ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау қағидаларында:
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"eQonaq" цифрлық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында;".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
