"Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 101-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38547 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кешенді тестілеу – цифрлық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген), "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББП үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 тіркелген) (бұдан әрі – № 92 бұйрық) сәйкес жағдай жасау

100%

5

95 – 99%

4

80 – 94%

3

80%-дан төмен

2

      ";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 473 бұйрық) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45 %-дан жоғары, гимназиялар - 50 % -дан жоғары;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер - 30 %-дан жоғары

5

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 35% -дан 44 % аралығында, гимназиялар –40%- дан 49% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 25%-дан 29% аралығында

4

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан 34 % аралығында, гимназиялар –30%-дан 39% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан 24% аралығында

3

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25 % -дан төмен, гимназиялар –30% -дан төмен;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан төмен

2

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

№ 473 бұйрығына сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер - 55 %-дан жоғары, лицейлер - 60 %-дан жоғары, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 50%-дан жоғары, гимназиялар үшін 60 %-дан жоғары, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 50%-дан жоғары,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 65 %-дан жоғары, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 35 %-дан жоғары

5

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -45% -дан 54 % аралығында, лицейлер - 50%-дан 59 % аралығында, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 40%-дан 49% аралығында, гимназиялар үшін 50%-дан 59 % аралығында, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 40%-дан 49% аралығында,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 55%-дан 64% аралығында, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 30%-дан 34 % аралығында

4

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -35%-дан 44 % аралығында, лицейлер - 40%-дан 49 % аралығында, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі30%-дан 39% аралығында, гимназиялар үшін 40%-дан 49 % аралығында, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан 39% аралығында,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан 54% аралығында, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 25%-дан 29 % аралығында

3

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -35%-дан төмен, лицейлер - 40 %-дан төмен, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі30%-дан төмен, гимназиялар үшін 40 %-дан төмен, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан төмен,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан төмен, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 25 %-дан төмен

2

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін № 92 бұйрығына сәйкес жағдай жасалуы (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу)

100%

5

95 – 99%

4

80 – 94%

3

80%-дан төмен

2

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады