Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38320 тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 63 бұйрығымен бекітілген

Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және киік дериваттарын (мүйіз) таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай қысқартулар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – таңбаланған тауарларды топтық қаптамаларға жинақтау кезінде тауарларды таңбалау кодтарының топтық қаптамаға түсірілген сәйкестендіру құралының құрамына кіретін топтық қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылатын қаптаманы ашу қажеттілігінсіз таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді алуды қамтамасыз ету мақсатында топтық қаптамаға жинақтау кезінде, соның ішінде топтық қаптамаларды неғұрлым жоғары деңгейдегі топтық қаптамаларға біріктіру кезінде тауарларды таңбалау кодтарының және (немесе) топтық қаптамалардың топтық қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір түрдегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      3) алып қою – жануарлар дүниесін пайдалануға берілетін рұқсат немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға берілетін рұқсат негізінде табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын тіршілік ету ортасынан алу (аулау, ату, жинау, сою);

      4) бекітпе – пломбалау құрылғысы (бұдан әрі – БПҚ) – бекітуге және пломбалауға арналған, конструкциясы моноблокты болып табылатын, құрамында бекіту механизмі бар корпусы және бір ұшы корпуста қатты бекітілген металл арқаны бар, бұл ретте арқанның екінші ұшы пломбалау процесінде бекіту механизмімен өзара іс-қимыл жасайтын, құрамында сәйкестендіру құралы бар және тауарларды таңбалауға арналған құрылғы;

      5) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      6) Дата Матрикс (DataMatrix) – мәтінді немесе деректердің өзге де типтерін кодтауға арналған, тікбұрышты немесе шаршы топта орналасқан, шаршы нысанында түсірілетін ақ-қара элементтер немесе жарықтығы әртүрлі дәрежедегі бірнеше элементтер болып табылатын екі өлшемді матрицалық штрих-код;

      7) деректерді беру хаттамасы – ақпарат пакеттерінің құрылымына және деректерді беру желісінің құрылғылары арасында ақпарат пакеттерімен алмасу алгоритміне қойылатын техникалық шарттардың формализацияланған жиынтығы;

      8) еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда алынған дериваттар – киіктердің табиғи өлімі, жоспарлы және (немесе) мәжбүрлі сою, сондай-ақ тәлімбақта жануарларды ұстауға және өсіруге байланысты өзге де технологиялық операциялар нәтижесінде пайда болатын мүйіздері;

      9) киік дериваттары – өңдеу дәрежесіне және ұсыну нысанына қарамастан, толығымен немесе ішінара киіктен (Saiga tatarica) алынған өнімдер мен объектілер, соның ішінде оның бөліктері, туындылары өнімдері және олардан жасалған бұйымдар;

      10) киік дериваттарының (мүйіздерінің) экспорттаушысы – киік дериваттарын (мүйіздерін) экспорттауға рұқсаты бар заңды тұлға;

      11) киік питомнигі – еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда киіктерді (Saiga tatarica) өсіруді, ұстауды және өсімін молайтуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) қабылдау-тапсыру актісі – Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған тауарлардың айналымы кезінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді беру мақсатында тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын электрондық құжат;

      13) мамандандырылған ұйымдар – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

      14) сәйкестендіру коды – код пен тауардың жеке сериялық нөмірінің бірегей комбинациясы болып табылатын символдар тізбегі;

      15) сәйкестендіру құралы – штрих-код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты сәйкестендірудің өзге де құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы бірегей символдар тізбегі;

      16) таңбаланған тауарды айналымнан шығару – таңбаланған тауардың бұдан былайғы айналымының тоқтатылуына әкеп соғатын, соның ішінде экспорт кезінде таңбаланған тауарды шетелдік заңды тұлғаға өткізу (сату), тауарды кәдеге жарату, бүлдіру немесе жою, қайтарымсыз жоғалту, таңбаланған тауардың бұдан былайғы айналымын тоқтатуды көздейтін өзге де себептерді қосқандағы іс-қимылдар;

      17) таңбалау коды – Оператор тауарды, тауардың топтық қаптамасын сәйкестендіру мақсатында қалыптастыратын, тауардың сәйкестендіру кодынан және тексеру кодынан тұратын бірегей символдар тізбегі;

      18) таңбаланған тауар – осы Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру құралы түсірілген және ол туралы сенімді мәліметтер (соның ішінде оған түсірілген сәйкестендіру құралы және (немесе) құрамында сәйкестендіру құралы бар материалдық жеткізгіш туралы мәліметтер) ТТҚ ЦЖ-да қамтылған тауар;

      19) Тауарларды таңбалау мен қадағаланудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектендіруді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағаланудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      20) тауар – аулау, табиғи өлім немесе алу нәтижесінде алынған, СЭҚ ТН 050790000 коды бойынша сыныпталатын киік дериваттары (мүйіздері);

      21) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тауарды, топтық қаптаманы бірегей түрде сәйкестендіретін символдар тізбегі;

      22) тауарларды таңбалау мен қадағаланудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ТТҚ ЦЖ) – сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалануға тиіс тауарларды таңбалау процестерін және олардың айналым процесінде бұдан былайғы қадағалануын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;

      23) тауарлар айналымы – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды дайындау, сақтау, тасымалдау, алу және беру, соның ішінде оларды сатып алу және өткізу (сату);

      24) тауарды қайта таңбалау (бұдан әрі – қайта таңбалау) – бұрын түсірілген сәйкестендіру құралының жоғалуына немесе зақымдалуына байланысты тауарға, тауардың топтық қаптамасына сәйкестендіру құралын қайта түсіру;

      25) тауар айналымына қатысушы – таңбаланған тауарларды айналымға енгізуді, айналымын және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға (мамандандырылған ұйымдар, тәлімбақтар, экспорттаушылар);

      26) тексеру коды – тауардың сәйкестендіру кодын криптографиялық түрлендіру нәтижесінде қалыптасқан және сәйкестендіру кодының қолдан жасалуын анықтауға мүмкіндік беретін символдар тізбегі;

      27) топтық қаптама – таңбаланған тауарларды біріктіретін, оларды орын ауыстыру кезінде зақымданудан қорғау мақсатында сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көліктік бірлікті құрайтын қаптама;

      28) топтық қаптаманың сәйкестендіру коды – осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын, әрбір жеке топтық қаптама үшін бірегей символдар комбинациясы;

      29) ТТҚ ЦЖ құжаттарының тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тіркелген, тауар айналымына қатысушы қалыптастырған құжаттардың тізбесі;

      30) ТТҚ ЦЖ қатысушыларының уәкілетті тұлғаларының тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тіркелген тауар айналымына қатысушының уәкілетті тұлғаларының тізбесі;

      31) ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тауар айналымына қатысушы тіркеген сәйкестендіру құралдарының тізбесі;

      32) ТТҚ ЦЖ тауар айналымына қатысушылардың тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тіркелген тауар айналымына қатысушылардың тізбесі;

      33) ТТҚ ЦЖ тауарларының тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тіркелген, тауар айналымына қатысушы қалыптастырған тауарлардың тізбесі;

      34) уәкілетті орган – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      35) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – тауар айналымына қатысушының бағдарламалық-аппараттық құралдары мен ТТҚ ЦЖ-ның өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің сипаттамасы;

      36) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      37) F және C шығу тегі кодтары – CITES классификациясына сәйкес еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда туған (F1 және одан кейінгі ұрпақтар) немесе өсірілген (екінші және одан кейінгі ұрпақтар) жануарлардан алынған мүйіздерді сәйкестендіру үшін қолданылатын шығу тегінің көзі кодтары.

2 - тарау. Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асыратын тауар айналымына қатысушылар

      3. Мамандандырылған ұйым мен питомник тауарды жаңа меншік иесіне бастапқы өтеулі немесе өтеусіз өткізгенге дейін, не болмаса оны кейіннен таратуға және (немесе) пайдалануға мүмкіндік беретін одан әрі өткізу мақсатында өзге тұлғаға беруге дейін сәйкестендіру құралымен таңбалауды жүзеге асырады.

      4. Сәйкестендіру құралының жоғалуы немесе бүлінуі жағдайында тауар айналымына қатысушы мәміле шеңберінде жеткізілетін (өткізілетін) тауарға, топтық қаптамаға сәйкестендіру құралын қайтадан енгізуді қамтамасыз етеді.

      5. Киік питомниктері шығу тегі F немесе C болған жануарлардан алынған киік дериваттарын (мүйіздерін) таңбалауды жүзеге асырады.

3-тарау. ТТҚ ЦЖ тауар айналымына қатысушылардың қызметін жүзеге асырудың техникалық шарттары

      6. Тауар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-да қызметті жүзеге асыру шарттары мыналардың болуын көздейді.

      1) ЭЦҚ;

      2) байланыс арналары арқылы ТТҚ ЦЖ-ға қосылған Операторға таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын агрегаттау туралы ақпаратты (агрегаттау қолданылған жағдайда) және ТТҚ ЦЖ-да таңбаланған тауарлардың айналымы және (немесе) айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің талаптарына сәйкес автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін АБК.

      7. АБК болмаған немесе ТТҚ ЦЖ-мен интеграция болмаған жағдайда тауар айналымына қатысушы Операторға мәліметтерді ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жібереді.

4 – тарау. Тауар айналымына қатысушыларды ТТҚ ЦЖ-ды тіркеу тәртібі

      8. Тауар айналымына қатысушыны ТТҚ ЦЖ-да тіркеу және оған жеке кабинетке қолжетімділікті беру Оператор арқылы тауар айналымына қатысушының ЭЦҚ-мен расталып, электрондық түрде ұсынылған нақты мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:

      1) тауар айналымына қатысушының БСН-і;

      2) тауар айналымына қатысушының заңды (нақты) мекенжайы;

      3) тауарлар айналымына қатысушының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органының коды;

      4) тауарлар айналымына қатысушының банктік деректемелері (банкте шот болған кезде);

      5) тауар айналымына қатысу түрі (мамандандырылған ұйым, питомник немесе сауда субъектісі);

      6) тауар айналымына қатысушының байланыс деректері: электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі;

      7) жануарлардың шығу тегін растайтын құжаттар (алып қою актілері, төлдеу актілері, F және C ұрпақтарының шығу тегі актілері), сондай-ақ жануарларды қолда немесе жартылай еркін жағдайда ұстауға арналған рұқсаттар (питомниктер үшін).

      9. Тауар айналымына қатысушы ТТҚ ЦЖ-да оның атынан мәліметтер беруге және сұратуға уәкілетті тұлғаларды айқындайды.

      10. Тауар айналымына қатысушының уәкілетті тұлғалары осы тауар айналымына қатысушының қызметкеріне берілген ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторизациядан өтеді.

      Тауар айналымына қатысушыға мынадай жағдайларда ТТҚ ЦЖ-да тіркеуден бас тартылады:

      1) ЭЦҚ алған кезде көрсетілген БСН ТТҚ ЦЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейді;

      2) тауар айналымына қатысушы ТТҚ ЦЖ-да тіркелген.

      11. Тауар айналымына қатысушыны Оператор ТТҚ ЦЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша:

      1) тауарлар айналымына қатысушыны ТТҚ ЦЖ қатысушыларының тізіліміне енгізеді;

      2) тауарлар айналымына қатысушыға ТТҚ ЦЖ-да жеке кабинетіне кіруге мүмкіндік береді.

5 тарау. ТТҚ ЦЖ-да тауарларды тіркеу тәртібі

      12. Тауарды ТТҚ ЦЖ-да тіркеу жүзеге асырылады:

      1) мамандандырылған ұйыммен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды алып қойған кезде;

      2) питомниктерде киіктің дериваттарын (мүйіздердін) алған кезде;

      3) тауар айналымы процесінде тауар айналымына қатысушылар:

      оның жоғалуы, бүлінуі немесе жойылуы себебінен сәйкестендіру құралын ауыстыруды (сәйкестендіру құралын тауарды айналымнан шығармай тауарға қайта енгізу);

      бұрын тауар айналымына қатысушы айналымнан шығарған тауарды оған салынған сәйкестендіру құралы болмаған жағдайда қайтаруды.

      13. Киіктердің дериваттарын (мүйіздердін) ТТҚ ЦЖ-да тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ ЦЖ-да мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) тауардың атауы;

      2) популяциясы;

      3) тауарды тіркеу күні;

      4) тауарды таңбалау коды;

      5) киік дериватының (мүйізінің) ұзындығы (сантиметрмен);

      6) киік дериватының (мүйізінің) сорты (1, 2, 3, 4);

      7) жауапты тұлға (аты-жөні, лауазымы);

      8) шығу көзінің коды:

      W – Wild – табиғатта ауланған немесе ұстап алынған жануар

      R – Ranched – табиғатта жиналған жұмыртқадан немесе жас жануарлардан фермада өсірілген;

      C – Captive-bred animals – қолда өсірілген (бақыланатын жағдайларда, кем дегенде екінші ұрпақ);

      F – born in captivity (F1 and subsequent) – қолда өсірілгеннен туылған жануар, оның ішінде бірінші ұрпақ (F1) және одан кейінгі;

      U – Source unknown – шығу тегі белгісіз;

      I – Confiscations/seizures – тәркіленген (тәркілеу немесе заңсыз айналым нәтижесінде алынған).

      9) рұқсат беру құжаттары (жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға, сондай-ақ ауланған жануарлар дүниесі объектілерін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), олардың бөліктері мен дериваттарын әкетуге және өткізуге құқық беретін белгіленген нысандағы құжат, оның ішінде аңшылық олжаларының қатарында);

      10) киіктердің төлдеу актілері, F және C ұрпақтарының шығу тегі актілері, табиғи қырылу туралы актілер, жануарларды жоспарлы немесе мәжбүрлі сою актілері, мүйіздердің шығу тегін растайтын өзге де технологиялық құжаттар (питомниктер үшін).

      14. Оператор тауарды таңбалау коды көрсетілген тауар ТТҚ ЦЖ-да тіркелген жағдайда тауар туралы мәліметтерді тіркеуден бас тартады.

6-тарау. Сәйкестендіру құралының сипаттамалары

      15. Тауарды сәйкестендіру құралы машиналық оқуға жарамды Data Matrix екі өлшемді штрих-код түрінде киік мүйізіне бекітіледі. Көрсетілген код БПҚ-ге лазерлік нақыштама әдісімен салынады және сәйкестендіру мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында тауардың әрбір бірлігіне, сондай-ақ тауардың топтық қаптамасына тағайындалады.

      16. Тауардың сәйкестендіру құралы таңбалау кодын қамтиды, ол үш деректер тобынан тұрады, олардың алғашқы екі тобы тауарды сәйкестендіру кодын құрайды, атап айтқанда:

      бірінші топ он төрт саннан тұрады;

      екінші топ жеті таңбадан тұрады (сандар, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы таңбалар) және жеке сериялық нөмірден тұрады;

      үшінші топ сегіз таңбадан тұрады (сандар, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы таңбалар) және тексеру кодын қамтиды.

      17. Топтық қаптаманы сәйкестендіру құралы Data Matrix форматында екі өлшемді штрих-код түрінде ұсынылады.

      18. Сәйкестендіру құралдары келесі талаптарға жауап береді:

      1) топтық орау үшін мөлшері 0,254 миллиметрден кем емес модуль қолданылады;

      2) сәйкестендіру құралын таңдау арқылы қолдан жасау ықтималдығы 10 000-нан аз;

      3) қателерді тану және түзету функциясы Data Matrix ECC200-ге тең немесе одан жоғары.

      19. БПҚ-мен қамтамасыз етеді:

      1) тауарға бекітудің тұтастығын;

      2) тұтынушыға тауарды сатқанға дейінгі ақпараттың оқылуын.

      20. ТТҚ ЦЖ тауарға салынған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын тауардың топтық қаптамасына қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.

7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру және енгізу тәртібі

      21. Тауарды сәйкестендіру құралымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін тауарлар айналымына қатысушы операторға ТТҚ ЦЖ арқылы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша таңбалау кодын алуға өтінім (бұдан әрі - өтінім) жібереді.

      Егер тауарлар айналымына қатысушы ТТҚ ЦЖ-да тіркелмеген жағдайда таңбалау кодын беруден бас тартылады.

      22. Оператор ТТҚ ЦЖ-да өтінім тіркелген сәттен бастап:

      1) тауар айналымына қатысушыдан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, Сұранымда көрсетілген таңбалау кодтарының санын эмиссиялайды (генерациялайды);

      2) тиісті тауарларды таңбалау кодтарын ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне қосады;

      3) тауар айналымына қатысушыға эмиссияланған таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады;

      4) таңбалау кодтарын сәйкестендіру құралдарына түрлендіреді және оларды лазерлік нақыштама әдісімен БПҚ-на түсіреді.

      23. Оператор БПҚ-ты тауарға, тауардың топтық қаптамасына одан әрі бекіту үшін питомниктерге және мамандандырылған ұйымға береді.

      24. Таңбалау кодын ұсыну бойынша қызметті, тауар айналымына қатысушының эмиссияланған таңбалау кодын пайдаланғаны туралы мәліметтер ТТҚ ЦЖ-де тіркелген сәтте Оператор көрсеткен деп танылады.

      25. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды өндіру, айналымы және қайтару кезінде тауарға, тауардың топтық қаптамасына БПҚ орнату осындай тауарды өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады.

8 тарау. Тауарларды біріктіру тәртібі

      26. Тауарларды топтық қаптамаға агрегациялағаннан кейін, тауар айналымының келесі қатысушысына бергенге дейін, агрегациялауды жүзеге асырған қатысушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТК ЦЖ-ға агрегациялау туралы ақпаратты ұсынады.

      27. Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға агрегациялау кезінде мұндай қаптамаға топтық қаптаманың сәйкестендіру коды бар БӨҚ орнатылады, онда осы қаптамаға салынған тауарлардың сәйкестендіру құралдары көрсетіледі (агрегацияланады).

      28. Топтық қаптаманы таңбалау кезінде топтық қаптамаға түсірілетін міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамын тауарларды топтық қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын тауар айналымының қатысушысы айқындайды.

      29. Топтық қаптама тауарларды біріктіру мақсатында, сондай-ақ өлшемі (көлемі) кішірек басқа топтық қаптамаларды бір топтық қаптамаға шоғырландыру үшін қолданылады.

      30. Тауарлардың топтық қаптамаларын басқа топтық қаптамаға қайта салған жағдайда, тауар айналымының қатысушысы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ТТҚ ЦЖ-ға агрегациялау туралы ақпаратты ұсынады.

      31. Бұл ретте ТТҚ ЦЖ-да алынған тауар бірлігі болған барлық қаптамалардың тарқатылуы тіркеледі.

      32. Тауар айналымының қатысушысы ТТҚ ЦЖ-ға топтық қаптамадағы таңбаланған тауардың бір бөлігінің айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда, ТТҚ ЦЖ-да қаптамалардан алынған өнім болған қаптамалардың тарқатылуы тіркеледі.

      33. Оператор осы тарауда көзделген топтық қаптаманың агрегациялануы немесе құрамының өзгеруі туралы мәліметтерді алғаннан кейін, олардың сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрініс табуын, сондай-ақ тауар айналымының қатысушысы үшін ТТҚ ЦЖ-да осы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

9-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған тауарлардың айналымы кезінде ТТҚ ЦЖ-да мәліметтерді ұсыну тәртібі

      34. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды айналымға енгізу – таңбаланған тауарды мамандандырылған ұйымнан, питомниктен экспорттаушыға немесе шетелдік сатып алушыға алғашқы ақылы немесе өтеусіз беру болып табылады.

      35. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған тауарлардың айналымы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ "Таңбалануға тиіс тауарлардың тізбесін айқындау туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) белгіленген тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауды енгізу күнінен кейін оларды өткізу туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға міндетті түрде бере отырып жүзеге асырылады.

      36. Таңбаланған тауарларды жаңа меншік иесіне ақылы немесе өтеусіз беру кезінде тауар айналымының қатысушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қабылдау-тапсыру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тауарлар өткізілген күннен кешіктірмей тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ ЦЖ-ға жібереді.

      37. Тауарды қабылдап алуды тауар айналымының қатысушысы тауар іс жүзінде қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ-мен қол қойылады және ТТҚ ЦЖ-ға беріледі.

      38. Тауарды қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, тауар айналымының қатысушысы – алушы анықталған алшақтықтары бар түзету актісін қалыптастырады және оны тиісті өзгерістер енгізу және түзету актісіне ЭЦҚ-мен қол қою үшін жөнелтуді жүзеге асырған тауар айналымының қатысушысы – жөнелтушіге жібереді.

      39. Жөнелтушінің Қабылдау-тапсыру актісін кері қайтарып алуы ТТҚ ЦЖ-да тіркелген күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растаған сәтке дейін, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жаңа акт ресімделмей жүзеге асырылады.

      40. Анықталған алшақтықтары бар түзету актісінде мынадай мәліметтер болады:

      1) жөнелтушінің БСН-і;

      2) алушының БСН-і;

      3) қабылданған тауарлардың сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) мәліметтері Қабылдау-тапсыру актісінде жоқ тауарлардың сәйкестендіру кодтарының тізімі (болған жағдайда);

      5) Қабылдау-тапсыру актісінің деректемелері.

      41. Қабылдау-тапсыру актісі электрондық нысанда ресімделеді, бұған тауар айналымының қатысушысы ТТҚ ЦЖ-дағы техникалық қателер себебінен ТТҚ ЦЖ-да Қабылдау-тапсыру актісін ресімдеу мүмкін еместігі туралы Оператордың интернет-ресурсындағы ақпарат расталған кезде Қабылдау-тапсыру актісін қағаз жеткізгіште ресімдеген жағдай қосылмайды.

      42. Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген Қабылдау-тапсыру актісін өнім беруші ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауарды үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға енгізуге тиіс.

      43. ТТҚ ЦЖ-да таңбалау коды меншік иесінің ауысуы ТТҚ ЦЖ-дағы Қабылдау-тапсыру актісінен екі тарап растаған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      44. Таңбаланған тауарды айналымнан шығару кезінде тауар айналымының қатысушысы тауар айналымнан шығарылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға тиісті себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды айналымнан шығару туралы хабарламаны ұсынады.

      45. Сатып алушы таңбаланған тауарды қайтарған кезде және тауарды қайтарудың басқа да жағдайларында тауар айналымының қатысушысы оны одан әрі өткізу және (немесе) беру үшін мұндай тауарды айналымға қайта енгізуді орындайды және Операторға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген тауарды айналымға қайта енгізу туралы хабарлама жібереді.

      46. Тауарды айналымға қайта енгізу туралы ақпарат Операторға тауарды айналымға қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      47. Сәйкестендіру құралы зақымдалмаған тауарды айналымға қайтарған кезде тауар қайта таңбаланбайды.

      48. Сәйкестендіру құралы зақымдалған не сәйкестендіру құралы жоқ (тауарды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайда) тауарды айналымға қайтарған кезде тауар айналымының қатысушысы осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес тауарды қайта тіркеуді жүзеге асырады.

10-тарау. Тауар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-ға ақпарат беру тәртібі

      49. Тауарлар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-ға ақпарат ұсынуы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Оператор әзірлеген электрондық өзара іс-қимыл интерфейстері арқылы немесе ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      50. Тауарлар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-ге жіберетін мәліметтері тауарлар айналымына қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.

      51. Таңбаланған тауарларды айналымға енгізуді, олардың айналымын және айналымнан шығаруды жүзеге асыру кезінде ТТҚ ЦЖ-ге мәліметтерді ұсынуды тауарлар айналымына қатысушы дәйекті түрде жүзеге асырады.

      52. Тауарлар айналымына қатысушының топтық қаптама туралы мәліметтерді беруі ТТҚ ЦЖ деректері бойынша топтық қаптамадағы тауарлардың әрбір бірлігі туралы мәліметтерді берумен тең деп есептеледі.

      53. Тауарлар айналымына қатысушының Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес ТТҚ ЦЖ-ға жіберген және Оператор алған барлық құжаттар мен мәліметтер ТТҚ ЦЖ-да көрсетілуге тиіс.

      54. Оператор мынадай жағдайларда тауарлар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-ға ұсынатын мәліметтерін қабылдаудан бас тартады:

      1) ұсынылған ақпаратта осы Қағидаларда көзделген дұрыс емес мәліметтер болса;

      2) мәліметтерге ЭЦҚ-мен қол қойылмаса немесе тауарлар айналымына қатысушының атынан оларға қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.

      55. Тауарлар айналымына қатысушыға тиісті хабарлама жіберу арқылы ұсынылған мәліметтердің алынғаны және олардың ТТҚ ЦЖ-ға енгізілгені туралы не мәліметтерді қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарланады. Мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға ұсынған күн болып ТТҚ ЦЖ жеке кабинетінде тіркелген күн есептеледі.

      56. Тауарлар айналымына қатысушының ТТҚ ЦЖ-ға мәліметтерді ұсыну бойынша іс-қимылдарды орындау фактісі ТТҚ ЦЖ-да мәліметтердің қабылданғаны туралы хабарламамен расталады. Аталған хабарламалар ТТҚ ЦЖ-да автоматты түрде қалыптастырылады және берілген мәліметтер ТТҚ ЦЖ-да тіркелген кезде тауарлар айналымына қатысушыға электрондық түрде жіберіледі.

      57. ТТҚ ЦЖ-ға жіберілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылығы үшін ақпаратты ұсынатын тауарлар айналымына қатысушылар жауапты болады.

      58. Таңбаланған тауарлар айналымының мониторингін қамтамасыз ету мақсатында Оператор ТТҚ ЦЖ-да мынадай мәліметтердің болуын қамтамасыз етеді:

      1) тауарлар айналымына қатысушылар туралы;

      2) сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалануға жататын тауарлар туралы;

      3) тауарлар айналымына қатысушыларға берілген таңбалау кодтары туралы;

      4) таңбаланған тауарлардың айналымы және олардың айналымнан шығарылуы туралы.

      59. Оператор ТТҚ ЦЖ шеңберінде ТТҚ ЦЖ-ның мынадай тізілімдерін жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:

      1) ТТҚ ЦЖ құжаттар тізілімі;

      2) ТТҚ ЦЖ тауарлар айналымына қатысушылар тізілімі;

      3) ТТҚ ЦЖ тауарлар айналымына қатысушылардың уәкілетті тұлғаларының тізілімі;

      4) ТТҚ ЦЖ тауарлар тізілімі;

      5) ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімі.

      60. Бұрын ұсынылған мәліметтер өзгерген жағдайда, тауарлар айналымына қатысушы өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ТТҚ ЦЖ арқылы Операторға аталған мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты жібереді.

11-тарау. ТТҚ ЦЖ-да орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу

      61. Оператор Интернет желісінде тауарлар айналымына қатысушылар үшін мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін мобильді қосымшаны әзірлейді және орналастырады:

      1) сәйкестендіру құралын оқу;

      2) ТТҚ ЦЖ-дан сәйкестендіру құралындағы ақпаратты жіберу;

      3) ТТҚ ЦЖ-дан тексерілетін тауар туралы мәліметтерді алу.

      62. Қадағалау процесінде қалыптастырылған және ТТҚ ЦЖ-да қамтылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және мынадай жағдайларда тек мынадай тұлғаларға беріледі:

      1) тауар айналымына қатысушыға тауар айналымына осы қатысушы жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде;

      2) таңбаланған тауарлар туралы статистикалық және талдамалық ақпарат ретінде мамандандырылған ұйымға немесе питомникке;

      3) осындай сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсаттары үшін;

      4) тұтынушыларға ТТҚ ЦЖ-да қамтылған тауарлардың, мамандандырылған ұйымның, питомниктің немесе тауарларды сатушының сипаттамалары туралы ақпарат ретінде беріледі.

  Киіктердің дериваттарын
(мүйіздерін) сәйкестендіру
құралдарымен таңбалау
және қадағалау қағидаларына
1-қосымшасы

      нысан

Таңбалау кодтарын алу туралы өтінім

      Айналымға қатысушы туралы мәліметтер:

      1. Ұйымның БСН ___________________________________

      2. Ұйымның атауы ___________________________________

      3. Жалпы мәліметтер: Өндірістік тапсырыс нөмірі _ _ _ _ _ (міндетті емес)

      4. Мекен-жайы _____________________________ (міндетті емес)

      5. Өндіруші ел ____________________________

      6. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі:

Таңбалау коды

Таңбалау кодтарының саны

Жеке сериялық нөмірлерді құру әдісі

Жеке сериялық нөмірлер массиві

Қаптама түрі

1

2

3

4

5

6

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ ЦЖ-да құжаттың идентификаторы __________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу _________

  Киіктердің дериваттарын
(мүйіздерін) сәйкестендіру
құралдарымен таңбалау
және қадағалау қағидаларына
2-қосымшасы

      Нысан

Қаптамаларды агрегаттау туралы ақпарат

      1. Айналымға қатысушы туралы мәліметтер (Жалпы деректер):

      Ұйымның БСН ___________________________________

      Ұйымның атауы _____________________


Агрегат деректері

Біріктірілген ТК массиві

Агрегация бірлігінің сәйкестендіру коды

Қаптама сыйымдылығы

Агрегациялық бірліктегі нақты дана саны

Сәйкестендіру коды

1

2

3

4

5

6

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ ЦЖ-дағы құжат идентификаторы ______________________________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ ____________

      Ескерту:

      ТК – таңбалау коды

  Киіктердің дериваттарын
(мүйіздерін) сәйкестендіру
құралдарымен таңбалау
және қадағалау қағидаларына
3-қосымшасы

      нысан

Қабылдау - тапсыру актісі №____________

      Жалпы ақпарат:

      1. Жіберушінің БСН ______________________________________

      2. Жөнелтушінің атауы______________________________________

      3. Алушының БСН ______________________________________

      4. Алушының атауы______________________________________

      5. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі – ____ жылғы №___ қабылдау-тапсыру актісі*

Тауардың атауы

Таңбалау коды

Мүйіз сорты

Мүйіздің ұзындығы см

1

2

3

4

5

      Құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қойылды __________________________________________

  Киіктердің дериваттарын
(мүйіздерін) сәйкестендіру
құралдарымен таңбалау
және қадағалау қағидаларына
4-қосымшасы

      нысан

Айналымнан шығару туралы хабарлама

      Айналымға қатысушы туралы мәліметтер:

      1.Ұйымның БСН ________________________________

      2.Ұйымның атауы ________________________________

      Шығу себебі: _________________________________________

      Құжат ____________ жылғы №__________

      Шығарылған өнім туралы мәліметтер:

Тауардың атауы

Таңбалау коды

Мүйіздің ұзындығы см

Мүйіз сорты

1

2

3

4

5

      Құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қойылды ____________________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ ЦЖ-дағы құжат идентификаторы ____________________________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________

  Киіктердің дериваттарын
(мүйіздерін) сәйкестендіру
құралдарымен таңбалау
және қадағалау қағидаларына
5-қосымшасы

      нысан

Айналымға қайта енгізу туралы хабарлама

      Сатушы туралы мәліметтер:

      1.Ұйымның БСН ________________________________

      2.Ұйымның атауы ________________________________

      Айналымға қайта енгізу себебі___________________

      Айналымға қалпына келтіріліп жатқан тауарлар туралы мәліметтер:

Тауардың атауы

Таңбалау коды

Мүйіздің ұзындығы см

Мүйіз сорты

1

2

3

4

5

      Құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қойылды _______________________________________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу туралы мәліметтер:

      ТТҚ ЦЖ-дағы құжат идентификаторы ____________________________

      ТТҚ ЦЖ-да құжатты тіркеу күні мен уақыты _________ __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады