"Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 26 наурыздағы № 144-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 наурызда № 38226 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;";

      2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект;

      6) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;";

      4-тармақта:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер.";

      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "импортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.
2) "экспортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін алым Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Алым ставкалары: лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-0807777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicens.kz. арқылы жүзеге асырылады

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-77-77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.beta.egov.kz,
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Бижанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 наурыздағы
№ 144-НҚ бұйрығына
1-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__жылғы. "__"______ ________(қолы).

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 наурыздағы
№ 144-НҚ бұйрығына
2-қосымша
"Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__жылғы. "__"______ ________(қолы).

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың, бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беруге өтініштерді ресімдеу жөніндегі қағидаларына 1 қосымшасының Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар өтініштерді рәсімдеу және сондай лицензияларды рәсімдеу нұсқаулығына сәйкес қатаң толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады