ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) электрондық қатысу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;
4) электрондық қатысу табелінде көрсетілген балалардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің цифрлық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Оператор электрондық есепті мақұлдағаннан кейін өнім беруші электрондық шот-фактура мен көрсетілген қызметтер актісін ұсынады, олар цифрландыру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – цифрлық жүйе) электрондық төлем шотын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.";
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Оператор қаржы саласындағы уәкілетті органның қазынашылықтың цифрлық жүйесі арқылы төлемдерді жөнелтуді жүзеге асырады:";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру міндеттерін жүзеге асыратын цифрлық жүйе электрондық шот-фактураларды ұсыну, оларды келісу, оператор мен өнім беруші арасында қол қою және күшін жою міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы уәкілетті орган қазынашылығының цифрлық жүйесімен интеграцияланады.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
Е. Кочетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі