ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш береді.
Өтініш берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға (қағаз жеткізгіште):
1) көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі;
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;
4) "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
7) өтініш берушінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама;
8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;
9) қауіпті қалдықтардың паспорты;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).
Порталға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының электрондық көшірмесі;
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың электрондық көшірмесі;
4) Заңға сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімінің электрондық көшірмесі;
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың электрондық көшірмелері;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
7) өтініш берушінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның электрондық көшірмесі;
8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының электрондық көшірмесі;
9) қауіпті қалдықтардың паспортының электрондық көшірмесі;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері (көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін) тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге береді.
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.";
11 және 11-1-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
11-1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";
1, 4 және 5 қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш
__________________________________________________________________
(Т. А. Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы және оның
басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
__________________________ _________________________________ атынан
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың
транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының
қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсетуді сұраймын.
Мен цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын
мәлiметтердi пайдалануға келісемін.
Күні: 20__жылғы "____" ___________ Қолтаңбасы: _________________
М.О.
Ескертпе:
Т. А. Ә. ( бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
М.О. – Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
ЖСН/БСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы |
1-1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының Қорытындысы, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақысыз негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға (қағаз жеткізгіште): |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталу; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: gov4c.kz. |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы Қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының №___ бөлімі (мекенжайын
көрсету), Қағида қарастырылған тізбеге сәйкес, ________________________ құжаттардың
толық пакетінің болмауына байланысты, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар
Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Болмаған құжаттардың атауы:
1) __________________________________
2) __________________________________
3) __________________________________
Осы қолхат әрбір тарап үшін біреуден, 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация (қолы)
Қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Алдым: _____________________________________/___________________
Т. А. Ә. (бар болса) / көрсетілетін қызмет алушының қолы
"___" _________ 20__жыл
Ескертпе:
Т. А. Ә. (бар болса) – Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)