Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37054 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 202-бабы 4 және 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 562 Бұйрықпен бекітілген

Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 202-бабы 4 және 7-тармағына, сондай-ақ "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Заңның 2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге (бұдан әрі – дара кәсіпкер) қолданылады.

      3. Осы Қағидалар дара кәсіпкердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Салықтық есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

      4. Дара кәсіпкер салықтық есепке алуды ұйымдастыруды, оның ішінде бастапқы есепке алу құжаттарын жасауды, сақтауды, сондай-ақ түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

      5. Операциялар мен оқиғалар бастапқы есепке алу құжаттарының түпнұсқаларын қоса бере отырып, салықтық есепке алуды көрсетіледі.

      6. Дара кәсіпкер операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді. Операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды дара кәсіпкердің өзі және (немесе) дара кәсіпкер уәкілеттік берген тұлға-кассир жүзеге асырады.

      7. Бастапқы есепке алу құжаттарына қол қоюға құқығы бар қызметкерлерді айқындау Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Жоғарыда көрсетілген құжат болмаған кезде бастапқы есепке алу құжаттарына қол қою құқығына және оларда операцияларды көрсетудің дұрыстығына жауапкершілік дара кәсіпкерге жүктеледі.

      8. Дара кәсіпкер салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшкен кезде тіркелген активтердің түсуі Салық кодексінің 278-бабына сәйкес есепке алынады.

3-тарау. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі

1-параграф. Есепке алу құжаттамасы

      9. Дара кәсіпкер Салық кодексінің 20 және 21-тарауында көзделген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.

      10. Салық кодексінің 202-бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің есепке алу құжаттамасы:

      бастапқы есепке алу құжаттарын;

      салықтық тіркелімдерді;

      салықтық нысандарды;

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер үшін салықтық есепке алу саясатын (бұдан әрі – салықтық есепке алу саясаты);

      салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

      11. Есепке алу құжаттамасын сақтау Салық кодексінің 206‑бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Құжаттар жоғалған (ұрлау, бүліну, жойып жіберу) немесе бүлінген (өрт, су басу, дүлей апат) жағдайда, дара кәсіпкер олардың жоғалу немесе бүліну себептерін тексереді және кінәлі адамдарды анықтайды.

      Комиссияның жұмыс нәтижелері бойынша акті ресімделеді, оны дара кәсіпкер бекітеді. Актіде: оқиға орны мен себептері, сыртқы зақымдану сипаты егжей-тегжейлі сипатталады, жоғалған (зақымдалған) құжаттардың тізбесі жасалады, бастапқы құжаттардың сақталуына жауапты адамдар көрсетіледі. Бұл адамдардан комиссия болған жағдай туралы жазбаша түсініктеме алады. Актіге құжаттардың жоғалғанын (ұрланғанын, бүлінгенін, жойылғанын) немесе бүлінгенін (өрт, су басу, дүлей апат) растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаттары қоса беріледі.

      Құжаттар жоғалған жағдайда дара кәсіпкер оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

2-параграф. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысаны және оларды жасауға қойылатын талаптар

      13. Салық кодексінің 218-бабы 2) тармақшасына сәйкес салық есепке алуды жүргізу мақсатында дара кәсіпкер бастапқы есепке алу құжаттарын жасайды.

      14. Дара кәсіпкерлердің бастапқы есепке алу құжаттарын жасауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте, бастапқы есепке алу құжаттары бухгалтерлік есеп шоттары көрсетілмей мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жасалады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандары және оларға қойылатын талаптар бекітілмеген бастапқы есепке алу құжаттарын дара кәсіпкер Заңның 7-бабы 3-тармағына сәйкес дербес әзірлейді.

3-параграф. Салықтық тіркелімдер мен салықтық нысандар

      16. Салықтық тіркелімдер Салық кодексінің 202-бабы 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

      17. Дара кәсіпкердің салықтық тіркелімдері:

      1) Салық кодексінің 202-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында олар белгілеген нысандар бойынша дара кәсіпкер дербес жасайтын салық тіркелімдерін;

      2) Салық кодексінің 205-бабы 5-тармағына сәйкес дара кәсіпкер жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

      18. Салықтық нысандарға салықтық өтініш, салықтық есептілік жатады.

      Салықтық нысандарды жасау тәртібі мен сақтау мерзімі Салық кодексінің 9-тарауында қарастырылған.

4-параграф. Салықтық есепке алу саясаты

      19. Салықтық есепке алу саясаты дара кәсіпкер бекітетін, салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      20. Осы Қағидаларда қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық есепке алу саясаты, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және Заңға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізетін, қаржылық есептілік жасайтын дара кәсіпкерлерге де қолданылады.

4-тарау. Түгендеу жүргізу тәртібі

      21. Салықтық есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында дара кәсіпкер айқындаған тәртіпте активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізіледі.

      22. Орналасқан орнына қарамастан, сондай-ақ дара кәсіпкерге тиесілі емес, бірақ жауапты сақтаудағы, шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссияға қабылданған барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және міндеттемелердің барлық түрі түгендеуге жатады.

      23. Дара кәсіпкер мүліктің орналасқан орны бойынша:

      1) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;

      2) дүлей апат, өрт, авария жағдайларын немесе экстремалдық жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайларда;

      3) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасауға көшкен кезде міндетті түрде түгендеу жүргізеді.

      24. Есептеу, өлшеу және салмақтау нәтижелері түгендеу тізімдемесіне түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күні мүліктің іс жүзінде болуын растайтын құжатқа енгізіледі, оған дара кәсіпкер қол қояды.

      25. Дара кәсіпкердің меншік құқығына тиесілі емес мүлікке, бірақ онда тұрған мүлікке, сондай-ақ жарамсыз болып қалған мүлікке жеке түгендеу тізімдемелері жасалады.

      26. Салықтық есепке алу деректерімен мүліктің іс жүзінде болуын түгендеу кезінде анықталған артық материалдық құндылықтар Салық кодексінің 724-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салықтық есепке алуда кіріс деп танылады.

  Салықтық есепке алуды
ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларына қосымша
нысан

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясаты

      ___________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)/атауы)

      1. Жеке сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________________

      2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 220-бабы

      2-тармағына сәйкес запастардың өзіндік құнын айқындау әдісі *

      ___________________________________________________________________

      4. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі **

      1) _________________________________________________________________

      2) _________________________________________________________________

      3) _________________________________________________________________

      5. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара

      кәсіпкерлер салықтық есепке алуды жүргізуді Салық кодексінің 205-бабына сәйкес

      салықтық тіркелімдерде жүзеге асырады.

      6. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам

      ___________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      ____________________________________________________________________

      (Лауазымының атауы)

      7. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы "__" _______

      Ескертпе:

      * "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер ғана толтырады;

      ** Салық кодексінің 205-бабы 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салықтық тіркелімдерге дара кәсіпкерлер дербес әзірлеген қосымша салықтық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Заңның 2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын, тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ Салық кодексінің 220-бабы 2-тармағына сәйкес орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.

  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 562 Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16374 болып тіркелген).

      2. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 98 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16388 болып тіркелген).

      3. "Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 1040 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24785 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады