"Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 наурызда № 38175 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 49-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Заң) сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізбейтін және қаржылық есептілікті жасамайтын дара кәсіпкер-борышкердің коэффициент көрсеткіштерінің есептеуін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) нысандарға сәйкес жасалған бастапқы есепке алу құжаттары пайдаланылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның салықтық есебі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 562 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 37054 болып тіркелген) бекітілген Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына қағидаларына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады