"Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 162-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 сәуірде № 38391 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 22.04.2026 ж. 22 сәуірден бастап күшіне енеді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32044 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дубляжға арналған фильмдерді таңдау келесі кезеңдерден тұрады:

      1) Орталықтың өтініш берушілерден өтінімдер қабылдауы;

      2) Орталықтың өтінімдерді осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарауы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орталық өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған дубляжға арналған фильмдердің құжаттар мен материалдар пакетін Орталық жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді. Сараптама кеңесі ұсынылған өтінімдерді қарауға енгізілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.";

      8, 9 және 10-тармақтар алып тасталсын.

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 22 сәуірден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 8 сәуірдегі
№ 162-НҚ Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағына əкелінетін балалар
анимациялық фильмдері мен
отбасымен көруге арналған
фильмдерді қазақ тілінде
дубляждау үшін іріктеу
қағидаларына қосымша
  Нысан
  "Ұлттық киноны қолдау
мемлекеттік орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Басқарма
Төрағасына
________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда))
____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеуге қатысуға өтінім

      Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу мақсатында келесі фильмді қарауды сұраймын

      _________________________________________________________________

      (фильмнің атауы)

      Фильмнің жанры мен түрі: _________________________________________

      Фильм өндіруші студия

      Продюсер(лер) ___________________________________________________

      Қоюшы-режиссер (лер): ___________________________________________

      Дыбыс режиссері: ________________________________________________

      Дыбыс операторы (лары): __________________________________________

      Актерлар: _______________________________________________________

      Фильмнің дубляжын жүзеге асыру мерзімі

Кезең

Прокаттау

Бастап



Дейін



      Маркетинг және сату

Аудитория


Кинотеатрлар саны/залдар/ экрандар


Болжалды кассалық төлемдер


      Қаржы жоспары

Фильмнің қаржылық шығындары

Сомасы, теңге.

Дубляж бюджеті


Барлық шығындар


      Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. _____________________________

      2. _____________________________

      Өтініш берушінің деректемелері __________________________________

      (заңды мекен-жайы, пошта индексі, электрондық пошта, телефондары)

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өтінім берілген күн: ____________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________

      Қолы ______________

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады