ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған цифрлық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1. Осы Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) цифрлық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.".
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
