"Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 155-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38294 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімі (бұдан әрі – техникалық реттеу тізілімі) – техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, жабдықтардың, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттың және техникалық реттеу саласындағы өзге де мәліметтердің цифрлық дерекқоры;";

      22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе;

      23) техникалық реттеудің цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс.";

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік нысанында сәйкестікті бағалау нәтижесін техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы аккредиттелген зертхана ресімдейді.";

      9-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өнімді сертификаттау рәсімі техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі мынадай кезеңдерді қамтиды:";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде сәйкестік сертификатын тіркеу;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. СРО, өтініш беруші, уәкілетті орган арасында жүргізілетін барлық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес киберқауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде жүзеге асырылады.

      Техникалық реттеудің цифрлық жүйесінің деректеріне қолжетімділік оны пайдаланушылар үшін уәкілетті органның веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауардың сәйкестендіру коды;"

      2) тармақшада:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шетелдік СРО берген сәйкестік сертификаттары (болған жағдайда);";

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауардың сәйкестендіру коды.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. СРО оны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні өнімді сертификаттау схемасын, техникалық регламенттің және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттың атауын, аккредиттелген зертхананы және өндіріс жағдайына талдау жүргізу үшін сарапшы-аудиторларды, кезеңдік бағалау жүргізудің кезеңділігін көрсете отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі өтінім бойынша өзінің шешімі туралы хабардар етеді.

      19. Құжаттарды талдау нәтижелері оң болған жағдайда СРО өтінім берушіні өтінім бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді және техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне шарт жобасын жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Егер өтініш беруші СРО ұсынған сәйкестікті растау рәсімдерінің талаптарымен келіскен жағдайда, электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде шарт жасалады.";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде техникалық реттеу тізілімінде тіркеумен осы Қағидалардың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімді сәйкестендіру актісін ресімдейді.";

      31-2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуын тоқтату туралы шешім техникалық реттеу тізіліміне тиісті жазба енгізіле отырып және өтініш берушіні хабардар ете отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде ресімделеді.

      Өнімді сәйкестендіру актісінің қолданылуы техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап тоқтатылды деп есептеледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өнімді сертификаттаудың таңдалған схемасы бойынша мәлімделген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыс тоқтатылады, бұл туралы СРО өтініш берушіні және уәкілетті органды техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өндірістің жай-күйін талдау нәтижелерін жібереді.

      Анықталған кемшіліктерді жойғаннан немесе өнімді сертификаттаудың өзге схемасын таңдағаннан кейін өтініш беруші жаңа өтінім ұсынады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде СРО бас тарту себептерін көрсете отырып, сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы шешімді өтініш берушіге және техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі уәкілетті органға жібереді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылданған жағдайда СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестік сертификатын қалыптастырады, ол бірегей сәйкестендіру нөмірін бере отырып, техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.

      Сәйкестік сертификаты ол тіркелген күннен бастап және тіркеу нөмірі болған жағдайда жарамды.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Сертификаттау жөніндегі материалдар және берілген сәй-кестік сертификаттарының саны туралы ақпарат оның негізінде берілген құжаттармен бірге техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде тұрақты негізде сақталады. СРО өтініш берушіні, тұтынушыларды, уәкілетті органды және басқа да мүдделі тұлғаларды сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабардар етеді.

      Сәйкестік сертификаттары туралы, оның ішінде сертификатта көрсетілген мәліметтер және оның қолданылу мәртебесі, мүдделі тұлғалар үшін ашық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде орналастырылады.";

      71-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы өтінім;";

      1) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өнім коды (кодтары) және Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауардың сәйкестендіру коды;";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Осы Қағидалардың 71-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асырады не сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны тіркеуден бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) өтініш берушіні хабардар етеді.

      Сәйкестік туралы декларация не сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы өтініш берушіге жіберіледі.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Оның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде сәйкестік туралы декларация және сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылатын материалдар техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде тұрақты негізде сақталады.";

      85-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке-дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұзақтығы, сондай-ақ қажетті сынақтарды (зерттеулерді) және сараптаманы жүргізуге арналған уақыт шығынының көлемі ҚР СТ 4038-2026 "Жеке-дара көлік құралдары. Жеке-дара көлік кұралдарының сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары" ұлттық стандартына сәйкес айқындалады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Зертхана жұмыс нәтижелерін өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасы (бұдан әрі – сынақ нәтижелері) түрінде ресімдейді және береді, сондай-ақ хаттаманы қоса бере отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде толық көлемде тіркейді.

      Сынақ нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптар МЕМСТ ISO/IEC 17025 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" мемлекетаралық стандартында айқындалған.

      Сынақ нәтижелері өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелеріне қарамастан өтініш берушіге жіберіледі, ал өнімнің сәйкестігін растау кезінде сертификаттау нысанында техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы СРО жіберіледі.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Өнімнің сертификаттау нысанында сәйкестігі расталған жағдайда СРО өтініш берушіні хабардар етеді немесе техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы сертификаттау жөніндегі жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату негіздемесімен шешім жібереді.";

      92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті ерікті растау кезінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде электрондық түрде ресімделеді.

      93. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті ерікті растау кезінде техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Қызметтерді, процестерді сертификаттау техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде СРО-ға сертификаттауға өтінім беру;

      2) қызметтерді сертификаттау схемасын таңдау;

      3) өтінім бойынша шешім қабылдау;

      4) СРО мен өтініш беруші арасында сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

      5) қызметтерді, процестерді сынауды және (немесе) қызметтерді көрсету процесін, орындаушының шеберлік процестерін бағалауды, кәсіпорынды аттестаттауды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауды жүргізу болып табылады;

      6) алынатын нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

      7) техникалық реттеу тізілімінде тіркеу;

      8) электрондық сәйкестік сертификатын беру;

      9) сертификатталған қызметке кезеңдік бағалау жүргізу (қызметтерді сертификаттау схемасына сәйкес).";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. СРО сәйкестікті бағалаудың және оларды сараптаудың оң нәтижелері кезінде сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды, сәйкестік сертификатын қалыптасты-рады және техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркейді және өтініш берушіге техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде жібереді.

      Сәйкестікті бағалау нәтижелері бойынша теріс шешім болған жағдайда, СРО себептерін негіздей отырып, сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы шешім қалыптастырады және техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде өтініш берушіге хабарлама жібереді.";

      105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Қызмет көрсету шарттарына немесе қызметтерді орындау технологиясына, олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігіне әсер ететін процестерге өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде бұл туралы сәйкестік сертификатын берген СРО-ға хабарлайды, ол жаңа сынақтар немесе тексерулер жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      106. Сертификаттық сынақтардың (тексерулердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптар сақталмаған, өтініш беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуден бас тартқан немесе бас тартқан жағдайда цифрлық жүйеде СРО өтініш берушіге сәйкестік сертификатын беруден бас тарту себептерін көрсете отырып қорытынды береді.";

      111-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Кезеңдік бағалау нәтижелері бойынша СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде акт жасайды, онда кезеңдік бағалау нәтижелерін бағалау және берілген сәйкестік сертификатының қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі, оған кезеңдік бағалауға қатысушылар мен сәйкестік сертификаты иесінің өкілі қол қояды.

      Акт сәйкестік сертификаты иесі мен СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде сақталады.";

      Кезеңдік бағалаудың оң нәтижелері кезінде СРО сәйкестік сертификатының қолданылуын растау туралы шешім қабылдайды, ал теріс нәтижелері кезінде СРО берілген сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады немесе тоқтатады.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Түзету іс-қимылдарын орындағаннан кейін СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде көрсетілетін қызметтерді орындаушыға, уәкілетті органға сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұруды алып тастау туралы хабарлама жібереді.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. СРО өтінімді техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды, өтініш берушіге шешімді хабарлайды және ол қол қойған сәйкестікті бағалау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауға өтінім беру туралы шешім қызметтерді сертификаттау схемасын көрсете отырып, осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Электрондық сәйкестік сертификаты және сертификаттау жөніндегі барлық растайтын құжаттар мен мәліметтер техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде тұрақты негізде сақталады.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Сәйкестік сертификаты ЭЦҚ пайдалана отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде қалыптастыру арқылы электрондық түрде ресімделеді және техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.";

      127-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-жол – кездейсоқ тәртіппен техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде автоматты түрде генерацияланатын, он төрт символдан тұратын және мынадай белгісі бар QR-код түріндегі сәйкестік сертификатының бірегей сәйкестендіру нөмірі:

      алғашқы екі символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

      үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – тізілімге сәйкестік сертификатының тіркелген күні (күні – екі араб санымен, айы – жазумен, жылы – араб санымен);

      4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен беріледі;";

      128-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-жол – кездейсоқ тәртіппен техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде автоматты түрде генерацияланатын, он төрт символдан тұратын және мынадай белгісі бар QR-код түріндегі сәйкестік сертификатының бірегей сәйкестендіру нөмірі:

      алғашқы екі символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

      үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – тізілімге сәйкестік сертификатының тіркелген күні (күні – екі араб санымен, айы – жазумен, жылы – араб санымен));

      4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен беріледі;";

      129-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-жол – кездейсоқ тәртіппен техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде автоматты түрде генерацияланатын, он төрт символдан тұратын және мынадай белгісі бар QR-код түріндегі сәйкестік сертификатының бірегей сәйкестендіру нөмірі:

      алғашқы екі символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

      үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – тізілімге сәйкестік сертификатының тіркелген күні (күні – екі араб санымен, айы – жазумен, жылы – араб санымен));

      4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен беріледі;";

      129-1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-жол – сәйкестік сертификатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, QR-код түрінде, ол техникалық реттеу цифрлық жүйесінде кездейсоқ тәртіппен автоматты түрде қалыптастырылады, он төрт таңбадан тұрады және мынадай түрде белгіленеді:

      алғашқы екі таңба – Қазақстан Республикасы ISO – Халықаралық стандарттау ұйымының коды бойынша әріптік код (екі бас әріп – KZ);

      үшіншіден он төртіншіге дейінгі таңбалар – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу күні (күн – екі араб цифрымен, ай – сөзбен, жыл – араб цифрларымен);

      4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі техникалық реттеу цифрлық жүйесі арқылы беріледі;";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Сәйкестік туралы декларация ЭЦҚ пайдалана отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде қалыптастыру арқылы электрондық түрде ресімделеді және техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.";

      136-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-жол – кездейсоқ тәртіппен техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде автоматты түрде генерацияланатын, он төрт символдан тұратын және мынадай белгісі бар QR-код түріндегі сәйкестік туралы декларацияның бірегей сәйкестендіру нөмірі:

      алғашқы екі символ – стандарттау жөніндегі ха-лықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

      үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код;

      3-жол – тізілімге сәйкестік туралы декларацияның қабылданған және тіркелген күні (күні – екі араб санымен, айы – жазумен, жылы – араб санымен));

      4-жол – сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен беріледі;";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестің сәйкестік сертификатын берген өнімнің, көрсетілетін қызметтің, СРО процесінің сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы мәліметтер техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы өтініш берушінің назарына жеткізіледі және техникалық реттеу тізіліміне енгізіледі;";

      146-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акт аккредиттелген СРО-ға, өтініш берушіге (өндіруші кәсіпорынға, сатушыға) және кезеңдік бағалауға қатысқан ұйымға қолжетімді техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде сақталады.";

      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу үшін техникалық реттеу тізіліміне тиісті жазбаны енгізе отырып, техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі СРО қабылдайды және өтініш берушіні, тұтынушыларды, уәкілетті органды және сертификаттауға мүдделі қатысушыларды хабардар етеді.

      Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуы тоқтатылған жағдайда СРО олардың тоқтатылғаны туралы мәліметтерді техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде уәкілетті органға жібереді.";

      165-2 және 165-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "165-2. Аккредиттелген зертхана техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде осы Қағидалардың 165-1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірін көрсетеді және аккредиттелген зертхананың көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімінің көшірмесін электрондық түрде қоса береді.

      165-3. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде техникалық реттеудің цифрлық жүйесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады, ол жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ресми электрондық поштасына жіберіледі.";

      165-5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "165-5. Тоқтатылғанның орнына шығарылған көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу туралы хабарлама техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен:";

      166-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған, жаңартылған немесе тоқтатылған деп есептеледі.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.";

      171-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте СРО техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде СРО-ның тиісті рәсімі шеңберінде сертификатталған өнімді өндірудің технологиялық процесінің және өнімге арналған техникалық құжаттаманың өзгермейтіндігі туралы дайындаушының хабарламасы болған жағдайда кезеңдік бағалауды 6 (алты) айға дейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      Сертификаттауға өтінім беру нысанында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өнім коды (кодтары) және Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауардың сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________";

      көретілген Қағидаларға 2-2, 3, 4, 4-1 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оның күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, елу бірінші, елу екінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, бір жүз қырық жетінші, бір жүз қырық сегізінші, бір жүз қырық тоғызыншы және бір жүз елуінші абзацтарын және осы бұйрыққа 2-қосымшаны қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Бижанова

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 155-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 2-2-қосымша
Өнімді сәйкестендіру актісінің
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Аккредиттеу белгісінің суреті KZ. (1)

Quick Response code (2)

      Өнімді сәйкестендіру актісі мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген 20___ жылғы "____" ________ (3) № ________________________ (4) тіркелген

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (5)

      Осы өнімді сәйкестендіру актісі тиісті түрде куәландырады

      сәйкестендірілген өнім (6)

      Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (7)

      өндірілген (8)

      техникалық регламенттердің (регламенттердің) талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуға жатады/жатпайды (9)

      Өтініш беруші (10)

      Осы өнімді сәйкестендіру актісі: (11) негізінде ресімделді

      Растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12) аты-жөні, тегі

      Сарапшы-аудитор (13) аты-жөні, тегі

      Бұл құжат Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 155-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 3-қосымша
нысан

20__ жылғы "___" ___________№ __ өтінім бойынша 20__ жылғы "__"

Үлгілерді іріктеу актісі

      Кәсіпорын ________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН) және атауы, мекенжайы)

      Мекенжайы және іріктеу орны _______________________________________

      Акт жасалды ______________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Тапсырыс берушінің немесе оның өкілінің қатысуымен __________________

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Сертификаттық сынақтар үшін ұсынылған өнімнің үлгілері сәйкес таңдалды

      _________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы)

      бойынша алынған өнім___________________________________________

      (тауар-көлік жүкқұжаты; теміржол түбіртектері №,

      келісімшарт бойынша күні; шарт №, күні)

      Дайындаушы _____________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН),

      атауы, елі, мекенжайы)

      Жеткізуші _______________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН),

      атауы, елі, мекенжайы)

      Тексерумен анықталады____________________________________________

      Сақтау шарттары__________________________________________________

      Ыдыстың, қаптаманың, ыдыстардың түрі мен жай-күйі____________________

      Орамдағы және заттаңбадағы жазулар________________________________

      Үлгілер атаумен ұсынылған өнімнен іріктеп алынды:

Ұсынылған өнім үлгілерінің атауы (түрі, маркасы, моделі)

Өлшем бірлігі

Партия нөмірі

Партия мөлшері

Партия мөлшері

Жарамдылық мерзімі

Іріктелген өнім үлгілерінің саны

Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына

Ұлттық тауарлар каталогында берілген тауарлардың сәйкестендіру коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Бақылау сынамалардың үлгілерін сақтау (талап ету) мерзімі осы актіге қол

      қойылған күннен бастап ____ ай.

      Іріктеп алынған өнімнің бақылау үлгілерінің саны _________________

      Іріктелген үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жіберілді

      __________________________________________________________________

      (сынақ зертханасының (орталығының) атауы)

      Қосымша ақпарат

Сәйкестікті растау жөніндегі органның өкілі


Аты-жөні, тегі

Аккредиттелген зертхананың өкілі


Аты-жөні, тегі

Өтініш беруші


Аты-жөні, тегі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 155-НҚ Бұйрыққа 3-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 4-қосымша
Өнімді міндетті және ерікті
сертификаттау кезіндегі
сәйкестік сертификатының
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

KZ аккредиттеу белгісінің суреті. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты

      мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің

      деректер тізілімінде тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Осы сәйкестік сертификаты өнімнің тиісті түрде сәйкестендірілгенін куәландырады (7)

      Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды (8)

      жасалған (9)

      белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді (10)

      Өтініш беруші (11)

      Сәйкестік сертификаты негізінде берілген (12)

      Қосымша ақпарат (13)

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


бас әріптер,
тегі

Эксперт-аудитор (15)


бас әріптер,
тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Өнімді міндетті және ерікті
сертификаттау кезіндегі
сәйкестік сертификатының
нысанына қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің
суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша
20___ жылғы "____" ________
№ ____________________
20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды

Quick Response code

      Сәйкестік сертификатының күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі

р / с №

Біріңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына коды

Өнімнің атауы

Дайындаушы

Өнім шығарылатын құжаттаманың белгісі






Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Өнімді міндетті және ерікті
сертификаттау кезінде
біріктірілген IAF MLA белгісін
қолдану арқылы сәйкестік
сертификатының нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Аралас IAF MLA белгісінің суреті KZ. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде

      Тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Осы сәйкестік сертификаты өнімнің тиісті түрде сәйкестендірілгенін куәландырады (7)

      Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына коды (8)

      жасалған (9)

      белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді (10)

      Өтініш беруші (11)

      Сәйкестік сертификаты негізінде берілген (12)

      Қосымша ақпарат (13)

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Өнімді міндетті және ерікті
сертификаттау кезінде
біріктірілген IAF MLA белгісін
қолдана отырып сәйкестік
сертификатының нысанына
қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХ-НИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша 20___ жылғы "____" ________ № ____________________ 20___ жылғы "____" _______ дейін жарамды

Quick Response code

      Сәйкестік сертификатының күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі

р / с №

Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына коды

Өнімнің атауы

Дайындаушы

Өнім шығарылатын құжаттаманың белгісі







Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Менеджмент жүйесінің
сәйкестік сертификатының
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

KZ аккредиттеу белгісінің суреті. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Бастапқы сертификаттау күні 20___ жылғы "____" ________ (6)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (7)

      Осы сертификат берілді (8)

      және куәландырады (9)

      қатысты (10))

      талаптарға сәйкес келеді (11)

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (13)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Менеджмент жүйесінің
сәйкестік сертификатының
нысанына қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

сәйкестік сертификатына қосымша 20___ жылғы "____" ________
№ ____________________ 20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды

Quick Response code

      Сәйкестік сертификатының күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі

№ п/п

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жүктеуіші коды

Менеджмент жүйесін сертификаттау саласы




Сәйкестікті растау жөніндегі ор-ганның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Біріктірілген IAF MLA белгісін
қолдана отырып, менеджмент
жүйесінің сәйкестік
сертификатының нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХ-НИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

IAF MLA KZ біріктірілген белгісінің суреті. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Бастапқы сертификаттау күні 20___ жылғы "____" __________ (6)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (7)

      Осы сәйкестік сертификаты берілді (8)

      және куәландырады (9)

      қатысты (10)

      талаптарға сәйкес келеді (11)

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (13)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Біріктірілген IAF MLA белгісін
қолдана отырып, менеджмент
жүйесінің сәйкестік
сертификатының нысанына
қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХ-НИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша 20___ жылғы "____" ___________ № ____________________ 20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды

Quick Response code

      Сәйкестік сертификатының күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі

р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші коды

Менеджмент жүйесін сертификаттау саласы




Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қызметтерге сәйкестік
  сертификатының нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

KZ аккредиттеу белгісінің суреті. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Қызметті орындаушы (7)

      Қызметтің атауы (8)

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші коды (9)

      талаптарға сәйкес келеді (10)

      сәйкестік сертификаты негізінде берілген (11)

      Кезеңдік бағалауды жүзеге асыратын ұйым (12)

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қызметтерге арналған сәйкестік
сертификатына қосымшаның
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша 20___ жылғы "____" ________ № ____________________ 20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды

Quick Response code

р/с №

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші коды

Қызметтің атауы

Сертификаттау кезінде расталатын қызмет сипаттамаларын регламенттейтін құжаттаманы белгілеу

Қызмет санаттары







Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

Сарапшы-аудитор (15)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 155-НҚ
Бұйрыққа 4-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 4-1-қосымша
Процестік сәйкестік
сертификатының нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Аккредиттеу белгісінің суреті KZ. (1)

Сәйкестік белгісінің суреті

Quick Response code (2)

      Сәйкестік сертификаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген

      20__ жылғы "__" _____ (3) № _____ (4) 20____ жылғы "__" _____ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Осы сәйкестік сертификаты куәландырады,

      бұл процесс (7)

      Өтініш беруші (8)

      талаптарға сәйкес келеді (9)

      сәйкестік сертификаты (10) негізінде берілген

      Қосымша ақпарат (11)

      Бұл сертификат сәйкестікті міндетті растау құжаттарын және сәйкестікті бағалау объектісінің қауіпсіздігін куәланды-ратын рұқсат құжаттарын алмастырмайды

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)


аты-жөні, тегі

Эксперт-аудитор (13)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Процестің сәйкестік
  сертификатына қосымшаның
нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

Сәйкестік сертификатына қосымша 20___ жылғы "____" ________ (3) № _________________________ (4) 20__ жылғы "___" ________ дейін жарамды (5)

Quick Response code

№ п/п

Процестің атауы

Сертификаттау кезінде расталатын процестің сипаттамаларын реттейтін құжаттаманы белгілеу









Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (12)

аты-жөні, тегі

Эксперт-аудитор (13)

аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 155-НҚ Бұйрыққа 5-қосымша
Сәйкестікті бағалау
қағидаларына 5-қосымша
Сәйкестік туралы
декларацияның нысаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

KZ аккредиттеу белгісінің суреті. (1)


Quick Response code (2)

      Сәйкестік туралы декларация техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі деректерінің тізілімінде тіркелген

      20___ жылғы "____" ________ (3)

      № ____________________ (4)

      20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды (5)

      Сәйкестікті растау жөніндегі орган (6)

      Ұйым (7)

      атынан (8)

      өзінің айрықша жауапкершілігімен өнімнің (9)

      талаптарға сәйкес келетінін мәлімдейді (10)

      негізінде қабылданды (11)

      Қосымша ақпарат (12)

Ұйым басшысы немесе жеке кәсіпкер (13)


аты-жөні, тегі

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)


аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

  Сәйкестік туралы декларация
  нысанына қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Сәйкестік белгісінің суреті

Сәйкестік туралы декларацияға қосымша 20___ жылғы "____" ________ № ____________________ 20___ жылғы "____" ________ дейін жарамды

Quick Response code

      Сәйкестік туралы декларацияның күші қолданылатын нақты өнімнің тізбесі

р/с №

Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатура коды

Өнімнің атауы

Дайындаушы

Өнім шығарылатын құжаттаманың белгіленуі






Ұйым басшысы немесе жеке кәсіпкер (13)

аты-жөні, тегі

Сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (14)

аты-жөні, тегі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі Кодекс) талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осы құжат Кодекстің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Электрондық құжаттың қолданылу мәртебесін және түпнұсқалығын мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде интернет желісі арқылы тексеруге болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады