"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 3-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 сәуірде № 38531 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы нормативтік қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) апелляция – кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;

      2) апелляциялық комиссия – кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін құрылатын комиссия;

      3) біліктілік емтиханы – кандидаттың сертификаттау пәндері бойынша емтихан модулін орындау рәсімі;

      4) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      5) оқыту ұйымы – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарды оқытатын ұйым;

      6) емтихан модулі – тест сұрақтарынан және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;

      7) кандидат – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;

      8) кандидаттың білімін растау – біліктілік емтиханын офлайн режимде тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;

      9) байқаушылар – біліктілік емтиханын өткізу процесін байқап отыруды жүзеге асыратын адамдар;

      10) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттерін айқындайтын консультативтік-кеңесші орган;

      11) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау (бұдан әрі – сертификаттау) – білімін растау және Ұлттық комиссияда өтетін әңгімелесу арқылы кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру рәсімі;

      12) мемлекеттік аудитор сертификаты – Ұлттық комиссия электрондық және қағаз жеткізгіштерде беретін, арнайы қорғау дәрежесі бар, кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруді растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

      13) Ұлттық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) – қызметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережемен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия туралы ереже) айқындалатын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата);

      14) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдалануға арналған байланыс құралы;

      15) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. "Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жоғары аудиторлық палата көрсетеді.

      "Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған оқыту ұйымдары мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттарды оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.

      Білімді растау "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Орталық) базасында "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 қаулысының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі.

      Оқыту ұйымдарының тізімі Жоғары аудиторлық палатаның және уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Оқыту ұйымы білім беру бағдарламалары негізінде кандидаттарды:

      1) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік";

      2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау";

      3) "Бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама" пәндері бойынша оқытады.

      5-2. Әрбір пән бойынша білім беру бағдарламасы мынадай тәртіппен оқыту тақырыптарын, оқу материалдарын теориялық зерделеуді және практикалық меңгеруді қамтиды:

      1) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" (80 академиялық сағаттан аспайды) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда және қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды, олардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіруді, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексінің базалық ережелерін қамтиды;

      2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау" (120 академиялық сағаттан аспайды) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы өзге де мәселелерді қамтиды;

      3) "Бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама" (50 академиялық сағаттан аспайды) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет, салық, азаматтық (ерекше бөлім) заңнамаларының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы заңнамаларының базалық ережелерін қамтиды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кандидат білімін растауға қатысу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат тапсыруға үміт білдірген біліктілік емтиханы көрсетілген өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар, тиісті сертификаттардың бағыттары бойынша жұмыс істейтін кандидаттар мынадай:

      "аудитор";

      ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

      ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);

      "кәсіби бухгалтер";

      DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом);

      бір мезгілде мынадай:

      CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

      CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломы бар мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты – мемлекеттік аудитор) және CIPFA DipIPSAS (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом);

      CIPFA (Certificate in International Public Sector Financial Reporting) (Мемлекеттік қаржы және аудит институтының мемлекеттік сектордағы халықаралық қаржылық есептілік бойынша сертификаты);

      IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) біліктіліктерінің біріне ие болған жағдайда "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      "Мемлекеттік аудит" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      Емтихан тапсырудан босату Орталықтың ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби сертификаттарды, тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды берген тиісті ұйымдардан алынған растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде Жұмыс органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Әр пән бойынша емтихан модулі мынадай тәртіппен тест сұрақтарын және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмаларды қамтиды:

      1) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік":

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша 100 тест сұрағы мен тест нысанындағы 50 ахуалдық тапсырманы;

      қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша 100 тест сұрағы мен тест нысанындағы 50 ахуалдық тапсырманы қамтиды;

      2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау":

      тиімділік аудитін жүргізу бойынша 100 тест сұрағы мен тест нысанындағы 50 ахуалдық тапсырманы;

      сәйкестік аудитін жүргізу бойынша 100 тест сұрағы мен тест нысанындағы 50 ахуалдық тапсырманы;

      қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша 100 тест сұрағы мен тест нысанындағы 50 ахуалдық тапсырманы қамтиды;

      3) "Бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама":

      бюджет заңнамасы бойынша 100 тест сұрағын;

      салық заңнамасы бойынша 50 тест сұрағын;

      азаматтық заңнама (ерекше бөлім) бойынша 50 тест сұрағын;

      мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бойынша 30 тест сұрағын;

      мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы заңнама бойынша 20 тест сұрағын қамтиды.

      Әр тест сұрағы мен тест нысанындағы ахуалдық тапсырма бір балл болып бағаланады (дұрыс жауап – 1 (бір) балл, қате жауап – 0 (нөл) балл).

      Тест нысанындағы ахуалдық тапсырма тапсырманың мазмұнынан және оны шешудің бірнеше жауап нұсқасынан тұрады. Тапсырма шарттарында уақыт кезеңі, қолданылатын өлшем бірліктері ескеріледі және нақты жағдай бойынша ақпарат ұсынылады.

      Емтиханда әр кандидатқа 30 (отыз) тест сұрағы, соның ішінде тест нысанындағы 5 (бес) ахуалдық тапсырма беріледі.

      15-2. Осы Қағидалардың 5-1, 5-2, 14 және 15-1-тармақтары 2026 жылғы 12 шілдеге дейін оқыған және (немесе) өтініш берген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарға қолданылмайды.

      2026 жылғы 12 шілдеге дейін оқыған және (немесе) өтініш берген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар білімін растау үшін мынадай:

      1) қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      3) сәйкестік аудиті;

      4) тиімділік аудиті;

      5) қаржылық есептілік аудиті пәндері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырады.

      Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өтініш берген, бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар, тиісті сертификаттардың бағыттары бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандарды тапсырудан босатылады. Емтихан тапсырудан босату Орталықтың ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби сертификаттарды берген тиісті ұйымдардан алынған растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде Жұмыс органының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кандидаттар мынадай:

      "аудитор";

      АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

      АСА (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер) біліктіліктерінің біріне ие болған жағдайда "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

      2) кандидаттар мынадай:

      "кәсіби бухгалтер";

      DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) біліктіліктерінің біріне ие болған жағдайда "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;

      3) кандидаттар мынадай:

      CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

      CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломы бар мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты – мемлекеттік аудитор) және CIPFA DipIPSAS (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) біліктіліктерінің біріне ие болған жағдайда "Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

      4) кандидаттар IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) біліктілігіне ие болған жағдайда "Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Біліктілік емтиханынан өту кезінде кандидатқа:

      - біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жайға электрондық құрылғыларды (соның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) алып кіруіне жол берілмейді. Мұндай құрылғылар біліктілік емтиханын өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға қойылады;

      - басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына;

      - біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жайдан қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты алып шығуына, байқаушылардың еріп жүруінсіз үй-жайдан шығуына жол берілмейді.

      Кандидат осы тармақтың талаптарын бұзған кезде кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады, ал біліктілік емтиханының қолда бар аралық нәтижелерінің күші жойылады. Байқаушылар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт жасайды.

      Байқаушылардың құрамына Жоғары аудиторлық палатаның бір өкілі, уәкілетті органның бір өкілі, Орталықтың бір өкілі кіреді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тестілеу нәтижелері ведомоспен ресімделеді және оған 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықтың өкілдері мен Жоғары аудиторлық палатадан және уәкілетті органнан келген байқаушылар қол қояды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Орталық біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған кандидатқа ведомоске қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімін растау туралы құжат береді.

      Білімді растау туралы құжаттың көшірмесі кандидаттың жеке ісіне тігіледі.

      Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша білімін растаған адамдардың тізімі ведомоске қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсыра алмаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң және 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде қайта емтихан тапсырады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Апелляцияға өтініш берген кандидат біліктілік емтиханының қорытындысымен танысады, сондай-ақ өзінің апелляцияға берген өтінішін қарауға қатысады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі апелляцияға берген кандидатқа беріледі және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 (бес) жыл бойы жұмыс істейтін және:

      1) мемлекеттік аудитор сертификаты;

      2) мына:

      АСА (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);

      АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

      CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

      CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломы бар мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты – мемлекеттік аудитор) және CIPFA DipIPSAS (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом);

      CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор);

      мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі:

      ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты);

      АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

      CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

      IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) беретін мына кәсіби біліктіліктердің бірі:

      АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8 (Аудит және анықтықты растау) (орыс тілінде) не Cert IA ACCA (Certificate in International Auditing) (Халықаралық аудит бойынша сертификат) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификат) біліктілік талаптарының бірі бар екенін растайтын құжаты;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен бірге (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;

      4) соңғы 2 (екі) жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның қолы қойылған, кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттерін сипаттай отырып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетілген мінездемесі бар кандидат жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері, аппарат басшылары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің басшылары мен орынбасарлары (болған жағдайда) Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге Ұлттық комиссияға әңгімелесу үшін жіберіледі.";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жібереді.

      44. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" веб-порталынан құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдап, Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖАП ИАЖ) тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және/немесе мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттарды персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қолы мен мөрін (болған жағдайда) және (немесе) мөртабанын қойғызып растамай ұсынған не нотариус куәландырмаған нысанда ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші алынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықтауға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы қайтарылған өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, өтінішті қайта береді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын:

      1) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 38 және 40-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      2) осы Қағидалардың 41 және 43-тармақтарына сәйкес құжаттарды ресімдеудің толықтығы, анықтығы және дұрыстығы;

      3) құжаттарын қайта берген адамдар үшін осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру жүргізуді ұйымдастырады.

      Тізбенің 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Кодекстің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін оған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді хабарлайды.

      Қарау нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберу не Ұлттық комиссияда өтетін әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта беруге тыйым салуға әкеп соқпайды.";

      51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 38, 40, 41, 43 және 60-тармақтарында және Тізбенің 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберіледі және көрсетілетін қызметті беруші өтініштің тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оған Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберу туралы хабарламаны "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы жібереді.

      52. Көрсетілетін қызметті алушылардың кезектілігі олардың өтініштерінің ЖАП ИАЖ-да тіркелген күні мен нөміріне қарай айқындалады.

      53. Көрсетілетін қызметті беруші әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесудің өтетін орнын, күнін және уақытын көрсете отырып, әңгімелесуге жіберілген адамдардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады және көрсетілетін қызметті алушыға Ұлттық комиссияның отырысына шақыру туралы хабарламаны "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы "жеке кабинетіне" жібереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша қорытынды дайындайды.";

      59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы не тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тарту туралы шешімі.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      60. Ұлттық комиссияда өткен әңгімелесу қорытындысы бойынша теріс нәтиже алған көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген кандидаттың білімін растау туралы құжаттың қолданылу мерзімі ішінде осы шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай мерзім өткен соң мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта тапсырады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Қағаз жеткізгіштегі тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаттарын беруді есепке алу журналы бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.

      Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының бланкісін үйлестіруді, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды көрсетілетін қызметті берушінің Ұлттық комиссия қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Жоғары аудиторлық палата осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      1 және 2-қосымшалар осы нормативтік қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын;

      4 және 5-қосымшалар осы нормативтік қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-1-қосымша алып тасталсын;

      6-қосымша осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-1-қосымша алып тасталсын;

      7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы нормативтік қаулыға 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғанынан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
1-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік аудитор сертификатын беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ЖАП ИАЖ) арқылы "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz), телнұсқаны беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

6 (алты) ай ішінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз нысанда

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік аудитор сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Жұмыс графигі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін. Құжаттар демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы үміт білдірген тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігі көрсетілген өтініш автоматты түрде қалыптасады;
2) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы автоматты түрде қалыптасады;
3) жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың қосымшаларымен бірге электрондық көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне "Болашақ" халықаралық стипендиясының иеленушілеріне шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. Білім туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Егер құжат (диплом/сертификат) және оған қосымшалар шет тілінде болса, белгіленген тәртіппен нотариат растаған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі).
Қажет болса, көрсетілетін қызметті алушы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды қоса береді;
5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
6) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық берген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін білімді растау жөніндегі құжаттардың электрондық көшірмесі;
7) жеке деректерін (тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгертуі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
8) 3x4 көлеміндегі 1 (бір) электрондық фотосурет (жеке іске);
9) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
10) жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының электрондық көшірмесі;
11) осы Қағидалардың 41-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
12) осы Қағидалардың 41-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген соңғы 2 (екі) жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
13) осы Қағидалардың 41-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның қолы қойылған, кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттерін сипаттай отырып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетілген мінездеме.
Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қолымен және мөрімен (болған жағдайда) және (немесе) мөртабанымен расталған не нотариат растаған нысанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының таратылуы шектелген ақпаратты қамтитын құжаттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері қабылдайды.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, қосымшалары бар жоғары білім дипломы туралы, тегін, әкесінің атын, анықтама деректерін өзгерту туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы біржолғы пароль беру арқылы немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен өтініш берген кезде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы, сондай-ақ көрсетілген қызметті алушының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтерді алады (сервисте мәліметтер болған кезде).
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге рұқсат етілмейді.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісім беру туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауы;
7) өтініш беру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болуы;
8) Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартуы;
9) көрсетілетін қызметті алушының Ұлттық комиссияға әңгімелесуге келмеуі.

11

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының www.esep.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 10-кіреберіс.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
2-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
2-қосымша

"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" білім беру бағдарламасы

      I. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Қаржылық есептілікте ақпаратты ашып көрсету

1.1.

ХҚЕС (IAS) 1 "Қаржылық есептілікті ұсыну"

1.2.

ХҚЕС (IAS) 8 "Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателер"

1.3.

ХҚЕС (IAS) 7 "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер"

1.4.

ХҚЕС (IAS) 10 "Есепті кезеңнен кейінгі оқиғалар"

1.5.

ХҚЕС (IAS) 34 "Аралық қаржылық есептілік"

1.6.

ХҚЕС (IAS) 24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету"

1.7.

ХҚЕС (IFRS) 1 "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын алғаш рет қолдану"

2.

Активтерді айқындау, жіктеу, бағалау және тану

2.1.

ХҚЕС (IAS) 2 "Запастар"

2.2.

ХҚЕС (IAS) 16 "Негізгі құралдар"

2.3.

ХҚЕС (IAS) 40 "Инвестициялық жылжымайтын мүлік"

2.4.

ХҚЕС (IAS) 38 "Материалдық емес активтер"

2.5.

ХҚЕС (IFRS) 5 "Сатуға арналған айналымнан тыс активтер және тоқтатылған қызмет"

2.6.

ХҚЕС (IAS) 41 "Ауыл шаруашылығы"

2.7.

ХҚЕС (IAS) 36 "Активтердің құнсыздануы"

2.8.

ХҚЕС (IAS) 32 "Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну"; ХҚЕС (IFRS) 7 "Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету"; ХҚЕС (IFRS) 9 "Қаржы құралдары"

2.9.

ХҚЕС (IFRS) 6 "Пайдалы қазбалар қорын барлау және бағалау"

2.10.

ХҚЕС (IFRS) 13 "Әділ құнды бағалау"

2.11.

ХҚЕС (IFRS) 14 "Тарифтік айырмашылықтардың кейінге қалдырылған шоттары"

2.12.

ХҚЕС (IFRS) 15 "Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша түсім"

3.

Міндеттемелерді есепке алу

3.1.

ХҚЕС (IAS) 12 "Пайда салығы"

3.2.

ХҚЕС (IFRS) 16 "Жалға алу"

3.3.

ХҚЕС (IFRS) 8 "Операциялық сегменттер"

3.4.

ХҚЕС (IAS) 37 "Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер"

3.5.

ХҚЕС (IAS) 19 "Жұмыскерлерге берілетін сыйақылар", ХҚЕС (IAS) 26 "Зейнетақы жоспарлары бойынша есепке алу және есептілік"

3.6.

ХҚЕС (IAS) 23 "Қарыз бойынша шығындар"

3.7.

ХҚЕС (IFRS) 2 "Акциялар негізінде төленетін төлемдер"

3.8.

ХҚЕС (IAS) 33 "Акцияға шаққандағы пайда"

3.9.

ХҚЕС (IFRS) 17 "Сақтандыру шарттары"

4.

Қаржылық нәтижелерді есепке алу

4.1.

ХҚЕС (IAS) 21 "Валюталық бағам өзгерістерінің әсері"

4.2.

ХҚЕС (IAS) 20 "Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету"

5.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібі

5.1.

ХҚЕС (IFRS) 3 "Бизнесті біріктіру"

5.2.

ХҚЕС (IFRS) 10 "Шоғырландырылған қаржылық есептілік"

5.3.

ХҚЕС (IAS) 28 "Қауымдастырылған ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға салынатын инвестициялар"

5.4.

ХҚЕС (IFRS) 11 "Бірлескен кәсіпкерлік"

5.5.

ХҚЕС (IFRS) 12 "Басқа ұйымдарға қатысу туралы ақпаратты ашып көрсету"

5.6.

ХҚЕС (IAS) 27 "Жеке қаржылық есептілік"

6.

Бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған бағдарламалық қамтылым

6.1.

Бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру

7.

Орнықты даму

7.1.

ХҚЕС (IFRS) S1 "Орнықты дамуға байланысты ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын жалпы талаптар"

7.2.

ХҚЕС (IFRS) S2 "Климатқа байланысты ақпаратты ашып көрсету"

      II. Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру

1.1.

Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру

2.

Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары

2.1.

Ақша қаражаты мен олардың баламаларын есепке алу

2.2.

Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелерді есепке алу

2.3.

Дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу

2.4.

Жұмыскерлермен есеп айырысуды есепке алу

2.5.

Запастарды есепке алу

2.6.

Негізгі құралдарды есепке алу

2.7.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу

2.8.

Биологиялық активтерді есепке алу

2.9.

Материалдық емес активтерді есепке алу

2.10.

Жалға алуды есепке алу

2.11.

Басқа активтер мен міндеттемелерді есепке алу

2.12.

Кірістер мен шығыстарды есепке алу

2.13.

Өндіріске және өзге де мақсаттарға арналған шығындарды есепке алу

2.14.

Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер

2.15.

Валюталық бағам өзгерістерінің әсері

2.16.

Таза активтерді/капиталды есепке алу

2.17.

Баланстан тыс шоттардағы есеп

3.

Есептің жекелеген қағидаттары

3.1.

Есепті күннен кейінгі оқиғалар

3.2.

Әділ құн

3.3.

Активтердің құнсыздануы

3.4.

Дисконттау қағидаттары

4.

Мемлекеттік мекемелерді ұзақ мерзімді активтермен және запастармен орталықтандырылған жабдықтау операцияларын есепке алу

5.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібі

5.1.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі

5.2.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі

6.

Бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған бағдарламалық қамтылым

6.1.

Бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру

7.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда және қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың айырмашылықтарын түсіндіру

8.

Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексінің базалық ережелері (Халықаралық кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі бойынша анықтамалық)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
3-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
3-қосымша

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау" білім беру бағдарламасы

I. Сәйкестік аудиті

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Сәйкестік аудитін жүргізудің қағидалары мен рәсімдік аспектілері (нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізі), мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау стандарттары

2.

Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары

3.

Бюджетті жоспарлау, әзірлеу рәсімдеріне сәйкестік аудитін жүргізу

4.

Бюджеттің атқарылуына сәйкестік аудитін жүргізу

5.

Бюджеттік есептілікке сәйкестік аудитін жүргізу

6.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың қалыптастырылуына және іске асырылуына сәйкестік аудитін жүргізу

7.

МЖӘ жобаларының және концессиялық жобалардың, концессиялық міндеттемелердің қалыптастырылуына және іске асырылуына сәйкестік аудитін жүргізу

8.

ҚР Ұлттық қорының қалыптастырылуына және пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу

9.

ҚР Ұлттық банкі активтерінің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу

10.

Гранттар мен бюджет кредиттерінің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу

11.

Трансферттердің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу

12.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың, мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу

13.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу

14.

Мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу

15.

Мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына сәйкестік аудитін жүргізу

      II. Тиімділік аудиті

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Тиімділік аудитін жүргізудің қағидалары мен рәсімдік аспектілері (нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізі), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары

2.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу. Мемлекеттік стратегияларды бағалау (ISSAI 9020)

3.

Мемлекеттік сектордың мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу

4.

Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу (қызметі, активтерді басқаруы және олардың экономиканың немесе экономиканың жекелеген саласының дамуына, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларына тигізетін әсері)

5.

Экономиканың негізгі салалары бойынша тиімділік аудитін жүргізу

5.1.

Қорғаныс және құқықтық тәртіп саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.2.

Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.3.

Білім және ғылым саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.4.

Мемлекеттің зияткерлік активтерін қалыптастыруға және ғылымды дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімділігіне аудит жүргізу

5.5.

Денсаулық сақтау саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.6.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.7.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.8.

Мәдениет, спорт және туризм саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.9.

Ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттандыру және байланыс саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.10.

Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.11.

Өнеркәсіп, электр энергиясы, жылумен, газбен және сумен жабдықтау саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.12.

Инфрақұрылым объектілерін қоса алғанда, құрылыс және қала құрылысы саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.13.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтеріне тиімділік аудитін жүргізу

5.14.

Көлік және логистика саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.15.

Ақпараттық технологиялар саласында тиімділік аудитін жүргізу

5.16.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында тиімділік аудитін жүргізу

6.

Аудиторлық іріктеме және оны жүргізу әдістері. Аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінде талдамалық құралдарды қолдану

7.

Қаржылық талдаудың құралдары мен әдістері

      III. Қаржылық есептілік аудиті

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Қаржылық есептілік аудитін жүргізудің қағидалары мен рәсімдік аспектілері (нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізі), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары

2.

Ақша қаражаты мен олардың баламаларына аудит жүргізу

3.

Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелерге аудит жүргізу

4.

Дебиторлық және кредиторлық берешектерге аудит жүргізу

5.

Жұмыскерлермен есеп айырысуға аудит жүргізу

6.

Запастарға аудит жүргізу

7.

Негізгі құралдарға аудит жүргізу

8.

Инвестициялық жылжымайтын мүлікке аудит жүргізу

9.

Биологиялық активтерге аудит жүргізу

10.

Материалдық емес активтерге аудит жүргізу

11.

Кірістер мен шығыстарға аудит жүргізу

12.

Бағалау және кепілдік міндеттемелерге аудит жүргізу

13.

Таза активтерге/капиталға аудит жүргізу

14.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу

15.

Республикалық және жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізудің ерекшеліктері

16.

Аудиторлық есептің түрлері және оны дайындау

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
4-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
4-қосымша

"Бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама" білім беру бағдарламасы

р/с №

Тақырыптың атауы

1.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының базалық ережелері

2.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасының базалық ережелері

3.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының (ерекше бөлім) базалық ережелері

4.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының базалық ережелері

5.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы заңнамасының базалық ережелері

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
5-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
"Зерттеулер, талдау және
тиімділікті бағалау орталығы"
ЖШС
___________________________
___________________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (болған
жағдайда), тегі)

ӨТІНІШ

      Мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімді растау жөніндегі біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Үйінің мекенжайы, жұмысының/үйінің және мобильді телефондарының нөмірі:

      __________________________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы:_______________________________

      Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.

      Толтырылған күні: 20___жылғы "____" ________ ________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
6-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт

      20___жылғы "____" ______ ___ сағат _____минут

      Байқаушы ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      кандидат________________________________________________________

      жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН)

      ____________________________________________

      (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларының 18-тармағының бірінші бөлігін мынадай түрде:

      __________________________________________________________________________

      (бұзушылықты қысқаша сипаттау)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      бұзу фактісін анықтады.

      Байқаушының қолы: ______________________________________________________

      Актімен таныстым: _________________________________________________________

      (бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидат осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті жазба жасалады.

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартуын растайтын басқа да адамның қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, ЖСН)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
7-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
7-қосымша

"Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" ЖШС

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттың білімін растау туралы құжат

Электрондық дерекқорда 20___ жылғы "___" ________ № ____ болып тіркелген

      Осы құжат___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кандидаттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) (бұдан әрі – аты-жөні, тегі)

      мынадай сертификаттау пәндері бойынша оң нәтиже алғанын растайды:

Біліктілік емтиханының атауы

Нәтиже (пайыз)

1.




      Құжаттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы "_____" ______________

      Басшы _______________________________________________________

      (аты-жөні, тегі) (қолы)

      Мөрдің орны

      (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
8-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін көрсетілетін қызметті алушы туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      1. Жалпы мәліметтер:

      1) Аты-жөні, тегі;

      2) лауазымы, жұмыс орны;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігі (мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор);

      4) туған күні (күні, айы, жылы);

      5) білімі туралы мәліметтер;

      6) наградалары мен көтермелеулері (болған жағдайда);

      7) жалпы өтілі (осы Қағидалардың 40 және 41-тармақтарында белгіленген);

      8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жалпы өтілі (болған жағдайда);

      9) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер, сондай-ақ тәртіптік жазалар туралы мәліметтер (болған жағдайда).

      2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.

      Дайындалған күні: _______________

      Ұлттық комиссия хатшысының қолы: ___________________________

      (Аты-жөні, тегі, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
9-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
9-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор СЕРТИФИКАТЫ

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 20___ жылғы "____"___________ № ____ шешімімен

      ______________________

      (аты-жөні, тегі)

      ____________________________________________________________________

      біліктілігі берілді.

      Ұлттық комиссияның

      төрағасы: ____________ _________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      М.О.

      Берілген күні: 20___ жылғы ____ _____________

      Тіркеу нөмірі № _______

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 3-НҚ
Нормативтік қаулыға
10-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
10-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор сертификаттарын есепке алу және беру журналы

аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

хаттаманың күні және нөмірі

тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының берілген күні және нөмірі

біліктілігі

қолы




















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады