Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 сәуірде № 38268 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 59 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі – эмиссиялардың негізгі стационарлық көздеріндегі қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес нақты уақыт режимінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің цифрлық жүйесіне деректер беруді қамтамасыз ететін өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесін жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қамтамасыз етеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Объект операторы "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне осы Қағидалардың 12, 13, 14 және 17-тармақтарына сәйкес әрбір 20 (жиырма) минут сайын орташаланған нақты эмиссиялар мен олардың параметрлері туралы дәйекті ақпаратты үздіксіз беруді қамтамасыз етеді. Объектінің операторына деректерді беруде ақаулар болған жағдайда "цифрлық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі арқылы кәсіпорынның электрондық поштасына қайта жіберіледі.";

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның цифрлық жүйесіне деректер беру жөнінде қызметтер көрсететін бөгде ұйымдардың бағдарламалық қамтылымы мен аппараттық құралдары жатады.";

      29-тармақтың 2) және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ластағыш заттардың әрбір 20 (жиырма) минут үшін орташаланған өлшеу нәтижелері туралы ақпарат беруді қамтиды. Ақпарат жіберу "Цифрлық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 16777 болып тіркелген) № 123 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "4) уәкілетті орган цифрлық жүйесіндегі өндірістік объектілерді және ластаушы заттар шығарындыларының және ластаушы заттар төгінділерінің әрбір нақты көзін сәйкестендіруін;".

      2. "I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімдік есептерді қалыптастыру және ұсыну бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының орындалуы туралы есеп тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесіне ұсынылады.

      ӨЭМ нәтижелері бойынша жылдық есептер есепті кезең аяқталғаннан кейін үш ай ішінде уәкілетті органның цифрлық жүйесіне ұсынылады.".

      3. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 1 көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім жібереді.";

      14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. 1-көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      19 және 20-тармақтардың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. 2-көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

      реттік нөмірі 8-жолдың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі


13) мемлекеттік орман иеленудің және орман орналастырудың орман орналастыру жобалары және (немесе) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екіншісіне ауыстыру үшін арнайы зерттеулер жағдайында, сондай-ақ келесі құрамда орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін ерекше қорғау учаскелерін бөлу:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №17-02/566 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген) орман орналастыруды жүзеге асыру, орман пайдалану немесе орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі электрондық құжат нысанындағы материалдар.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімі бар көзделіп отырған қызмет жобаларына рұқсаттар, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары және эмиссиялар нормативтері туралы мәліметтерді 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 6-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

      реттік нөмірі 8-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі


2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрдегі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлері үшін жобалық құжаттар болған жағдайда:
электрондық құжат нысанында жобалық құжаттар.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімімен және эмиссиялар нормативтерімен белгіленген қызмет жобаларына рұқсаттар, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      4. "Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Кешенді экологиялық рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб – порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) беру арқылы жүгінеді.

      "Кешенді экологиялық рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі қызметті алушы жүгінген кезде Тізімнің 8 тармағында анықталған.";

      5-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарын, экологиялық рұқсаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      18-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), экологиялық рұқсаттар туралы мәліметтерді КЭР беру жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. "I санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб – порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) беру арқылы жүгінеді.

      "I санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе 2) осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі қызметті алушы жүгінген кезде Тізбе 2-нің 8 тармағында анықталған.";

      36-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";

      49-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      49. "II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб – порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) беру арқылы жүгінеді.

      50-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, экологиялық рұқсаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      57-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, рұқсаттар, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру жөніндегі орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы Нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібіне 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібіне 7-қосымшада:

      ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. I және II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатта белгіленген жалпы көлемдер мен ингредиенттер бойынша эмиссиялар, қалдықтарды жинақтау мен көму, күкіртті орналастыру лимиттері I және II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген күннен бастап мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Қалдықтарды жинақтау және көму, күкіртті орналастыру эмиссияларының лимиттерін айқындауға арналған әдіс

      М = (L / С) x N, М = (.../...) х..... = тонна

      мұнда М - сұрау салынатын кезеңге арналған лимит кезеңнің басынан аяғына дейін белгіленеді;

      L-жалпы есептелген нормативтік көлем;

      N-жылына көздердің (жабдықтардың) қалған жұмыс күндерінің саны;

      С-күндердің нормаланған саны.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, дербес деректерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) көзделіп отырған қызметке қатысты – I және II санаттағы объектілер үшін салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытындыны;

      3) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;

      4) эмиссиялар нормативтерінің жобасы;

      5) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;

      6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;

      7) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;

      8) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).

      Заңды тұлғаның басшысы (жеке кәсіпкер)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы:

      ________________________________________________________________

      202__ жылғы "___" __________

      Электрондық цифрлық қолтаңба үшін орын (қолтаңбасы)";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібіне 8-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Құрылысқа және (немесе) пайдалануға әсер етуге рұқсат бірге де, жеке де беріледі.
Көзделіп отырған қызметке I санаттағы объектілердің құрылысына қатысты қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын алу үшін ұсынылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі І санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
7) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
8) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
9) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
I санаттағы объектіні пайдалану үшін әсер етуге рұқсат алуға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
7) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
8) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
9) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш;
2) әсер етуге қайта ресімделетін рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарын, экологиялық рұқсаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібіне 11-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Құрылысқа және (немесе) пайдалануға әсер етуге рұқсат бірге де, жеке де беріледі.
Көзделіп отырған қызметке ІІ санаттағы объектілердің құрылысына қатысты қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын алу үшін ұсынылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5)өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
6) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
7) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
8) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
ІІ санаттағы объектіні пайдалану үшін әсер етуге рұқсат алуға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
3) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4)өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
6) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
7) ІІ санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
8) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
9) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш;
2) әсер етуге қайта ресімделетін рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарын, экологиялық рұқсаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады