жол бермеу



      Лауазымды тұлға(лар)
___________________________________________________________________
ауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
ауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің басшысы
___________________________________________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады