БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кешенді тестілеу – цифрлық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген), "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББП үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;";
көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 тіркелген) (бұдан әрі – № 92 бұйрық) сәйкес жағдай жасау | 100% | 5 |
95 – 99% | 4 | ||
80 – 94% | 3 | ||
80%-дан төмен | 2 |
";
көрсетілген Өлшемшарттарға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 473 бұйрық) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі |
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: | 5 |
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: | 4 | ||
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: | 3 | ||
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: | 2 |
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін № 92 бұйрығына сәйкес жағдай жасалуы (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу) | 100% | 5 |
95 – 99% | 4 | ||
80 – 94% | 3 | ||
80%-дан төмен | 2 |
".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |