БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) халықаралық әуежай – кедендiк, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететiн әуежай.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әуежайларда әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін ашу кезінде мыналар болады:
1) әуеайлақтың қолданыстағы жарамдылық сертификаты, шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған техника, жабдықтар және авиация персоналы;
2) "Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін және осы аумақтан кететін орындарда қос дәліз жүйесін жайластыруға қолданылатын талаптар туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 259 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес оқшауланған және жабдықталған қос дәліз жүйесі бар аэровокзал "ұшу" залдарын қамтиды, "ұшу", сондай-ақ халықаралық қатынастарға (ұшуларға) ашық әуежайлардағы "қызыл" және "жасыл" дәліздер, басқа дәлізбен жүретін адамдарды бақылауды болдырмайтындай етіп бөлінеді. Дәліздер Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде "Кеден" және "Customs" деген жазулармен белгіленеді. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі, кеден, шекара органдары және әуежайда орналасқан санитарлық-карантиндік бақылау органдары тіркеу, ресімдеу және тексеруді жүргізу үшін зал мен бизнес-зал бөлінген.
Авиациялық хабтардың аэровокзалдарында транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсетуге арналған қажетті алаңдар, инфрақұрылым және жабдықтардың болуын көздейді.
Жылына екі жүз мыңнан кем жолаушылар ағыны бар халықаралық әуежайлардың аэровокзалдарында ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына кезекпен қызмет көрсету үшін жалпы "ұшып келу" және "ұшып шығу" залдарын пайдалануға жол беріледі;
3) жолаушылардың кедендік декларациясын ресімдеуге арналған үй-жай;
4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен және кеден органдарымен жолаушыларды, багажды, жүктерді, қол жүгін тексерудің кемінде екі арнайы техникалық құралымен жарақтандырылған кемінде екі тексеру тірегі.
Бұл ретте арнайы техникалық құралдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Қауіпті заттар мен заттардың тізбесіне сәйкес әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған барлық заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған есірткі құралдарының барлық түрлерін анықтауды қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33197 болып тіркелген);
5) төлқұжаттық бақылау үшін "ұшу", "қону" залдарында кемінде екі кабинадан және арнайы бөлінген, бизнес-залы залдарында бір-бір кабинадан;
6) авиациялық хабтарда телефон байланысы (оның ішінде халықаралық) құралдарымен қамтамасыз етілген шекара, кеден органдарының "ұшу", "қону" залдарындағы жұмыс бөлмелеріне арналған үй-жайлар, сондай-ақ азаматтардың арыздары мен өтініштерін таза аймақтан тыс қабылдау, тіркеу үшін ішкі істер органдарының үй-жайлары және жұмыс бөлмелері көзделеді.
Жұмыс бөлмелері мен үй-жайлардың саны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментімен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;
7) авиациялық хабтарда анықтама бюросымен (телефонмен), қалааралық (халықаралық) телефонмен, ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері туралы ақпараттық тақтамен жабдықталған және тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары бар транзит (трансфер) жолаушыларды орналастыруға арналған үй-жай қамтамасыз етіледі;
8) авиациялық хабтарда өрт және күзет сигналымен жарақталған қойма үй-жайлары, багажға, жүктерге (оның ішінде белгісіз жүктерге, багажға, почтаға, қол жүгіне) арналған сақтау камералары, сондай-ақ кедендік бақылауда тауарларды уақытша сақтау қоймалары болуға көзделеді;
9) әуежайда орналасқан әуежай қызметтерінің шекара және кеден органдарының, санитариялық-карантиндік бақылау қызметтерінің, ішкі істер органдарының технологиялық нұсқаулықтары мен өзара іс-қимыл схемалары;
10) сауда-сервистік және санитариялық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілген таза аймақта жолаушыларды оқшауланған жинақтағыштар;
11) жолаушыларды аэровокзалдан әуе кемесіне дейін және кері жеткізуге арналған көлік құралдары;
12) кедендік бақылау аймағында және шекаралық бақылау аймағында жолаушыларды жеке тексеруді жүргізуге, құжаттарды алдын ала зерделеуге арналған кемінде екі-екіден оқшауланған үй-жайлар (кабиналар);
13) авиациялық хабтарда әуежайда орналасқан кеден, шекара органдары, көліктегі ішкі істер органдары, санитариялық-карантиндік бақылау қызметі ауысымдарының демалуына арналған, тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары, байланыс құралдары бар таза аймақтан тыс орналасқан қызметтік үй-жайлар орналасқан;
14) авиациялық хабтарда тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары бар, жер аударылған, ұсталған азаматтарды уақытша орналастыруға арналған оқшауланған үй-жайлар (оқшаулағыш) орналасқан;
15) авиациялық хабтарда арнайы қызметтік жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар бар;
16) әуежайда орналасқан шекара, кеден органдарының, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, ішкі істер органдарының (кезекшілер) және санитариялық-карантиндік бақылау қызметінің тексеру пункттері арасындағы селектрлі (дауыс зорайтатын) байланыс;
17) авиациялық хабтарда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша әуе кемелеріне дезинфекция, дезинсекция жүргізуге арналған алаң ұйымдастырылады;
18) авиациялық хабтарда байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, санитариялық-карантиндік пункті мамандарының жұмыс кабинетіне арналған таза аймақтан тыс үй-жай орналасқан.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі