БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу тәртібін, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін белгілейді (бұдан әрі – Біржолғы сыйақы).
2. Біржолғы сыйақы беруді жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.
3. Біржолғы сыйақы жеке сипатта болады және бір жыл ішінде қайталап берілмейді.
4. Біржолғы сыйақы ағымдағы жылдың жетістігі үшін ғана беріледі.
5. Біржолғы сыйақы алуға кандидаттар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.
6. Біржолғы сыйақы алуға кандидаттар болып мыналар табылады:
1) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оларды дайындаған педагогтер;
2) ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың аталған жеңімпаздары мен жүлдегерлері және ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес сауалнама толтырады. Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың сауалнамаларында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қолдарымен расталады.
7. Біржолғы сыйақы:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28915 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 333 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары болған қазақстандық білім алушыларға, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелеріне;
2) № 333 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге төленеді.
8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мынадай мөлшердегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:
1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін – 1500 АЕК;
2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін – 1000 АЕК;
3) III дәрежелі диплом мен қола медаль үшін – 500 АЕК.
9. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін 1500 АЕК мөлшеріндегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі.
10. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтерге мынадай мөлшердегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:
1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 26,5 еселенген мөлшерінде;
2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 17,5 еселенген мөлшерінде;
3) III дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 8,5 еселенген мөлшерінде.
11. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпазын – I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақының 26,5 еселенген мөлшеріндегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі.
2-тарау. Біржолғы сыйақы төлеу тәртібі
12. Қазақстан Республикасы құрама командаларының ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарына қатысу нәтижелеріне сәйкес "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – "Дарын" РҒПО):
1) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпаздарының тізімін, ұйымдастырушы елдердің ресми сайттарында жарияланған нәтижелерінің көшірмелерін қалыптастырады және бекітеді;
2) № 333 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттауды ұйымдастырады.
13. "Дарын" РҒПО жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтердің тізімдерін жеңімпаз және жүлдегер оқитын білім беру ұйымының педагог туралы деректері көрсетілген растайтын құжаттары негізінде қалыптастырады және бекітеді.
14. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары Біржолғы сыйақы алу үшін "Дарын" РҒПО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың (бар болған жағдайда) және (немесе) туу туралы куәліктің (бар болған жағдайда) және (немесе) төлқұжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
2) I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелері;
3) ағымдағы банктік есепшоттың деректемелері;
4) педагогтің жұмыс орнынан анықтама;
5) Біржолғы сыйақы алшуының оқу орнынан педагог туралы деректер көрсетілген анықтама.
Он сегіз жасқа толмаған тұлғалар туралы деректердің дұрыстығы білім беру ұйымы басшысының, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қолдарымен расталады.
15. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтер Біржолғы сыйақы алу үшін "Дарын" РҒПО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың (бар болған жағдайда) және (немесе) төлқұжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпаздарының I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелері;
3) ағымдағы банктік есепшоттың деректемелері;
4) педагогтің жұмыс орнынан анықтама.
16. Біржолғы сыйақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
17. Педагог екі және одан көп жеңімпазды және (немесе) жүлдегерді дайындаған жағдайда, Біржолғы сыйақы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың әрбір жеңімпазы мен жүлдегері, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпазы үшін төленеді.
18. Білім алушылар екі және одан да көп педагогті көрсеткен жағдайда, Біржолғы сыйақы сомасы көрсетілген педагогтер арасында тең пропорцияда бөлінеді.
19. Жеңімпаз немесе жүлдегер Біржолғы сыйақы алудан бас тартқан жағдайда, жеңімпаздарды немесе жүлдегерлерді дайындаған педагогтердің оны алу құқығы сақталады.
20. Министрлік "Дарын" РҒПО ұсынған құжаттардың негізінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастыра отырып, ағымдағы жылға Біржолғы сыйақы төлеу туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта алушылардың тізімі, осы Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес төлемдердің мөлшері көрсетіледі.
21. Біржолғы сыйақылар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтердің тиісті ағымдағы банктік есепшоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен төленеді.
22. Біржолғы сыйақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шығыстар (салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар) кірмейді.
Халықаралық олимпиада жеңімпазының немесе жүлдегерінің немесе ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпазының сауалнамасы
Қатысушының ТАӘ (ол болған жағдайда)__________________________
Халықаралық зияткерлік жарыстар (олимпиада немесе халықаралық
жобалар)_______________________________________________________
Мектеп атауы (ауыл, аудан, қала, облыс)___________________________
Сыныбы _________
Қатысушының байланыстары (ұялы телефон нөмірі, мессенджерлер, e-mail)
ТАӘ (ол болған жағдайда) және байланыстары (ұялы телефон нөмірі,
WhatsApp)___________________
Сізді халықаралық олимпиадаға дайындаған педагогтің ТАӘ (ол болған
жағдайда)___________________________________________
Оның жұмыс немесе оқу орны _____________________________________
Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің қолы______________
Жауаптарыңыз үшін рақмет. Өз қолыңызбен толтырылып, қол қойылған анкетаның сканерленген нұсқасын электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз.
