"Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 наурызда № 38191 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) – мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.

      5) Геология саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – Оператор) – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы, ол мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеуді, жинақтап қорытуды және беруді жүзеге асырады.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алуды және сақтауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйеге келтіруді, жинақтап қорытуды және беруді Оператор жүзеге асырады.

      4. Оператор кейіннен мүдделі тұлғаларға беру үшін мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.

      5. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоспағанда, ЖҚПБП жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Оператор жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Электрондық түрде геологиялық ақпараттың есепке алынуы ЖҚПБП арқылы жүзеге асырылады.

      Ұйым қызметкерлерінің пайдалануы үшін және жеке тұлғалардың оқу залында пайдалануы үшін қоймадан берілетін барлық құжаттар құжаттарды беру кітаптарында тіркелу жолымен есепке алынуы тиіс.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Геологиялық материалдарды жүйелеу ЖҚПБП және қағаз жеткізгіштерде каталогтарды, есеп карточкалары мен картограммаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Электрондық каталогтар ЖҚПБП арнайы іздеу модулінде құрастырылады.";

      32-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. ЖҚПБП жүйесінде зерделеу карточкалары есепке алынбаған жағдайда, Оператор геологиялық есептерді сақтауға қабылдамайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Есепке алу карточкаларының түсуіне қарай Оператормен оларды есепке алу жүзеге асырылады. Келіп түскен есепке алу карточкаларын тіркеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасалатын түгендеу кітаптарында жүргізіледі.";

      44-тармақ алып тасталсын;

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Оператор "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 77-бабының 3-тармағына сәйкес алынған құпия геологиялық ақпаратты ашады.";

      48-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін он тоғызыншы және жиырма екінші абзацтарды қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ 122 Бұйрыққа
қосымша
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
6-қосымша

"ҰГҚ" АҚ геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі геология саласындағы Ұлттық операторға геологиялық ақпараттың көшірмелерін/телнұсқаларын алуға өтініш шығыс №_____________________

      Геологиялық ақпарат тізбесі:

Түгендеу №

Автор/объектінің атауы

Геологиялық ақпараттың атауы

Құрастыру/іріктеп алу жылы

1





2





3





      Геологиялық ақпараттың түрі:

      ________________________________________________________________

      (қайталама/бастапқы)

      Жеткізгіштің түрі: ________________________________________________

      (жасанды/табиғи)

      Алу тәсілі: __________________________________________________________

      (Интернет-порталынан жүктеп алу, жасанды/табиғи жеткізгіштерде тапсырыс

      бойынша)

      Жеткізу қажеттілігі: __________________________________________________

      ((жеткізу мекенжайын көрсету)қажет/қажет емес)

      ______________________________ _______________________________

      Жеке тұлғаның ТАӘ (бар болса) Мөр орны (бар болса)

      (қолы, күні) немесе заңды ( тұлғаның атауы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады