"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 сәуірде № 38445 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37029 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:

      Lgom = Bincm * k, мұндағы:

      Lgom – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мен мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұрады;

      Bincm – жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;

      k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:

      облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,10;

      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ жедел дамуға арналған ерекше құқықтық мәртебесі бар қалада әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган үшін k = 0,20.

      Тиісті қаржы жылына арналған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:

      Lfreem = lgom-lactm, мұндағы:

      Lfreem – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті;

      Lactm – тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді.

      Жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады