"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мына:
1) "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 61 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29734 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31096 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 57 қаулысымен бекітілген |
Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 63-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-1-бабы 5-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға (бұдан әрі – сервистік компаниялар) қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда Банктер туралы заңда, Микроқаржылық қызмет туралы заңда және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. Сервистік компаниялар уәкілетті орган жүргізетін сервистік компаниялар тізіліміне енгізілуге тиіс.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
2-тарау. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптар
5. Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілетін, сервистік компания ретінде әрекет ететін стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның бас ұйымы болып табылатын банктің меншікті капиталының мөлшері кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңгені құрайды;
2) банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға банкке рұқсат берілген күннен бастап үш жыл ішінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның қызметті жүзеге асыруы;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымда уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының, сондай-ақ сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге әкімшілік жазаның орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде салынған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болмауы;
4) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның басшысында алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығының болмауы.
3-тарау. Коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар
6. Сенімгерлік басқару шарты негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілетін, сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттік мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының мөлшері кемінде 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгені құрайды;
2) коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде коллекторлық агенттіктің қызметті жүзеге асыруы;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге коллекторлық агенттікте уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге әкімшілік жазаның орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде салынған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болмауы;
4) коллекторлық агенттік басшысының Коллекторлық қызмет туралы заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
5) борышкердің тұрғылықты жері, орналасқан жері бойынша не тіркелген жері бойынша не борышкердің тұрғылықты жерінде, орналасқан жерінде немесе тіркелген жерінде елді мекен орналасқан облыстардың әкімшілік орталықтарында банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген коллекторлық агенттікте филиалдардың немесе өкілдіктердің болуы;
6) Банктер туралы заңның 63-бабының 1-тармағында, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан коллекторлық агенттіктің сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерді (деректерді) алуын қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымның болуы, сондай-ақ коллекторлық агенттік сенімгерлік басқаруға алған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) туралы мәліметтерді (деректерді) коллекторлық агенттік өзге тұлғалардан сатып алған және (немесе) нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес берешекке байланысты ақпаратты жинау бойынша кредиторға қызметтер көрсету болып табылатын шарттар шеңберінде алынған құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерді (деректерді) жеке көрсету.
