"Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38257 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау қағидаларында:

      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "eQonaq" цифрлық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 363 "Об утверждении перечня труднодоступных местностей, водных, горных и спелеологических объектов, связанных с повышенным риском для жизни, и правил информирования территориальных органов уполномоченного органа в сфере гражданской защиты"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 31 марта 2026 года № 142. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2026 года № 38257

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 12.07.2026

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 363 "Об утверждении перечня труднодоступных местностей, водных, горных и спелеологических объектов, связанных с повышенным риском для жизни, и правил информирования территориальных органов уполномоченного органа в сфере гражданской защиты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36696) следующее изменение:

      в Правилах информирования территориальных органов уполномоченного органа в сфере гражданской защиты о маршрутах передвижения по труднодоступной местности, водных, горных и спелеологических объектов, связанных с повышенным риском для жизни, утвержденных указанным приказом:

      абзац второй пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "в цифровой системе "eQonaq" и ее мобильного приложения;".

      2. Департаменту ликвидации чрезвычайных ситуаций Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство туризма и спорта

      Республики Казахстан